Ш 72 Түркі тілдерінің вокализм жүйесі. Оқу құралы/ Шнайдер В. А. – Нұр-Сұлтан қ.: «Тұран-Астана» унив. Баспаханасы. 2019. 126 б



Pdf көрінісі
бет73/80
Дата03.02.2022
өлшемі1,25 Mb.
#24763
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   80
ситец  сөзі  шыт,  тьюрма  сөзі  түрме,  гаупвахта  сөзі  абақты 
(В.В.  Радлов  бойынша),  печь  сөзі  пеш,  меш,  ярмарка  сөзі 
жәрмеңке т.б. Бұның себебін А.Н. Баскаков былай деп түсіндіреді: 
«Многие  тюркоязычные  народы  СССР  в  те  времена  были  почти 
поголовно  неграмотными,  русские  слова  они  воспринимали  на 
слух приблизительно»/39,17/. 
Орыс тілінен ертеректе енген сөздердің түркі тілдерінің негізгі 
заңдылығына бейімделуі жалпы түркі тілдеріне тән құбылыс екені 
сөзсіз.  Оған  мысал  ретінде  қазіргі  қазақ  және  башқұрт  тілдеріне 
енген  орыс  тілінің  сөздерін  орыс  тіліндегі  дыбысталуымен 
салыстыру арқылы көз жеткізуге болады. 
 
орыс тіліндегі 
дыбысталуы 
қазақ тіліндегі 
дыбысталуы 
башқұрт тіліндегі 
дыбысталуы 
уьезд 
ояз 
өйәз 
урядник 
үрәтнік 
үрәтник 
комиссия 
кәмісійә 
көмисиә 
ячмень 
ешмен 
йәшмин 
керосин 
кәрәсін 
кәрәсин 
чугун 
шөгөн 
сөгөн 
самовар 
самауыр 
самауыр 
кровать 
кереует 
карауат 
конфета 
кәмпит 
кәмфит 
чай 
шәй 
сәй 
галоша 
гәлөш 
галуш 
доктор 
доғдыр 
духтыр 
газета 
гәзет 
гәзит 
генерал 
жандарал 
янарал 
офицер 
әпійсер 
әфисер 
льгота 
үлгөт 
өлгөт 
приказчик 
пірійкәшшік 
прикәшшик 
 
Жалпы  қазіргі  қазақ  тілінде  қолданылып  жүрген  араб-парсы 
тілінен  енген  сөздер  мен  орыс  тілі  арқылы  енген  сөздер  тілдің 
үлкен бір бөлегін құрап жүр. 
Сол  дәуірдің  өзінде-ақ  кірме  сөздердің  дыбыстық  жақтан 


113
 
құбылуы  туралы  түсінік  бергенде  орыс  ғалымдары  өкінішке  орай 
тек  халық  сауатсыздығы  деп  түсіндірумен  ғана  шектеп  айтылған 
пікірлер  де  жоқ  емес.  М.П.  Мелиоранский  былай  дейді: 
«Что косается  до  арабских  и  персидских  слов,  то  они  пишутся 
учеными  киргизами  так  же  как  в  арабском  и  персидском  языках, 
мнение  ученые  нередко  пишут  их  совершенно  неправильно, 
сообразуясь  с  народным  произношениям»  /19,11/.  Бірақ  біздің 
көзіміз  жетіп  отырғаны  сөздің  фонетикалық  құбылуы  Н.  Баскаков 
айтқандай  сауатсыздықтың  салдары  емес,  тілдегі  сол  дәуірде 
өктемдік  көрсетіп  тұрған  үндестік  заңының  нәтижесі  екен. 
Үндестік  заңның күштілігі  ғана басып алу  әрекетіндегі сөзді  өзіне 
толық  бағындыра  алады.  Бұл  заңның  күштілігі  туралы  айтқанда 
«ертеректе  енген  араб-парсы  сөздерін  айтпағанда,  орыс  тілінен 
енген сөздердің де аралас буын қалпынан ажырап, бірыңғай (жуан 
не жіңішке) буынды болып қалыптасты: бәтеңке (ботинка), бөрене 
(бревно),  кәмпит  (конфет),  көшір  (кучер),  нөмір  (номер),  резеңке 
(резинка).  сәтен  (сатин)»  /38,116/  сөздерінің  түрленуін  еске  алса 
жеткілікті. Яғни бұл сөздердің барлығы дерлік қазіргі қазақ тілінің 
даму 
динамикасында 
толығымен 
оның 
грамматикалық 
заңдылықтарына бағынған тұлғалар болып табылады. Алайда қалай 
дегенмен  кірме  сөздердің  өзгеру  ара  салмағын  басқа  түркі 
тілдерімен  салыстыру  барысында  назар  аударатын  жай  басқа 
тілдерден гөрі қазіргі қазақтың тілінде артикуляцияға  бейімделген 
сөздердің  сан  жағынан  аз  екендігін  байқауға  болады.  Мысалы, 
қазақ тілінде: «станция, карниз, шляпа, портрет, конверт, офицер, 
полковник, бригадир, взвод, түрінде келсе, башқұрт тілінде станса, 
кәрнис,  эшләпә,  батрит,  кәнвирт,  әфисәр,  палкауник,  балғадир, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет