қызметтер сипаты Бүгін хендмейд – өзін өзі көрсету, өзінің даралығын білдіру, дәл өзіңіз қалаған заттың иегері болудың ерекше мүм-
кіндігі. Дәл осының арқасында қолдан жасалған заттар өте жоғары бағаланады – олар біздің өмірімізді қанық бояулар-
мен толықтырады, көңіл-күйді көтереді және адамдарды бір бірінен ерекшелейді. Бұдан басқа, қолдан жасалған керемет
сыйлықтар жаппай өндірістегі заттарға қарағанда көбірек қуантады, себебі шебер оларға өзінің шеберлігі мен қиялын,
сондай-ақ, жанын салады. Егер сіздің қолыңыздан тігу, тоқу, жасанды гүлдер жасау, былғарымен, бисермен немесе қа-
уырсынмен жұмыс жасау келсе, онда сіз дизайнерлік заттарды барынша оңай жасай аласыз. Бірінші адам өзінің брендіне
жұмыс жасайды, сосын ғана бренд адамға жұмыс жасауды бастайды. Қолдан жасалған әшекейлер танымалдылығының
өсімі шағын бизнестің осы түрінің белсенді дамуына әкелді. Қолдан жасалған әшекейлер қазір сән шыңында. Оған қоса
авторлық әшекейлерді дайындау – бастапқы кезеңде үлкен қаржылық салымдарды талап етпейтін бизнес.