31
Модульдік программалау (3- сурет) көп мәселелерді шешті оның тиімсіз жағы, егер
программаға бірнеше модуль қатынасатын болса, онда олардың өзара байланысындағы
қателер, яғни интерфейстегі қателерді тек программаның орындалуы кезінде ғана байқау
мүмкін болатын болды, себебі модульдер программадан тыс өз алдына бөлек
компиляцияланады. Егер программаға қатысатын модульдер саны көп болса, мұндай
қателердің бәрінің алдын алу мүмкін емес екені белгілі болды.
3-сурет. Модульдік – құрылымдық программалау элементтері
Келесі кезеңде, объектілік ұстаным қолданыла бастады. Мұнда программа
объектілердің жиынтығынан жасалады. Бұл объектілер белгілі бір класқа жатады. Ал ол
кластар белгілі бір иерархияға бағынады, және соңғысы алдынғысының барлық қасиеттерін
қабылдайды, және олар өзара «оқиғалар» арқылы байланысады. Бұл кезеңдегі ең алғаш
имитациялық модельдеу тілі Simula болды. Қазіргі, C#, Visual C++, C++ Builder, Visual
Basic, Java бұлардың барлығы да RAD технологияларға жатады және объектілік ұстанымды
барынша қолдайды. Бұл технологиялардың тиімсіз тұсы - компиляциялаудағы ортақ
стандарттардың болмауы. Мысалы, белгілі бір алгоритмге сәйкес Visual C++ ортасында
жазылған программаны, сол алгоритм үшін C++ Builder ортасында пайдалану мүмкін емес,
яғни сол алгоритмді қайтадан жазу керек болады, сол сияқты объектілік компоненттің бір
сипаттамасы өзгертсе болды, онда соған сәйкес программаны да қайтадан компиляциялаудан
өткізу қажет болады.
Жоғарыда аталған мәселені шешуді программалаудағы компоненттік ұстаным (COM-
технологияның)
көмегімен
шешуге
болатыны
қазір
белгілі
болып
отыр.
Компненттік ұстанымның мағынасы, мұнда программалар өзара бір-бірімен стандарт
түрдегі екілік интерфейс арқылы байланысады және бинарлық (екілік форматтағы)
компоненттерден құралады. Мұндағы объект– компоненттердің кәдімгі объектілерден
өзгешелігі оларды динамикалық кітапханаларға немесе exe-файлдарға біріктіріп екілік түрде,
бастапқы мәтінсіз (без исходных текстов) тарата беруге болады және оны осы компоненттік
технологияны ұстанатын кез-келген тілде пайдалана беруге болады. COM- технологияның
қарапайым мысалы, Paint графиктік редакторында жасалған сурет-объектіні Word- мәтіндік
редакторындағы құжатқа апарып кіріктіруге болады.
Достарыңызбен бөлісу: