178
Жеке тұтынушылардың электрлік есептеуіштері әдетте орынжай
ішінде электр энергиясы кіргізілетін жерлерде орналастырылады. Пәтерлік
есептеуіштер баспалдақ торларында қабаттық қалқандарда және
шкафтарда немесе тікелей пәтерлерде пәтерлік қалқандарда орнатылады.
Есептеуіштер жабылатын шкафтар ішінде 1,4... 1,7 м биіктігінде
орналастырылады, оларда есіктерді ашусыз көрсеткіштер алуға арналған
терезелер қарастырылады.
Коммуналдық шаруашылық қондырғыларында есептеуіштер кірістік-
тарату құрылғыларында орналастырылады. Оларға арналған элетрлік
сымдар желісі құрылыстық құрылымдар арналарында сылақ астында
жасырын немесе құбырларда ашық орындалады. Есептеуіштерді жалғау
үшін ұзындығы 250 мм болатын сымдардың еркін ұштарын қалдырады.
Жерге тұйықталуы тиіс ажыратқыштардың, ауыстырып қосқыштардың
және ашалы розеткалардың металл корпустары жерге тұйықтағыш
бұрамалар арқылы жеке сымдармен электрлік сымдар желісінің нөлдік
сымына (балқымалаумен немесе дәнекерлеумен) жалғанады.
Достарыңызбен бөлісу: