Шетел тілдер факультетінің 4-курс студент- практикантының зерттеу жұмыстарын әдістемелік нұсқаулармен қамтамасыз ету дәрежесі мен сапалық көрсеткіші



Pdf көрінісі
бет58/63
Дата26.11.2022
өлшемі1,01 Mb.
#52876
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   63
«Наурыз бен Бата» көрінісі. 
Үйге Наурыз мейрамымен құттықтай үш ақсақал 
Ассалумағалейкум деп кіреді.
Үй иесі:
Уағалейкумассалам, жоғары өтіңіздер, қонақ болыңыздар!
1-қария: 
Аман ба, Ұлыс оң болсын! 
Ақ мол болсын. 
Қайда барсаң жол болсын. 
2-қария: 
Ұлыс бақты болсын, 
Төрт түлік ақты болсын! 
3-қария: 
Ұлыс береке берсін, 
Бәле-жала жерге енсін! 
Үй иесі: 
Қариялар, дастарханнан дәм ала отырыңыздар! 
(Шаңыраққа бата беріледі) 
1-қария:
Жан торсығың жаныңнан кетпесін, 
Қойың өрістен кетпесін, 
Биең желіден кетпесін, 
Дастарханыңа кетпестей байлық қонсын! 


125 
Үй иесі:
Айтқаныңыз келсін, ақсақал, мына үлкен ұлым отау құрып, 
келін түсіргенбіз, мына шәй құйып отырған келіндеріңіз. 
2-қария.
Келін осы екен ғой, батамды берейін. 
Шайың тәтті болсын, 
Ғұмырың ұзақ болсын, 
Несібең таси берсін, 
Құдайың ұзақ ғұмырды жаза берсін! 
3-қария:
Немерелі болып жатыр екенсің,
Бауы берік болсын
Айбаты асқан ұлан болсын 
Ұрпағыңа ұран болсын, 
Қанатты да сұңқар болсын, 
Тұяқты да тұлпар болсын
Достары жүрсін дүрілдеп, 
Дұшпаны жүрсін дірілдеп. 
Үй иесі:
Ақсақалдар сіздерге арналған ауыл жастарының той 
тамашасын көріңіздер. 
«Қазағымның салт-дәстүрлері» әні мен «Балбырауын» күйі 
орындалады, бір топ қызадр қазақ биін билейді. 
1-қария: 
 
Бәрекелді, талантты жастардың талаптарына нұр жаусын. 
2-қария:
 
Жастарға қарап жас кезіміздегі, қызыр түнін қарсы 
алудағы қызықтарымыз еске түсіп отырғаны. Бұл түні 
ауыл бойжеткендері өздері ұнатқан жігіттеріне арнап 
соғымның соңғы етін уызға салып пісіріп ұйқы ашар деп 
аталатын ерекше дәм дайындайтын еді, ал жігіттер мен 
бозбалалар қыздарға айна, тарақ, иіссудан тұратын «селт 
еткізер», «дір еткізер» сыйлықтарын ұсынатын. Айна 


126 
пәктік пен жастықтың, тарақ әдемілік пен сұлулықтың, 
иіссу құлпырудың, жайнай түсудің белгісін білдіретін еді 
ғой. 
3-қария:
Я, па, шіркін десеңші! Сондағы ауыл жастарының, ауылды 
бір шулататынын айтсаңшы! Ауыл жастары бір асау 
тайыншаға ашамай ерттеп, үстіне жанды қуыршақ мінгізіп, 
мойнына қоңырау іліп, иттерді шулатып, малды үркітіп, 
елді ұйқыдан оятып түнгі сағат үште тайыншаның басын 
бос жібереді. Бұл тайынша келе жатқан жаңа жыл іспеттес 
еді-ау. 
Үй иесі:
Е, е, сол ұмыт болған дәстүрлеріміз қайта қолға алынып, 
жалғастырылса нұр үстіне нұр емес пе?! Ақсақалдар, 
Наурыз көже алыңыздар.
1-қария:
Ұлың ұяға, қызың қияға қонсын, 
Қыруар малың өріске толсын, 
Дәулетіңді асырсын, 
Дұшпаның басылсын, 
Менің берген бұл батам
Ұлыс күнге сақтап жүрген сүр батам. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет