Шағын бизнеске арналған 100 жоба 2019 МазМұны Кіріспе



Pdf көрінісі
бет527/636
Дата31.12.2021
өлшемі24,3 Mb.
#23298
1   ...   523   524   525   526   527   528   529   530   ...   636
цифрлық дыбыс жазу – жазылған сигналды кейін тыңдау мүмкін болу үшін оны физикалық жеткізушіде сақтау 
мақсатында ұқсас дыбысты цифрлыға қайта айналдыру технологиясы. Аудиодеректерді цифрлы түрде ұсыну, арнайы 
құрылғылардың немесе компьютерлік бағдарламалардың – дыбыс редакторларының көмегімен бастапқы материалды аса 
тиімді өзгертуге мүмкіндік береді, бұл өнеркәсіпте, медиа-индустрия мен тұрмыста кеңінен қолданыс тапты. 
Цифрлы дыбысты тыңдау үшін арнайы жабдықтар, мысалы, музыкалық орталықтар, цифрлы плеерлер, дыбыс кар-
тасы мен орнатылған бағдарламалық жабдықтамасы, аудиоплеері немесе медиаплеері бар компьютерлер қолданылады. 
Дыбыстық жазу ырғықтарын цифрлық ұсыну қағидаты айтарлықтай қарапайым: 
• алдымен ұқсас сигналды цифрлыға өзгерту қажет, бұны құрылғы – ұқсас-цифрлы түрлендіргіш (ҰЦТ) жүзеге асы-
рады; 
• алынған цифры деректерді жеткізушіде: магнитті лентаға (DAT), қатты дискке, оптикалық дискке немесе флэш-жад-
та сақтау; 
• жасалған жазуды тыңдау үшін, жасалған жазуды цифрлы сигналдан кері түрлендіру және цифрлы-ұқсас түрендір-
гіштің (ЦҰТ) көмегімен цифрлы сигналдан ұқсасқа қайта түрленіру қажет. 
Жазу қағидаты бойынша мынадай әдістерді атап көрсетуге болады: 
• магнитті дыбыс жазу – цифрлы сигналдарды магнитті лентаға жазу жүргізіледі. 
Жазудің екі түрі бар:
- жазудың ұзына бойлы-жол жүйесі – онда лента жазатын/жазуды оқитын қозғалмайтын магниттік бастиектер блогын 
(DASH,DCC) бойлап жылжиды
- жазудың көлбеу-жол жүйесі – онда лента айналып тұрған магниттік бастиектер атанасын бойлап жылжиды және 
жазу көлбеу жеке жолдарда жүзеге асырылады, бұл жазудың ұзына бойлы-жол жүйесімен салыстырғанда үлкен тығыз-
дықты қамтамасыз етеді (R-DAT, ADAT). 
• магнитті оптикалық жазу – жазу магнитті бастиектің көмегімен арнайы магнитті оптикалық қабатқа жүргізіледі және 
магниттелу кезінде қысқа уақытта лазермен Кюри нүктесіне дейін қыздырылады (мини диск, Hi-MD); 
• лазерлік жазу – жазу лазерлік сәулемен жүргізіледі, ол оптикалық жеткізушінің (компакт-диск, DVD-Audio, DTS, 
SACD) жарықсезгіш қабатына шұңқырлар (питтер) күйдіріп түсіреді; 
• дыбысты оптикалық (фотографиялық) жазу – жарық ағынының жеткізушінің (кинолентаның) (DolbyDigital, SDDS)  
жарықсезгіш қабатына әсер етуіне негізделген
• дыбысты электронды жеткізушіде жазу – дыбыс деректері жеке компьютердің көмегімен файлдар түрінде түрлі жет-
кізушілерде (қатты дисктер, қайта жазылатын оптикалық дисктер, флэш-карталар, қатты жинақтауыштар) жазылады, бұл 
ретте дыбыс форматының жеткізушінің форматына міндетті түрде сәйкес болуына шектеу жоқ.
Цифрлы жеткізушілерде және дербес компьютерлерде дыбысты (музыка, дауыс және т.б.) сақтау үшін, дыбыс сығым-
дылығының, сапасының және деректер көлемінің қолайлы қатынасын таңдауға мүмкіндік беретін әртүрлі форматтар қол-
данылады. 
Дербес компьютерлерге және тиісті құрылғыларға арналған файлдардың жалпыға танылған форматтары: 
• OGG; 
• MP3; 
• WAV; 
• WMA.
Қазіргі уақытта цифрлық дыбысты жазу дербес компьютерлердің және басқа  бағасы қымбат және сапалы аппара-
тураның басқаруымен дыбыс  жазу студияларында жүзеге асырылады. Сонымен қатар, «үй студиясы» ұғымы кеңінен 
дамыған, онда үй жағдайларында сапалы жазу жасауға мүмкіндік беретін кәсіби және жартылай кәсіби дыбыс жазатын 
жабдық қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   523   524   525   526   527   528   529   530   ...   636




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет