Шеткері мотонейронның зақымдану симптомдары



бет3/45
Дата26.12.2023
өлшемі145,55 Kb.
#143912
түріТопик
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45
Беткей сезім
Ми қыртысына сезімталдық импульстерін жеткізетін жолдар үш невроннан тұрады. Жалпы сезімталдықтың барлық түріне қатысты бірінші невронның клеткалары жұлын түйіні мен V, VI және X бассүйек ми нервтерінің астындағы түйіндеріне орна-ласқан. Түйіндердегі нерв клеткалары бір бұтақты псевдоуниполярлы болады да клетка денесіне жақындағанда екіге бөлінеді.Клетканың сыртқы тармағы (дендрит) сыртқы (шеткі) нерв жүйесі-нің құрамында рецепторларға келеді, ал орталық тармағы (аксон) артқы түбіршек арқылы жұлынға барады. Жұлында түрлі сезімділіктер жоғары қарай әр түрлі жолдармен өтеді (көтеріледі). Ауырсыну, температуралық және жартылай жанасу сезімталдық талшықтары жұлынның артқы мүйізіне кіреді де қабылданған им-пульс екінші невронға ауысады. Екінші неврондардың клеткалары жұлынның артқы мүйізінде жатады да олардың аксондары сұр зат тұтастығының алдыңғы жағында әр сегменттің тұсында жұлынның қарсы жақ бүйірінен жұлын –көру төмпешігі жолын құрастырады. Бұдан әрі бұл жол жоғары қарай көтеріліп,
ми бағанасы арқылы көру төмпешігіне жетеді де оның артқы ішіне қарай орналасқаи ядросында аяқталады.
Терең сезім

  1. Терең сезімталдықтың және жартылай жанасу сезімталдығы талшықтары жұлынға кірісімен оның артқы мүйізіне соқпай, артқы:: діңгекке қарай бағытталады. Жұлынның артқы діңгегінде аталған талшықтар Голль және Бурдах будаларын (шоғырларын) құрастырады. Голль шоғыры дененің төменгі бөлігі мен аяқтағы, ал Бурдах шоғыры дененің жоғарғы бөлігіндегі импульстарды алып жүреді. Голль және Бурдах шоғырлары өз жағымен жоғары көтеріліп сопақша мида өздері аттас ядроларда тоғысады. Мұнда екінші невронның клеткалары бар. Екінші неврондардың аксондары төменгі олива деңгейінде айқасып, медиалдық тұзақ түрінде байланады да үстірт сезімталдық жолымен тоғысады және көру төмпешігінің артқы ішіндегі ядрода аяқталады.Медиалдық тұзақта терең сезімталдық өткізгіштері ортасына (ішіне) қарай, ал үстірт сезімділік өткізгіштері сыртьша қарай орналасады.
    Медиалдық тұзақтың өне бойында гипоталамус құры-лымдарына, торлы формацияға және бас-ми нервтерінің ядрола-рына бағытталған қосымшалар шығады.

  1. Беттің вегетативті түйіндері: қанаттаңдай түйінінің орналасуы, атқаратын қызметі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет