Залалсыздандыру– бұл әдіс залалсыздандырған материалдардағы патогенді және шартты патогенді микроорганизмдердің вегетативті және ұрықты түрлерін жоюды қамтамасыз етеді. Жара бетіне, қанмен немесе инъекциялық дәрілермен жанасатын барлық бұйымдарға, диагностикалық аппаратуралардың жекелеген түрлеріне, медициналық құралдарға, пайдалану процесінде шырышты қабықпен жанасып және оның зақымдануын болдыратын бұйымдарға залалсыздандыру жүргізіледі.
Сонымен медицинада тағайындалған бұйымдарды тазарту 3 кезеңге бөлінеді:
1 кезең – зарарсыздандыру,
2 кезең – залалсыздандыру алдындағы тазарту,
3 кезең – залалсыздандыру.
I КЕЗЕҢ. Медицинада тағайындалған бұйымдарды зарарсыздандыру
Мақсаты: жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
Дайындаңыз:
зарарсыздандыру ерітіндісін;
қақпақты 2-ыдысты (1-2 л көлеміндегі эмальді кастрюльді), белгісіне және зарарсыздандыру ерітіндісіне сәйкес;
құралдарды қаннан және басқа да биологиялық сұйықтықтардан жууға тағайындалған №1-ыдысты зарарсыздандыру ерітіндісімен;
медицинада тағайындалған заттарды зарарсыздандыруға арналған №2-ыдысты зарарсыздандыру ерітіндісімен;
бирканы (таңбаны);
арнайы киімді (халат, маска, қолғап);
пайдаланылған медицинада тағайындалған заттар;
лотоктар.
Іс-әрекет алгоритмі:
арнайы киімді киіңіз: халат, маска, қолғап;
2 ыдысқа зарарсыздандыру ерітіндісін даярлаңыз;
ыдыстар мен қақпақта белгіленеді: заттың аты, оның қоюлығы, күні, даярлау сағаты, мейірбикенің қолы;
1-ші ыдыста:
пайдаланғаннан кейін медицинада тағайындалған құралдардың ішкі каналын зарарсыздандыру ерітіндісімен толтырыңыз;