457
Қорғалған орындалудағы күштік үш фазалы құрғақ трансформаторлар
(13.14 сур.)
6
(10) кВ жоғары кернеуіне және 0,23; 0,4 және 0,69 кВ
төмен кернеуіне есептелген орамалармен, 160 бастап 1600 кВА дейінгі
қуатпен шығарылады. МЕСТ 14074—76 сонымен қатар қуаты кем
дегенде 160 кВА (25, 40,
66
, 100 кВ-А) болатын құрғақ
трансформаторлардың шығарылуын қарастырады.
Құрғақ трансформатор қорғаныс қаптамасынан және қақпақпен
байланысты белсенді бөліктен құралады. Оның орамалары шыны
тоқымамен оқшауланған мыс сымнан жасалған, глифталь лагымен
сіңдірілген және эмальмен қапталған. Осындай трансформаторлар
қаптамалары бөлшектелетін түрде, тілімді болаттан, тік бұрышты пішін
түрінде жасалады. Олардың қабырғаларында орамаларды және магнит
өткізгішті салқындатуға арналған желдеткіш жалюзи бар.
ЖК орамаларда 2,5 %-дық сатылармен номиналды кернеуге
қатысты трансформация коэффициентін ±5 %-ға өзгертуге арналған
қосымша тармақталымдар бар. Ауыстырып қосулар тек ЖК және ТК
орамаларды желіден сөндіргеннен кейін жүргізіледі. Ауыстырып қосу
құрылғысы
жоғарғы
жармалық
арқалыққа
бұрыштамалармен
бекітілген, қысқыштары бар гетинакс панелі болып табылады. Оған
қосымша тармақталымдар келтіріледі; ауыстырып қосулар арнайы
ұстатқыштармен жүргізіледі.
Құрғақ трансформаторлар сол немесе оң жақта орналасқан ЖК
кірістермен жасалады.
Қуаты 160, 250 және 400 кВ-А болатын құрғақ трансформаторлар
тек тіректі жақтау-жылжымалармен жабдықталады, ал қуаты 630, 1000
және 1600 кВ-А болатын трансформаторлар — бойлық және көлденең
орын ауыстыру үшін жылжытуға болатын шығыршықты арбашамен.
Достарыңызбен бөлісу: