ұйымдастыру жоспары. Бизнестің осы түрін ұйымдастыру үшін жеке кәсіпкер ретінде тіркелу ғана қажет.
қызметкерлер құрамы Ветеринарлық клиниканың қалыпты қызметі үшін қызметкерлердің оңтайлы саны 4 қызметкер:
1) Бас ветеринарлық дәрігер – 60 000 тг,
2) Дәріханашы-дәріші – 50 000 тг,
3) Зертханашы – 45 000 тг,
4) Ұрықтандырғыш – 45 000 тг.
қаржылық жоспар. Осы бизнес-идея 2 744 830 теңге көлемінде қарыз қаражаттарды тартуды көздейді. Бірінші жылы ақшалай қаражат түсімі 9 176 830 теңгені құрады, ол 6 432 000 теңге сомасындағы ветеринарлық қы-
зметтерді көрсетуден түсімнен, сонымен қатар, 2 744 830 теңге сомасындағы несиелік қаражат түсімінен тұрады. Бұл
ретте, несиелік қаражаттар 1 964 080 тг сомасындағы жабдық пен материалдарға, сонымен қатар 780 750 тг сомасындағы
қызметті жүзеге асырудың 3 айы ішіндегі ай сайынғы ағымдағы шығындарды жабуға жұмсалады.