Шерхан Мұртаза Қызыл жебе бірінші кітап алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет34/125
Дата07.01.2022
өлшемі1,34 Mb.
#20913
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   125
Қызыл жебе 
өзі шайнап, тарамысын қиып жіберіп, үш аяқтап қашқан арлан 
қасқырдай,  бұл  да  тәнін  талқандап,  түрме  деген  тажалдың, 
тұзағынан  құтылғандай  болды-ау,  әйтеуір.
Кеше  осы  уақытта  өзі  қанмен  шұбарлаған  жолмен  жер 
бауырлап  жылжып  өтіп,  дәретхана  үйшігінің  тасасымен  биік 
домбаз  дуалға  тырмысып  өрмелеп  шығып,  арғы  бетке  өзін-өзі 
аузын  буған  қанар  қаптай  сылқ  еткізіп  тастап  жіберді.
Бостандықтың  дәмі  кермек,  бағасы  батпан.  Мұны  басына 
түспеген  пенде  біле  бермейді.  Жолбарысты  темір  торға  қамап 
мәз  болатын  топастардың  жүрегінде  жібімейтін  жүз  қадақ  мұз 
жатыр. Ал темір торды талқандап шыққан жолбарыстың жолы, 
әрине,  тауға  тартады.
Рысқұл  Талғардың  тауын  бетке  ұстады.  Алқынған  жүрегін 
қолына  алып-жалаң  аяқ  жар  кешіп,  жырым  балақ,  жыртық 
көйлекті пенде, кісі көзіне шалынбауға тырысып, жердің үстімен 
емес, астымен келе жатқандай еді. Кеудесі күмбірледі. Ескі досы 
– әуелгі әуен оралған екен:
–  Дүние бір қисық жол бұраңдаған,
Бақ тайса ерге дәулет құралмаған.
Күніне тоқсан тоғыз бәле көрсең,
Сонда да күдер үзбе бір алладан...
III
–  Сөйтіп, бұл түрме деген дәйісіңнен мен бір рет солай қашып 
шыққанмын, – деп тоқтады Рысқұл.
Бронников  көсілген  аяғын  жинап  алып,  тізесін  құшақтап, 
жауырыны  күжірейіп,  құныстанып  отырды  да:
–  Одан әрі не болды? Сәлемдестің бе Саймасайға? Екінші рет 
түрмеге қалай түстің? – деп сұрақты жаудырды.
Рысқұл оның жирен сақал басып кеткен кескініне бағжия бір 
қарап алды.
–  Е, тамыр, бәрін білгің келеді, ә? Мына тас қабірдің ішінде 
тірідей  әлі  көп  жататын  түріміз  бар.  Кейінге  де  әңгіме  керек 
шығар.  «Туpaп  жемесең  етке  тоймайсың,  қона  жатпасаң  көпке 
тоймайсың», – деген. Әлі жата-жастана талай гөй-гөй айтылар. 
Біздің  бала  ұйықтайтын  уақыт  болды,  дем  алсын  кішкене.


69
Қызыл жебе
Айтылған  хикаяның  бәрін  Бронниковке  орысшалап  отырған 
Тұрар көзі кілмиіп, ұйқы тығылып отырғаны рас еді. Бронников 
Тұрардың  киіздей  қалың  қара  шашын  жалпақ  алақанымен 
ұйпалақтап,  баланы  өзіне  тартып,  бауырына  қысты.
Рысқұл  мұнысын  аса  ұнатпағандай  ажырая  бір  қарап,  ірге 
жаққа  аунап  түсті.
–  Ұйықта, Тұрар!
–  Иә,  ұйықта,  бауырым.  Біз  ерігіп  жатқан  адамбыз.  Сенің 
жұмысың  көп.  Ерте  тұрасың,  ұйықта,  –  деді  Бронников  те.
Екі  үлкеннің  ортасында  жатып,  бала  балбырап  ұйықтап 
кетті. Түсінде аспанның көк күмбезіне шаншылған асқар-асқар 
тауларды көрді. Қабат-қабат сол сеңгірлердің табанында жалғыз 
өзі.  Арт  жағына  қараса  –  шыңырау  құз.  Алды  жап-жалтыр, 
аспанға  шапшыған  тау.  Өрмелеп  соған  шықпақшы  болады. 
Тырнақ ілінер бұдыр жоқ. Тайғанап төмен сырғып түсе береді, 
түсе  береді.  Алқынып  алға  қайта  ұмтылады.  Мұның  өнімсіз 
қыбыр-жыбырына  ашуы  келген  ақбас  шың  үйдей  бір  тасты 
биіктен  домалатып  жібереді.  Үйдей  тас  тура  Тұрарға  қарай 
өңмендеп,  өкіре  құлап  келе  жатады.  Бір  кезде  әлгі  үйдей  тас 
жолында басқа бір үйдей тасқа соқтығысып күл-талқаны шығып, 
ұсақ-ұсақ кесекке айналып, Тұрардың табанының астында құм 
болып  төгіле  берді...
Бронников  бүйірін  жылытып  жатқан  баланың  үстін  қымтап 
қойып,  шалқасынан  түсіп  көпке  дейін  ояу  жатты.  Теріс  қарап 
жатып,  Рысқұл  да  ұйықтап  қалды.  Бронниковтен  ұйқы  қашты.
Ақылы – айран, ойы – ойран. Мынау қаһарлы қазақ түрмеден 
екінші рет қашып шығуды армандайды. Бұл түрменің сыртында, 
ішіне  мың-миллион  адам  сыйған  тағы  бір  түрме  тұрғанымен 
ісі  аз.  Сол  үлкен  түрме  қайтсе  құлайды?  Қандай  амал?  Үлкен 
түрме  тіршілігінен  хабарсыз  қалды.  Не  болып  жатыр?  «Қанды 
жексенбіден» кейін халық тұяқ серпуге жарады ма?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   125




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет