Қолыңызды жылы сумен сабындап жуып, сүлгімен құрғатыңыз.
Унитаздың арқа сүйемеліне мүмкіндігінше жақын отырып, аяқтарыңызды ажыратыңыз.
Қайнатылған сумен жәэне сабынмен жыныс мүшелерін мұқият жуып, сонан кейін салфетканы қолдана отырып, үлкен жыныс еріндерін және зәр шығаратын түтіктің тесігін құрғатыңыз.
Салфеткаларды кауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз.
Зәр жинауға арналған ыдысты алыңыз. Ыдыстың және қақпақтың ішкі бетіне тигізбей қақпағын ашыңыз, қақпақтың ішкі бетін жоғары қаратып қағаз сүлгіге қойыңыз.
Зәрді жинауға арналған контейнерді зәр шығаратын түтіктің тесігі жанынан ұстаңыз.
материалды жібергенге дейін тоназытқышта t4-60С сақталуы қажет.
зәрді микрофлораға зерттеу антибиотиктер, уросептиктер қабылданғанға дейін және жеделдету диурезінде қалыпты жағдайдағы су ішу тәртібінде тағайындалады;
егер де зәрді табиғи жолмен жинауға мүмкіндік болмаса, дәрігердің тағайындауы бойынша қуыққа катетерлеу жүргізіледі.
Зәрді бактериологиялық зерттеуге алу (еркектер үшін)
Мақсаты: диагностикалық: аурудың қоздырғышын айқындау, дәрілік сезімталдықты анықтау, науқасты өз бетінше зәрді жинауға үйрету.