Шшт • ~ п т І і І ■ п І ж І г І м І м ш ивякпИіях н


реді.  Қыздың  атын  не  деп  қойған  жақсы? -   дегені  сүрау  төңірегінде



Pdf көрінісі
бет20/33
Дата26.01.2017
өлшемі17,27 Mb.
#2758
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   33

реді.  Қыздың  атын  не  деп  қойған  жақсы? -   дегені  сүрау  төңірегінде 
пікір  алысып  жатқанда  біреу  «Колонтай  ше? -  десе,  ел  қазағы  «Қүлын- 
тай»  деп  кетер  дейді.  Екінші  біреу  «Клара»  қалай  болады  десе,  оны
«Қарала»  деп  кетпесіне  кім  кепіл  дейді».
Қ.Тайшықов  тек тіл  қүралдарымен  ғана  емес,  кейіпкерлерге  күлкілі
іс-әрекет,  жүріс-жорық  беру  арқылы  да  сатирасын  әсерлі,  тартымды 
етеді.  Мысалы,  бір  фельетонында  «атқа  мінерсің»  деп  сайлауға  қатыс-

202
тырмай  қойған  соң,  бай,  молдалар  сайлауға  бұқа  мініп  шығады.  Ар- 
тынша.  «Қарасаң  келгір,  мөңкіп-мөңкіп  немізді  көктен  келтіріп,  жай- 
ратты  да  кетті», -   деп  бай  бір  жерде  жатады.  «Сұрпақбай-ау,  бұқаның 
құйыршығын  қоя  беріп,  мынау  сәлдені  үстасаңшы!  Үзілді  ғой  мынау 
бұқаның  жас  нәжісіне  былғанады  ғой.  Бұл  жап-жасыл  нәжіс  жүқса, 
жуғанмен  де  кетпейді» -   деп  молда  екінші  ясерде  зарлап  қалады.
Тағы бір сықақ әңгімеде 3 -4  кісі дәрігерге бірінен-бірі бүрын кірмек 
боп  таласып,  есікке  қапталып  қалады.  Бірінің  шиқаны  жарылып  кетіп, 
қүлындағы  даусы  шығады.  Үшінші  сықақта  ораза  түтқан  молда  шидің 
ішіне  кіріп,  ұрланып  бір  аяқ  қатықты  басына  көтеріп  жатады.
Қ.Тайшықовта  сюжетке  құрылмаған  сықақтар  да  бар.  Бірақ  олар 
да  өзіндік  айшық,  өрнекпен,  өзіндік  қызық  әдіспен  жазылған.  «Той- 
мас-қоймастар»  атты  фельетоншолуда  өмірдегі  көп  кемшіліктер,  той- 
мас-қоймастар  түгел:  бірінен  соң  бірі  мүртынан  тізіле  сыналған.  Бірақ 
ол  фактілердің  қүрғақ  тізімі,  констатациясы  болып  қалмаған.  Былайша 
жырдай  төгілте  баяндалған.
«Бюрократ  Волокитаға  тоймайды.  Волокита  керенаулыққа  тоймай- 
ды...  Төраға  неше  іздеп  келсең  де  «заптырын»  қоймайды.  Кеңсе  істері 
жазуға  тоймайды.  Машинистка  ажарлы  болса,  секретарь  мен  делопро- 
изводитель...  есіктен  сығалап  есек  дәмелі  боп,  көз  аударуын  қоймай- 
ды.  Кооператив  мүшеге  тоймайды...Кінежке  қу  мен  сүмның  қолына 
түсіп, ділгер товар  шын  мүшеге жетпей қалуын  қоймайды...  Пеш отынға 
тоймайды...Отын  дайындайтың  өркенің  өскір  мекемеміз...».  Бүйырма- 
сын  тұтам  сексеуіліміз  болса,  өртеніп  өлейік»  деп  бедірейіп  отырып 
алуын  қоймайды.  Кейбір  ақындарымыз  бір  жолдан  алты  жол  шығар- 
ған  өлеңге  тоймайды...Аударманың  көбі  Қазиздаттан  шығады.  Қазиз- 
датты  аудармашылар  сауулы  сиыр  деп  түсінеді,  өздерін  аумаған  жетім 
бүзау  деп  біледі.  Сондықтан...дайын  желінді  сорпылдатып  еме  түсуін 
қоймайды». 
I  ^
Қадырдың  кейбір  сықақтары  сөздік  түрінде.  Кемшілікті  жеке  сөз, 
жеке  атаудың  анықтамасы  етіп  айтады.  Оның  «Не?»  атты  фельетоны 
баста-аяқ  былай  жазылған:
-   Электр  деген  не?
-   Білмейміз,  горсоветтен  сүрап  қарап  едік,  әзірше  май  шырағдан 
мен  керосин  болмаса,  электр дегенді  біз де  білмейміз деп  справка  берді.
-   Отын  деген  не?
-  Қазлес Алматыға жеткіземіз деп  қаншама сүйресе де, сонау шөлде 
төрт  тағандап  тапжылмай  жатқан  бір  тасбақа.

-   Керосин  деген  не?
-   Таң  алдында  барып  шіретіне  тұрсаң  да,  түске  дейін  бір  жапы-
рағы  ауызыңа  түспейтін  жылмағай  май.
Міне,  мүнда  әлгі  заттардың  шын  анықтамасы,  неге  қажет  екендігі 
айтылып  отырылған  жоқ,  олардың  жоқтығы,  соны  үйымдастыра  алмай 
отырған  тиісті  орындар  сыналған.  Осы  жайлы  әлгі  заттардың  қазіргі
анықтамасы  ретінде  келтірілген.
Қадыр  сатира  жазуда  Бейімбет  пен  Ілиястан  көп  үйренген.  Тіпті 
сықақтарында  солардың  әдіс-тәсілін  өзінше  дамытып,  жаңа ретте,  жаңа 
материал  негізінде ұста пайдаланған.  Оның түрмыс мәселелеріне үңілуі, 
сюжетті  шағын  штрих,  қысқа  елес-эпизодтардан  қүруы  Бейімбетше. 
Кейбір  кейіпкерлері  соның  «сабаздарының»  хикаясын  қайталайды.
Мысалы,  Қадырдың  Қалпақбайы  мен  Бейімбеттің  Қүрымбайы, 
Зәкіржан  молдасының  қызға  баруы  мүлде  үқсас.  Бүлардың  еңбектеп, 
сүйретіліп  қызға  жетуі,  онымен  тілдесу  сиқы,  қыз  бетін  оң  қарата  ал- 
май  пұшайман  болуы,  ақыры  қасиеттен  айырылып,  масқарасы  шығуы — 
бәрі  бірдей.  Ілиястың Қамысбаевы  сияқты,  Қадырдың өкілі  де  елге  бар- 
ғанда  өзін  былай  таныстырады:  «Мен  жоғарыдан  келген  өкілмін,  проф- 
союздың  өкілімін -   актсоюздың  өкілімін,  барлық  союздың  өкілімін, 
шошқа  союздың  өкілімін,  қысқасы  осы  дәуірде  ашылып  бар  болуға 
тиісті  барлық  союздың  өкілімін.  Ілиястың  «Жайлаубайдың  жауыры», 
Қадырдың  «Шиқан»,  «Демалыс»  фельетондары  арасында  да  үқсастық, 
үндестік  бар,  әсіресе,  кейіпкерлердің  дәрігерге  баруын,  көрінуін  су- 
реттеген  түста  бірінің-біріне  еткен  әсер-ықпалы  сайрап  жатыр.
Қадырдан  үйренушілер  де  болған.  Ол,  әсіресе,  Еркінбековтың  сын- 
сықақтарынан  анық  байқалады.  Дүйсенбек  те  негізінен  сол  Қадырдың 
назарын  аударған  кемшілік-дерттерді,  елге  шыққан  кейбір  өкілдердің 
ақымақкершілігін  («Төремін»),  дінбасылардың  күлкілі  халін  («Молда- 
ның  зары»),  кейбір  келіншектердің  боямпаздығын  («Әнәпия»),  мәнсіз 
жалғыздықты  («Өзіміздей  жазушы»),  сөйлей  білмес  былжырақ  бастық- 
тарды  («Баяндамашы»)  сынап-мінеді.  Тіпті,  олардың  кейбірі  Қадыр  сы- 
қақтарымен  үқсас,  пішіндес.  Мысалы,  Д.Еркінбековтің  «Бір  ауру,  екі 
дәрігері»,  «Баяндамашы»,  Қ.Тайшықовтың  «Демалыс»,  «Мақамбай- 
дың  баяндамасы»  деген  шығармаларымен  мүлде  үлгілес,  кейіпкер- 
лердің  жүріс-жорық,  хикаясы,  сөз  саптауы  да  бірдей.
Екіншіден,  Дүйсенбек  те,  кері  қайтып,  кекетуге,  иронияға  үйір. 
«Ауырсаң,  істейтін  ем — ертемен  қуырдақ же,  шөлдесең арақ іш.  Қатын- 
дарға  түстен,  қыздарға  қон.  Бүта  басын  сындарып  жүмыс  істеме.  Ерін-

ген  күні  16  сағат  үйықта»  деген  сияқты  етіп,  идеясы  мен  ақыл-өсиетін 
қайшы,  қарсылыққа  қүрады.  Мүндағы  «солай  ет»  дегеннің  де  ар  жа- 
ғында  «олай  етпе  жатыр».  Ол  «Жарлық»  атты  сықағында  да  ақылсыз 
нүсқау,  бүйрықтарды  осы  бүра  сөйлеп  кекету  әдісімен  ажуалаған.  Бір 
жарлық:  «Көліксіз  қызыл  керуен  үйымдастырып,  әр  мөшекке  15  пүттай 
астық  сиғыз»  десе,  екінші  жарлық:  «командировкаға  баратындардың 
аттысы  жақынға,  жаяуы  алысқа  барсын», -   дейді.  Үшінші  жарлық: 
«Берген  түқымды  ішіп  қойып,  салған  астық  шықпады  деп  акт  жаса-
сын!»  деп  беріледі. 
ІіІШІН
Үшіншіден,  Қадыр  сияқты,  Дүсенбек  те  сықақта  түрмыстық  бірне- 
ше  кемшілікті  мүрнынан  тізе,  шола  сынайды.  Рас,  бүл  ретте  Дүйсен- 
бек  өзіндік  бір  жаңалық  та  әкелді.  Әрбір  сын  нысанасының  кінә-мәнін 
сипаттап  кеп,  ақырында,  ауыз  әдебиетінің  әдісімен,  оның  әрқайсысы- 
на  бір  сөзбен  кекесінді  арнау,  жолдау  айтып  кекетіп  қояды.  Мысалы, 
«Жүндей  сабап,  шаңдай  бүрқыратып,  ебелектей  қауқайтып,  он  жолын 
адам  сүйсініп  оқымаса  да,  ай  сайын  кітап  бастыратын  арсыз  ақынға 
бір  сәлем!  Достан  безіп,  дүшпанды  паналап,  қояннан  қорқып,  шошқа- 
дан  шошитындарға  бір  сәлем!»  Немесе:  «Сөзі  түсініксіз,  ісі  маңысыз, 
ерте  жатып,  кеш  түрып,  аз  істеп,  көп  міндетсіп...  жүрген  екпінділерді 
қүттықтаймын!  Жауындай  қүйып,  сынаптай  сусып,  тоғыз  түрленіп, 
тоқсан  өзгеріп  жүрген  бастықтарды  қүттықтаймын!» -   деп  жазды.
Қадыр  мен  Дүйсенбектің  сатирикалық  өлеңдерінде  мазмүн,  әдіс- 
тәсіл  үқсастығы  байқалады.  Қадыр  қыз  бен  жігітті,  Дүйсенбек  жалқау 
мен  тәбілшікті  айтыстырып  сықақ  жазды.  Бірінде  жігіт:
Шаиіыңнан  айналайын  шуйке-шүйке,
Шүйкеңді  ширатыпсың  үйіте-уйіте.
Қалқатай,  тілімді  алсаң  муныңды  қой,
Қүрттарсың  іиаштың  бәрін  буйте-буйте.
Өз-өзіңнен  бетіңді  шаңга  бояп,
Болдың  ба  Боранбайдың  боз  туйесі,  -
деп  қызды,  замандасының  сиқын  ажуласа,  екіншісінде  тәбелшік:
Жақыпбай  жапа-жалгыз  куйбең  қагып,
Тентіреп,  жүмыс  қылмай  жүрсің  негып?
Секілді  кәрі мысық  қаңгып  жүрсің,
Далада  күні  өтетін  тышқан  багып, -
деп  жалқауды  сынап,  мазақтайды.  Арада  айтыс  туады.  Қыз  да,  жал- 
қау  да  уәж   айтады.  Бірақ  жігіт  пен  тәбелш ік  жүйелі  сөз,  орынды

205
кінәмен  оларды  бұлтартпайды.  Екі  жазушының  да  сықақты  жағым-
ш
ды  және  жағымсыз  кейіпкерлердің  арасындағы  сөз  қақтығысы түрінде 
беріп,  оны  «Айтыс»  деп  атауы,  он  бір  буынды  қара  өлеңмен  жазуы
едәуір  үқсастық.
Жоғарыда  Қ.Тайшықов  бір  төрені  өз  аузымен  әшкерелегенің,  оның
тәубаға  келуін  өзіне  баяндатқанын  айттық.  Дүйсенбек  те  кейбір  сықақ 
өлеңінде  осы  тәсілге  жүгінген.
Жолдастар

сусымалы  сынаптаймын,
Көрсетіп  көпке  мінді  сынатпаймын.
Тіл  гиайпау,  жүріс  шалыс,  шылыгы  көп,
Басқаны  төреліктен  үнатпаймын,
  -
дегізіп,  лирикалық  кейіпкерді  ағынан  жарылдырған.
Қадыр  С.Төлеш ов  фельетондары нда  да  айқын  із  қалдырды. 
Сейділдә  өзінің  «Ассалаумағалейкүм,  Нүрманов  жолдас»  деген  фелье- 
тонын  Қадырдың «Шым-шытырық» атты  сықағының мазмүныңа қүрды. 
Күшеншек  ақын,  жортақы  жазушыларды  Сейділдә  да  Қадырша  ажуа- 
лады.  Қадырша  сыдырта,  төпеді.  Сол  қүсап  сөйлемдерді  анафора,  эпи- 
фора  ретімен  қүруға,  бір-бірінне  ілместіре  жазуға  мән  берді.  Тіпті, 
оның  кейбір  сөз,  тіркес,  сөйлем  жүйелерін  сыналап  пайдаланып  та
жіберіп  отырды.
Сонымен  «Қ.Тайшықов  кеңестік  қазақ  әдебиетінде  сатираның  да- 
муына  ...  дәм ді  үлес  қосты».  Өткір  де  әсерлі  жазуда  өзіндік  үнін 
естіртіп,  өз  қолтаңбасын  танытты.  Күтпеген,  шебер  ситуация,  тапқыр 
да  қуақы  пікір,  көркемдік  бейнелеудің  алуан  амалдары,  әсіресе,  иро- 
ния,  кейіпкерлердің  қыран  күлкілі  жүріс-жорығы,  тың  түрі — Қадыр  са- 
тирасының  басты  ерекшеліктері.  Осы  қасиеттерімен  ол  -   қызықты, 
оқушыға  эмоциялық  әсері  мол,  қүнды  мүра.

206
9.  Д Ә Р І Г Е Р ,   Ғ А Л Ы М ,   Ж А З У Ш Ы
(З ей ін   Шашкин)
Қазақ  әдебиетінің  тарихында  өзіндік  қолтаңбасымен  белгілі  жазу- 
шыларымыздың  бірі  Зейін  Шашкин  Жүнісбекүлы  1912  жылы  қазіргі 
Павлодар  облысының  Баянауылында  дүниеге  келіп,  1966  жылы  54  жа- 
сында  Алматы  қаласында  мәңгілікке  көз  жүмған.  Оның  өмірбаяны  ту- 
ралы  неғүрлым  толық деректі  біздер  ақын  Қалижан  Бекхожиннің «Өлең 
өткелдері»  атты  естелік  кітабынан  таптық.  Ол  «Зерделі  еді  жасынан» 
деген  естелік  материалында  Зейіннің  көптеген  бүрын  оқушы  қауымға 
белгісіз  болып  іс^лген  ақындық,  ғалымдық,  жазушылық қырларына тоқ- 
талады.  М әселен,  онда  жазушының  әулеті,  шығу  тегі  және  жастық 
шағынан  мынадай  мәліметтер  берілген.
«Бала  болсам  да  Шашкин  әулетінің   есім дері  менің  қүлағыма 
бүрыннан  сіңіскен  еді.  Менің  әкем  Нүрғожа  Баянауыл  атырабының 
Қызылтау  аталатын  бір  шоқысында  туып  өссе  керек.  Зейіннің  ата 
жүрты,  шағын  қозған  ауылы  да  осы  Қызылтау  бөктерін  мекендепті. 
Революциядан  бүрын  біздің  руымыз  Түлпар  ата  мен  Шашкиндердің 
түқымы  Қозғандар-бір  болыс  ел  болыпты.  Мүны  мен  әкемнің  ауыз- 
екі  әңгімелерінен  сөз  арасында  естіген  едім.  Ал  революция  алдын- 
да  сол  Түлпар-Қозған  жүртына  аз  уақыт  болыс  болған,  кейін  совет 
үкіметіне  беріліп  қызмет  еткен  Әбушаһман  Нүржанов  Керекудегі 
біздің  үймен  іргелес  көрші  болды.  Бүл — оқыған  инабатты  кісі  Шаш- 
киндермен  аталас  екен,  адвокат  Әбушаһманның  үйіне  Зейіннің  Пав- 
лодар  маңында  жауапты  партия,  совет  қызметтеріндегі  ағалары  Са- 
ғымбай  мен  Дайырбай  Шашкиндердің  кейде  келіп  журетінін  байқа- 
ған  едім»  [116].  | І 
=>п

Иә,  ақынның  айтуы  бойынша,  Зейін  жас  кезінен-ақ  өте  білімдар, 
зейінді,  алғыр  азамат  болған.  Плеханов  пен  Ленинге  ден  қойып,  Бай- 
рон,  Пушкин,  Лермонтов,  Есенин,  Абай,  Махамбеттерді  жатқа  айт- 
қан.  Сол  кездің  дауылпаз  ақыны  С.Сейфуллиннің  «Қызыл  ат»  поэма- 
сының  стиліне,  кейбір  өлең  сөз  қүрамына  сын  айтып,  «Социалистік 
Қазақстан»  газетінің  бетінде  бір  көрінсе,  белгілі  әдебиетші-сыншы  Ес- 
мағамбет  Ысмаиловпен  қазақ  тілінде  «Әдебиет  теориясы»  кітабын  жа- 
зып  екі  көрінді.  Үшінші  көрінгені  сол  жылдары  ол  Москвада  филосо-
фия  және  тарих  институтында  оқыды.
Бірақ,  қатер  қайдан  деуге  болмайды.  З.Шашкин  1937-1938  жыл-
дардың  қанды  зобалаңына  үшырап  1950  жылдарға  дейін  елден  алыс
шет  аймақтарда  қуғын-сүргінде  жүрген.  Қүрдасының  әрі  сырласының
осындай  қиын  тағдырына  арнап  ақын  Қ.Бекхожин  «Арнау»  деп  атала-
тын  өлең  де  жазған:
Білемін,  өкпелісің  өлеңіме,
Түскенде уақыпгтың  сен  әлегіне.
Шадыман  жырмен  гана  іиалқыдым  мен,
Тагдырын  түстасымның  еледім  бе?
Түссе  де  теңбіл  менің  талайыма,
Шырмалсын  өлең  іиіркін  қалай  мүңга?
Қызықтым  зор  өмірдің  бәйгесіне,
Қосылмай  дүбіріне  қалайын  ба?
Жас  едік  туган  бірге  таң  нүрында,
Телімін  бақытыңа,  тагдырыңа,
Тосыннан  қүйын  сені  теңселткенде,
Менің  де  түспеді  ме  дақ  жырыма...?
Өзінің  осы  арнау  өлеңі  туралы  ақын  кейін  жазған  естеліктерінің 
бірінде  «Бүл  арнау  1957  жылы  басылып  шыққан  «Ақан  Ақтаев»  атты 
поэмада  бар.  Менің  осы  сырымды  оқып  шыққан  Зейіннің,  мені  үйіме 
әдейі  іздеп  келіп,  көзіне  жас  алып  қүшақтап  сүйгені  әлі  есімде», -   деп
жазған.
З.Шашкиннің  әдеби  қызметі  көптеген  жазушылар  сияқты  ақын- 
дыктан  басталған.  Әсіресе,  Павлодарда  2  басқыш  мектептің  3  класын- 
да  оқып  жүрген  кезінде,  жоғары  класс  оқушыларымен  педагогика  тех- 
никумының  бейімді  студенттерін  жиып,  драма  үйірмесін  үйымдасты- 
рып,  жүмысшылар  қлубының  сахнасына  «Зарлық»  атты  пьеса  қойып, 
өзі  бас  рөлді  орындап  жүрген  кезінде  біршама  жазып,газет-журнал

208
беттеріне  жариялатып  түрған.  Одан  соң  Москвада  жүрген  кезінде  әде- 
би  сын  және  ғылыми  зерттеу  жағына  ойысқан.  Бүл  түста  оның  білімі 
әбден  толығып  шығармаларын  қос  тілде  бірдей  (қазақ  және  орыс)  жа- 
затын  дәрежеге  жеткен.  Аз  ғана  келте  ғүмырының  ішінде  жазушы  со- 
ңына  мол  мүра  жазып  қалдырған.  Бүл  ретте  оның  «Тоқаш  Бокин»,  «Те- 
міртау»,  «Доктор  Дарханов»,  «Сенім»  сияқты  күрделі  романдарымен 
қатар  «Акбота»,  «Дос  ойы»,  «Ақынның  ^шуы»  әңгімелерін,  «Өмір 
тынысы»,  «Қиядан  үшқанда»  повестерін,  «Замана  осылай  басталады» 
және  «Ақын  жүрегі»  пьесасаларын  қазақ  әдебиетінің  алтын  корына 
дер  кезінде  қосылған  асыл  шығармалар  деп  бағалағанымыз  жөн.
Мәселен,  жазушы  өзінің  «Тоқаш  Бокин»  атты  романын  туған  жер- 
ден  алыста,  айдауда  жүріп  жазған.  Бүл  туралы  дерек  жоғарыда  айтқан 
ақын  Қ.Бекхожиннің  естелігінде  бар.
«Зейін  сонау  шалғайда  жүріп,  Жетісудың  бір  революционері  ту- 
ралы  кітап  жазыпты -   деді  Садық  ағай.
-  
Неткен  төзім!  Неткен  өжеттік!  -   деп  мен  қайран  қалдым.  -   Ол 
қолжазбасы  қайда? -   деп  сүрады  жалма-жан.
Есмағамбет  Смайлов  деген  досына  Алматыға  жіберіпті,  қандай 
нәтижже  тапқаны  әлі  мәлім  емес,  сен  соған  зер  салшы, -   деді  Садық. 
Мен  әрі  қуанышты,  әрі  күйінішті  ойға  қалдым».
З.Шашкиннің  біраз  еңбектері  дәрігерлер  өміріне  негізделген. 
Өйткені,  ол  1945  жылы  шырмауда  ж үріп,  Иркутск  қаласындағы 
дәрігерлік  училищені  бітірген.  Одан  кейін  1946-1951  жылдары  Бура- 
байдың  бір  емдеу  орнында  дәрігер  болған.  Кейін  бүл  мамандығы  тура- 
лы,  1958  жылы  жазған  бір  мақаласында  «Мен  өз  өмірімде  көп  жылдар 
медицинамен  айналыстым.  Сол  өмірдің  қақ  ортасында  болдым.  Бірақ 
соны  әлі  дүрыстап  жаза  алмай  жүрмін» -   деген  болатын.
Әйтсе  де  дәрігер  жазушы  одан  кейінгі  жылдарда  сол  борышын 
өтеген,  «өзі  қақ  ортасында  болғандығын»,  дәрігерлер  өмірінің  егжей- 
тегжейін  жетік білетіндігін  айтпай танытарлықтай,  шыншыл да  көркем 
шығармалар  жазып,  туған  әдебиетіміздің  әдеби  түлғаларының  легіне 
Нияз,  Айжан,  Райхан,  Асқар  секілді  медиктер  образын  әкеп  қосты. 
Роман  алғаш  рет  1962  жылы  жеке  кітап  болып,  «Жазушы»  баспасы- 
нан  шықты.  Бірақ,  ә  дегеннен  әдебиетш ілер  арасында  түрлі  пікір 
туғызып,  жекелеген  сындарға  үшырады.  Соның  бірі  мынау  еді.
«Зейіннің  қабырғасын  қайыстырған  көңіл-күйін  айтарлықтай  кем- 
іткен  оның  екі  шығармасына  жабылған  жала,  киянпүрыс  пікірлер  ха- 
қында  менің  еске  алмауға  хақым  жоқ.  Кітап  болып  басылып  шыққан-

209
нан  кейін  «Доктор  Дарханов»  романы,  бір  күні  төтенше  жиналыста 
талқыға  түсе  қалды.  Үйімде  өз  жүмысыммен  шүғылданып  отырған 
маған  Зейін  абыржыған  дауыспен  телефон  арқылы  сол  жиынға  кайт- 
сең  де  кел  деп  өтінді.  Проза  ауылының  сыртында  жүргендіктен,  мен 
ондай  жиыннан  тыс  жүруші  едім.  Бара  калдым.  Жиналысты  үйымдас- 
тырған  және  басқарған  Ғабиден  неге  екені  белгісіз  талқылауды  ашар- 
да  романның  авторына  шүқшия  сөйледі.  Менің  қытығыма  тиген  бір 
созі:  «Ол  романның  отыз  бетін  ғана  оқыдым,  маған  үнамады»  деп  жи- 
налғандарға  озінің  секамал  пікірін  откізуді  коздеді.  Көлемді  романның 
отыз  бетін  айтып  сондай  қыңыр  түжырымға  келе  ме?
«Доктор  Дарханов»  туралы  баяндама  жасаған  Сейділ  Талжанов  та 
романды  іреп,  сілкіп,  мүқата  мін  тақты.  Бүл  әдебиетшіні  мен  жақсы 
білетінмін  де  тіпті  ізетпен  сыйлайтынмын  да.  Сонау  1936-1937  жылдары 
Сейділ  Талжанов  аздап  жазған  мақалалары  үстіне  А.С.Пушкиннің  атақты 
«Полтава»  поэмасын  аударып,  бізді  жас  ақындарды  таңдандырғаны  бар. 
Тағы  да  есімде  қалғаны,  Сейділ  бір  күні  біздерге,  дуылдап  түрған  жас 
ақындарға, — «Сендерді  ақын  етіп  жүрген  қазақтың  етістігі  ғой» — деп 
салды.  Бүл  созді  көңіліме  кіді  сақтаған  мен  олең-үйқастарымда  барған- 
салған  сияқты  етістіктерге  жоламауға  тырыстым.  Ал,  қазір  досымның 
игілікті  еңбегіне  әділетсіз  қыңыр  пікір  айткан  бүл  кісіге  менің  қыжырым 
қозып  кетті.  Әлі  есімде  жақын  жерде  отырған  Сейділге  зілдене  сөйледім.
Жиналыстан  дуылдасып  тарқадық.  Екі-үш  күн  откеннен  кейін 
Сейділ ағайды кошеде кездестірдім. Үшкыр созіме кінәлі  адамдай жылы 
сәлемдестім.  Ол кісі де сол сөзіне өзі де абыржыса керек.  «Зейінді жақсы 
көріп,  аяушы  едім.  Ақыл  айтам  деп  қисық тартқан  шығармын,  Зейіннің 
өзінен  де  кешірім  сүрадым,  сенікінің  негізі  дүрыс» — деп  өпке  емес, 
жүбатарлық  ымыра  білдірді.  Мен  ол  кісіге  разы  болып  қалдым.
Зейін  пәк  жүрегімен  доспын  дегенге  аса  мейірімді,  ақ  пейіл  де 
еді.  Зейіннің үйінде  Сейділ Талжановты,  Өтебай  Түрманжановты,  сын- 
шымыз  Мүхамеджан  Қаратаевты  және  де  белгілі  ақын-жазушылары- 
мыз  Ә б д іл д ә   Т әж ібаевты ,  Рахматолла  Райымқүловты,  Сафуан 
Шәймерденовты,  Қалмүқан  Исабаевты,  Әбдірашит  Азметовты  тағы 
басқа  достарын  дастархан  басында  сүхбаттасып  отырған  шақта
бірнеше  көрген  едім  [117].
Сөйтіп,  «Доктор  Дарханов»  романы  алғашқыда  осындай  кейбір
негізсіз  сынға  үшыраса  да  бірте-бірте  уақыт  сынынан  отіп,  әдебиет 
төрінен  лайықты  бағасын  алған,  дәрігер  өмірінен  жазылған  бірден-
бір  елеулі  шығармаға  айналды.

З.Шашкиннің  келесі  «Сенім»  романы  -   жазушының  жаңа  адам 
тұлғасын  мүсіндеудегі  елеулі  шығармасы.  Автор  бұл  романды  1964 
жылдың  аяғы  мен  1965  жылдың  бас  кезінде  бас-аяғы  екі-үш  айдың 
ішінде  жазып  шығып,  алғашқы  нүсқасын  «Жүлдыз»  журналына  бас- 
тырады  [120].  Кейіннен  азды-көпті  өзгерістер  енгізіп,  1966  жылы  жеке 
кітап етіп шығарады.  Бүл  «Сенім» романын жазушының ең соңғы сүбелі 
шығармасы  дейміз,  себебі,  өмірінің  көп  уақытын  сыртта  өткізген  аза- 
мат  денсаулығынан  айырылған  еді,  ол  сол  1966  жылы  ауруханада  жа- 
тып,  мәңгілікке  көз  жұмды. 
(^
Әйткенмен,  осы  өзіміз  сөз  қылып  отырған  «Сенім»  романы  да  тез 
жазылғанымен,  оңайлықпен  баспа  жүзін  көре  қоймаған.  Осыған  орай 
тағы  да  Қ.Бекхожиннің  естелігінен  жазушы  өмірінің  соңғы  күндеріне 
арналған  беттерінен  үзінді  оқып  көрелік:
«Творчестволық  жүмысқа  шабытпен  жан  сала  сүңгіген  Зейіннің 
талайғы  зардаптары  қосылып,  кейінгі  шақта  сырқаты  асқынып,  жатып 
алды.  Бүл  ахуалға  «Сенім»  атты  кейінгі  шақта  повесінің  әлдеқандай 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет