26. ТеМірбеТонды дӨңгелеКТерді Өндіру жоба сауалнамасы: Инвестициялық жоба мақсаттары: темірбетонды дөңгелектер мен өнімдерді өндіру шағын зауытын ашу.
Өнімі: тұрғын және тұрғын емес үй-жайлар қаңқасын және септиктер құрылысына арналған темірбетонды дөңгелек-
тер.
Жоба құны: 6 000 000 теңге.
Өзін өзі ақтау мерзімі: 3 жыл.
жоба тұжырымдамасы Жоба тұжырымдамасы темірбетонды дөңгелектер мен өнімдер өндіру жөніндегі шағын цех ашуын көздейді.
Қазіргі таңда темірбетонды дөңгелектер коттедждер мен әртүрлі мақсаттағы азқабатты ғимараттар құрылысында жиі
қолданылатын материалдардың бірі болып табылады. Темірбетонды дөңгелектердің сұранысқа ие екені соншалықты, за-
уыттар, шағын цехтер және коттедждер мен жер телімдерінің иелеріне тиесілі қондырғылардың өндірістік қуаттылықта-
ры өнімнің осы түріне үнемі өсіп келе жатқан сұранысты әрең қамтып үлгеруде. Темірбетонды дөңгелектерді өндіру үшін
негізгі шикізат құм, цемент және су болып табылады, онда үлкен салмақты құм мен цемент алады. Осы шикізаттың көзі
өндіріс орнынан 50-60 км. радиусында орналасқан, себебі осы радиуста шикізат көзі, құм карьері бар. Цемент аудан және
облыста ашық сатылымда. Осылай, толық қуаттылықта өндіру барысында шикізат жетіспеушілігі жоқ.