Вестник КГУ им. Ш. Уалиханова ISSN 1608-2206 Серия филологическая, № 4, 2019
86
барлық халықтардың ішінде немістердің қазақ тілін тез игерді, қазақ мәдениетін қабылдап
және елдің жергілікті тұрғындарымен тығыз байланыста өмір сүрді. Кеңес жылдарында
немістер Көкшетау және Целиноград облыстарысекілді республиканың солтүстік
аймақтарында тығыз қоныстанған болатын. Соның бірі, тауық өсіру бойынша Целиноград
өндірістік бірлестігінің Бас директоры, Социалистік Еңбек Ері, «АЛЖИР» саяси
репрессиялар музейінің негізін қалаушы Иван Шарф болып табылады. Қазақ мектебінің
түлегі Иван Шарф 1986 жылы Алматы қаласындағы желтоқсан оқиғасы кезінде қазақ
тілін мәселесін алғаш рет көтерген еді, және де Ақмола облысы, Целиноград ауданы,
Малиновка селосында алғашқы қазақ мектебін ашты. 1980 жылдардың соңында Солтүстік
Қазақстанда қазақ тілінің жағдайы қайғылы болды, өйткені қазақ мектептері аз еді.
Сондықтан, оның қадамы шешімді, әрі батыл деуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: