Шұғаның белгісі


Шоңмұрын. Түрмедегілерді қайтеміз? Жақып



бет22/25
Дата15.02.2023
өлшемі450 Kb.
#68147
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25
Шоңмұрын. Түрмедегілерді қайтеміз?


Жақып. Ағып кетеміз!.. Жаза бер үкіміңді!.. (Шоңмұрын жазуға отырады.) Кенжеғара, баршы, байқашы... Нетші... Мен де барам!.. (Жақып, Кенжеғара шығады. Аз тым-тырыс. Телефон шылдырлайды. Айбала штабтың қағаздарын жинай бастайды.)


Шоңмұрын (телефонды алып). Кім? Жақып әскерді қарауға шықты... Не айтасың? Шабуыл? Қай жақтан? Екі жақтан? (Есіктен қашуға айналған адамдар топырлап кіре бастайды: оқыған әйел, еркек, қалабайлары, жуандар.) Қанша? Неге білмейсің?.. (Кіріп жатқандарға.) Кірмеңдер, кірмеңдер!.. Ертерек ат тауып алып, күнбатысқа қарай қаша беріңдер! Қаша беріңдер күнбатысқа қарай! (Телефонды қояды.)


Дауыстаp. Қарағым-ау, қалып барамыз ғой, нәрсеміз қалды, есік ашық... Үйіміз бос... Ала кетіңдер, ала кетіңдер, қарақтарым. (У-шу.) Қайда барамыз, қайда қашамыз?..


Шоңмұрын. Күнбатысқа! Күнбатысқа қашыңдар! (Далада мылтық дауысы естіле бастайды. Әуелі аз, ұзамай көп. Даладағылар да, үйдегілерде шулайды. Ерсілі-қарсылы жүгіріс. Нәрсе тасу: Айбала, Шоңмұрын екеуі үйге кіргендерді қайырмақшы болып жүреді. Жақып кіреді. Телефон.)


Жақып (телефонды алып). Кім? Кенжеғара?.. Әрине, қашамыз... Жөнелтем. (Телефонды тастап, үйдегілерге.) Жөнеліңдер, тезірек, батысқа қарай! Айбала, сен де жөнелші, қасыңа он шақты солдат ал... (Үйдегілер жөңкіліп шығып жатады. Тағыда көп адам кіріп жатады. Атыс күшейгеннен күшейеді. Жақып телефонды алып.) Түрме! Түрме! Кәртай... Тында! Қазір түрмедегілерді осында жеткіз! Сақ бол, қашып кетпесін! Аяқ-қолдарын байлатып ал!.. (Телефонды қояды. Өмірбек кіреді.)


Өмірбек (честь беріп). Әкелдім, алдияр, 30 шақты солдатты!


Жақып. Қораға кіргіз! Қасында бол өзің!.. (Өмірбек асығып шығады. Шоңмұрын мен Жақыптан басқаның бәрі шығып болады. Дала у-шу. Атыс. Анда-санда үйге адам қаптап, нәрсе тасып (шуласа береді.) Жасаған, ақтық алыс, соңғы сағатқа жетіп қалғанымыз ба! Шынымен-ақ алаштың ардагерлерінің басы бір қосылмай, әр жерде жетім құрбан болып кете барғанымыз ба?.. Қайран ұшы-қиырың көрінбейтін Сарыарқа!.. Жіпсіз тұсап, ділер қылдың-ау! Басымызды бір қосып, жас отаудың уығын шаншып, ішіне бір кіре алмай-ақ кеткеніміз бе?..




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет