Ш 72 Түркі тілдерінің вокализм жүйесі. Оқу құралы/ Шнайдер В. А. – Нұр-Сұлтан қ.: «Тұран-Астана» унив. Баспаханасы. 2019. 126 б


Күрделі сөздердегі дауысты дыбыстардың үндесуі



Pdf көрінісі
бет59/80
Дата03.02.2022
өлшемі1,25 Mb.
#24763
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   80
 
Күрделі сөздердегі дауысты дыбыстардың үндесуі. 
 
Қазіргі қазақ тілі сөз байлығының едәуір бөлегін күрделі сөздер 
құрайтыны белгілі. Сол күрделі құрама түбірлердің ішінде жасалу 
ерекшелігімен  айрықша  көрінетін  бір  тобы  еңбектерде  біріккен, 
кіріге  біріккен  немесе  кіріккен  сөздер  деп  аталып  жүрген  сөздер 
тобы.  Күрделі  сөздердің  бұл  түрінің  қалыптасып  дамуында  әсер 
еткен  бірден  бір  фактор  –  сөздің  күрделенуіне  араласатын 
фонетикалық  фактор  болып  табылады.  Яғни,  басқа  тілмен 
айтқанда,  түркі,  оның  ішінде  қазақ  тілінде  көнеден  орын  алған 
үндестік  заңының  араласуы  нәтижесінде  сыртқы  тұлғасының 
өзгеруінен қалыптасқан сөздер болып табылады. 
В.В.  Радлов  еңбегінің  60,  61  тарауларында  өзі  өмір  сүрген 
дәуірдегі 
түркі 
тілдеріндегі 
бұл 
құбылыстың 
қалай 
қалыптасқандығын,  кіріккен  сөздер  құрамындағы  компоненттік 
дауысты  дыбыстардың  сөз  күрделенуінде  атқаратын  рөлін, 
олардың  ерін  және  тіл  үндестігіне  қатыстылық  позицияларын 
толық  айқындап,  өте  дұрыс  көрсетіп  кеткен.  Ол  жалпы  түркі 
тілдеріндегі  сөздің  күрделенуі,  күрделі  сөз  сыңарларының  сөз 
табына қатыстығы мен үндестік заңының сөз күрделенуіндегі орны 
жайлы былай дейді: 
«Зат есім мен етістік түбірлерінің жалпылама бірге қолданылуы 
түркі  тілдерінің  барлығында  кездесетін  құбылыс.  Бұндай  бірге 
тұрған сөз нағыз күрделі сөз ретінде тек, егер дауыстылар үндесуі 
нәтижесінде әр түрлі элементтері аглюнативті процесс нәтижесінде 


87
 
біріктірілген 
сөздер 
ғана 
қарастырылады. 
Бұлар 
Алтай 
диалектісінде:  Рī-tura  (Вijа-Stаdt  =  Вiisk),  taš-üі  (тас  үй),  аłtуп  = 
jüzuk  (алтын  жүзік)  және  Абақан  диалектісінде:  аł-käl-tǐr  (алып 
кел), küräs-šаdуr (күрес). Көптеген бірге қолданылған сөздердің сөз 
басы мен аяғындағы дауыстылар кейбір сөздерде бір-бірімен кірігіп 
немесе өзгеріп кетеді. Мысалы, рäž-оп (Төлеуіт (елу), аłt-оп аłtу-
оп (алпыс) немесе аqkäl аł-kаl (әкел). Бұл жерде нақты күрделі сөз 
туралы  әңгіме  айту  қиын,  өйткені  бұндағы  дауыстылар 
диалектілердің  үндестік  заңына  сай  келмейді.  Нағыз  күрделі  сөз 
түркі  тілдерінде  кездесетін  сирек  құбылыс,  олай  дейтін  себебіміз 
түркі  түбірлерінде  дауысты  дыбыстың  тұрақтылығы  басым  және 
сыртқы әсерге бағынбайды. 
Құрамында  дауысты  дыбыстары  не  палаталь  (езулік),  не 
лабиалды (еріндік)-аффинитеті жағынан әр түрлі топқа жататын екі 
сөздің бірігуі үш жолмен іске асады: 
1)  Бірігу  барысында  бірінші  сөздің  дауысты  дыбысы  күрделі 
сөздің  түбіріндегі  дауыстының  қызметін  қабылдайды,  ал  екінші 
компонент  ретінде  қолданылатын  сөздің  дауысты  дыбыстары 
түбірге  жалғанған  қосымшаның  дауысты  дыбысы  тәрізді  түбір 
сөзге бағынады. Соның нәтижесінде келесі сөздер жасалады: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет