175
3.
Қазіргі геоморфологиялық процестер және оларды картаға тҥсіру
Жалпы геоморфологиялық карта әдетте ежелгі геоморфологиялық процестер арқылы қалыптасқан бедер
пішіндерін қағаз бетіне бейнелейді. Ал, қазіргі геоморфологиялық процестер жоғарыда айтылғандай қазіргі
кезде тікелей кӛзбен шолып байқалатын процестер. Оларды картаға тҥсіру алдында ең алдымен бір жҥйеге
келтіріп жіктеу қажет. Әр тҥрлі ҧстанымдарға негізделген қазіргі физикалық-географиялық процесстердің
топтастырылуын кӛптеген зерттеушілер ҧсынған еді. Н.И.Николаев барлық экзогендік физикалық-
географиялық процестерді белдемдікті (зональный) және бейбелдемдік (азональный) немесе интразоналдық
процестерге бӛлген. Белдемдік процестер - географиялық ендікке сәйкес ӛзгеріп отыратын табиғи процестер, ал
бейбелдемдік немесе интразоналдық процестер деп белгілі бір зонаға тән емес кездесетін процестерді атайды.
Белдемдік процестерге - ҥгілу, топырақ тҥзу, мәңгілік тоң, эолдық процестер және ағын сулардың әрекеті, ал
бейбелдемдік(интразионалдық) процестерге - ауырлық кҥштерінің (гравитация), жер беті тҧйық сулары мен жер
асты суларының әрекеті және адам әрекеті жатады. Т.В.Звонкова физикалық-географиялық процестердің
жіктеуін олардың қозғалмалы, динамикалық даму ҧстанымдарына негіздеген. Сонымен бірге осы процестердің
әр тҥрлі қҧрылыстарға жасаған әсерлерін және олардан қорғау шараларының сипаттамасын ҧсынған.
Инженерлік геологияда эндогендік және экзогендік процестермен қатар эндолитогендік процестер де есепке
алынады. Ол тау жыныстарының, адамның тікелей қатысуымен ӛзгеретін ішкі физикалық, химиялық
қасиеттерімен қатар, молекулярлық, энергияның ӛзгеруіне байланысты. Осы топтастырылудың ішінде іс
жҥзінде ең кӛп таралғаны геоморфологиялық процестердің генетикалық жіктелуі. Бҧл жіктелуінің
ерекшеліктерінің бірі – геоморфологиялық процестердің пайда болу себептерін, яғни генезисін тікелей
кӛрсетеді және осы зиянды процестерге қарсы кҥрес жҥргізу ҥшін тура бағаларын беріп, тиісті шаралар
қолдануға мҥмкіншілік туғызады (Э.Палиенко, 1978).
Достарыңызбен бөлісу: