Шағын кәсіпкерлік дегеніміз



бет2/2
Дата08.03.2022
өлшемі20,65 Kb.
#27203
1   2
Акционерлік қоғам дегеніміз оның құрылтайшылары банкке белгілі бір ақша сомасын салып, акция шығару жолымен құрады және барлық қоғам типтеріне байланысты алғысы келетін әрбір адамға сатады.

Акционерлік капитал бұл акционерлік қоғамның негізгі капиталы болып табылады. Акционерлік қоғамның құрылтайшылары компания активінің құнынан жоғары көлемдегі сомаға акция шығарады. Артық түскен соманы құрылтайшылар пайдасы деп атайды. Акционерлік капитал жыл сайын жаңа пайданың бір бөлігін капиталға айналдырып, тағы да акциялар шығару және сату есебінен өсіп отырады. Біздің елімізде акционерлік қоғамдар мемлекеттік кәсіпорындар негізінде құрылғандықтан сол кәсіпорын мүлкінің құны қоғамның Акционерлік капиталының құны болып саналады. Сол соманы жарғылық капитал деп есептеп, акциялар шығарылады.

Акционерлік қоғамда басқарудың ең жоғары органы акционерлердің жалпы жиналысы болып табылады. Ол әдетте жылына бір рет өтеді, ал күнделікті істерге атқарушы орган — басқарма басшылық етеді. Мұның сыртында бақылаушы орган — тексеру комиссиясы сайланады. Акционерлік қоғамның тапқан пайдасы салықтар төлеуге, өндірісті кеңейтуге, резервтерді толықтыруға, жарғылық капиталды өсіруге және дивидендтер төлеуге жұмсалады. Қазақстан Республикасында 1991 жылғы 21 маусымда “Шаруашылық серіктестіктер мен акционерлік қоғамдар туралы” Заң қабылданғаннан кейін Акционерлік қоғамдар құрыла бастады. 1998 жылы олардың саны 3 мыңнан асты.Акционерлік қоғамға қатысушылардың әрқайсысы өзі қосқан капиталдың сомасына сәйкес көлемдегі акцияларға ие болады және тиісті мөлшерде табыс — дивиденд немесе белгіленген пайыз алады.



Акционерлік қоғам - рұқсат ету жолымен құрылатын заңды кұқығы және өзіндік жарғысы бар бірлестік. Акцио-нерлер болуға жеке адам да, заңды тұлғалар да хақылы. Акционерлік қоғам құру үшін нотариус куәландырған серіктестік келісім шарты жасалады, оны қоғамның жарғысы деп атайды. Акционерлік қоғамды ұйымдастырушылар санына шек қойылмайды. ¥йымдастырушы тіпті бір адам болуы да мүмкін.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет