Төменгі қабаққа көз майын жағу
(тюбиктен, шыны таяқшамен)
Мақсаты: емдік
Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы бойынша.
Дайындаңыз: залалсыздандырылған: көз майын, шыны көз қалақшаларын, дәке тампондарын, мақта домалақтары, қолғапты, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді, дәрігердің ем тағайындайтын парағын (004-1/уФ).
Іс-әрекет алгоритмі:
Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз.
Дәрігердің ем тағайындайтын парағына сәйкес майдың жарамдылығын тексеріңіз (атын, қоюлығын, сақталу мерзімін оқыңыз, тюбиктің бүтіндігін анықтаңыз).
Шыны таяқшаның бүтіндігін тексеріңіз.
Гигиеналық деңгейде қолға тазарту жүргізіңіз, қолғапты киіңіз.
Науқасты ыңғайлы жағдайда отырғызыңыз немесе жатқызыңыз, басын артына қарай шалқайтып, науқастың көз қарасы жоғарыға қарай бағытталған болу керек.
Оң қолға шыны қалақшаны алып, оның жалпақ шетіне майды жағып алыңыз. Ол бүтін қалақшаны жабу керек.
Шыны таяқшаны самай жағынан бетінен көздің тесігіне қарай жағыңыз (оң көзді сол қолмен, сол көзді оң қолмен). Қалақшаны майымен төмен қарай ұстаңыз.
Қалақшаны көзге көлденең орналастырыңыз, жалпақ шетімен кеңсірікке.
Сол қолға дәке тампонын алып, төменгі қабақты төмен тартыңыз және оған қалақшадағы майды көз алмасына жақындатып салыңыз, ал бос беті қабаққа қарай бағытталуы керек.
Төменгі қабақты жіберіңіз, науқастан сәл қабақтарын сығылыстыруын сұраңыз.
Сығылыстырылған қабақтан самай бағыты бойынша қалақшаны алыңыз. Сәл жабылған қабақтарын мақта шариктерімен уқалаңыз, май көздің шырышты қабығына бір қалыпты таратылуға тиіс.
Екінші көзіне де майды осы тізбектілікпен салыңыз.
Көз майын тікелей тюбиктен де салуға болады.
Сол қолыңызға дәке тампонын алып, төменгі қабақты тартыңыз.
Тюбикті көздің ішкі бұрышына ұстап, онан майды төменгі көздің сілемейлі қабығының іркістеріне сығып шығарыңыз, майдың цилиндрі ұзын бойына барлық қабаққа орналастырылады.
Шыны қалақшаны зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.
Қолғапты шешіңіз. Қолғапты, дәке тампондарын қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз.
Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |