Шағын бизнеске арналған 100 жоба 2019 МазМұны Кіріспе


 Тапсырыс бойынша жиһаз және сұйық Тас Өндіру цеХін ашу



Pdf көрінісі
бет157/636
Дата31.12.2021
өлшемі24,3 Mb.
#23298
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   636
23. Тапсырыс бойынша жиһаз және сұйық Тас Өндіру цеХін ашу
жоба сауалнамасы:
Инвестициялық жоба мақсаттары: тапсырыс бойынша жиһаз және сұйық тас өндіру цехін құру.
Өнімі: тапсырыс бойынша ас үй гарнитурасы және жиһаз, шкафтар және т.б.
Жоба құны: 5 000 000 теңге.
Өзін өзі ақтау мерзімі: 2,2 жыл.
жоба тұжырымдамасы 
Жоба тұжырымдамасы тапсырыс бойынша жиһаз және сұйық тас өндіру цехін құруды көздейді.
Бүгінгі таңда нарық сарапшыларының бағалауы бойынша, ас үй гарнитурасы 5-7 жылда бір рет, ал кеңсе жиһазы 3-4 
жылда бір рет ауыстырылады. Ішінара немесе күрделі жөндеу, тұрмыстық техниканы ауыстыру, жаңа функционалдық 
элементтердің пайда болуы – жаңа жиһаз таңдау себептері болып табылады. Бұл көп ақшаның кілті. Тапсырыс бойынша 
жиһаз жасау жиһаз нарығының айтарлықтай үлесін қамтуда. Онда ірі жиһаз корпорациялары және жеке кәсіпкерлер табы-
сты жұмыс атқаруда. Екі ендік секілді – бір біріне жанаспайды, себебі әрбірінің өзінің өткізу нарығы бар. Жиһаз зауытта-
рын тапсырыстардың жаппай партиялары қызықтырады (қарапайым мысал – жаңадан салынған үйлерге, жатақханаларға 
жиһаз үшін ас үй гарнитураларын сериялы әзірлеу). Тіпті эксклюзивті және қымбат тұратын жиһаздың бір данасын жасау 
үшін тұтас өндірістік желіні қайта баптау тиімсіз. Сондықтан жеке және азсериялы тапсырыстарды шағын өндірістер 
және жеке кәсіпкерлер жақсы жасайды. 
Қазіргі таңда кеңсе жиһазын интерьерлік және дизайнерлік сипаттарын ескере отырып, қолайлылық, сенімділік және 
функционалдылық көзқарасынан қарайды, себебі біз таңдаған жиһаз жалпы стильге сәйкес келуі және нақты кеңсенің 
жалпы идеясына жауап беруі тиіс.
Қеңсе жиһазы қызмет етуі және мінсіз әлпетке ие болуы тиіс. Бұл қорытындының өзектілігі елде өмір деңгейінің ай-
тарлықтай өсуімен расталады. Ал өзін және өзінің қызметкерлерін құрметтейтін әрбір басшы кеңсеге арналған жиһазға 
ақша үнемдемейді. Бұдан басқа, өз компаниялары үшін жиһаз сатып алуды жүзеге асыратын менеджерлердің кәсіпқой-
лылығы мен құзіреттілігі айтарлықтай өскенін айта кету керек. Жиһаз өнеркәсібі жылдам қарқынмен дамуда. Үнемі жаңа 
материалдар пайда болуда және таңдау мүмкіндігін кеңейте отырып, табысты жүзеге асырылып жатқан жаңа идеялар 
туындауда. Бірақ, сатып алу сұранысына қарағанда, ағаштан жасалған жиһаз ешқашан сәннен шықпайды. Бұл Қазақстан-
дағы осындай кеңсе жиһазына сұранысымен расталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   636




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет