Синтаксистік парадигмалар


жалғау, шылау тəсілдерімен байланысуы қажет



Pdf көрінісі
бет10/374
Дата07.01.2022
өлшемі2,27 Mb.
#17280
түріМонография
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   374
жалғау, шылау тəсілдерімен байланысуы қажет. Мысалы, қызық ойын 
дегеннің  сыңарлары  ешқандай  қосымшасыз  қатар  тұрып  байланысса, 
ауылдың баласы деген тіркесте байланыс орнатып тұрған – ілік септігі 
мен тəуелдік жалғауы, ал берген соң алдым деген күрделі тіркесте екі сөз 
пішінін жалғастырып тұрған – соң септеулігі. Ал интонация – сөйлемге 
тəн құбылыс, яғни қарым-қатынас үстінде қолданылады, ал сөз тіркесі 
болса сөйлемнің тетігі ғана, қарым-қатынастық бірлік емес.
5. Қазақ тілінде сөздердің байланысуының бес формасы бар: қиысу, 
қабысу, меңгеру, жанасу, матасу. Сөз тіркесінің сыңарлары қабыса, мең-
геріле, матаса ғана байланысады. Мысалы: еркін ел, қызығып оқу, жалт 
қарау  сөз  тіркестерінің  сыңарлары  жалғаулықсыз  орын  тəртібі  бойын-
ша қатар тұрып қабыса байланысып тұрса, ауылды көру, сиямен жазу, 
телефон  арқылы  сөйлесу  деген  сөз  тіркестерінің  сыңарлары  атау  мен 
іліктен  басқа  септік  жəне  септеулік  шылау  ықпалымен  меңгеріле  бай-
ланысып тұр, сондай-ақ дала көктемі, елдің сөзі, біздің ауыл деген сөз 
тіркестерінің сыңарлары ілік септігі мен тəуелдік жалғаудың көмегімен 
матаса байланысып тұр. Қиысу байланысына келсек, оның қазақ тілін-
де  бастауыш  пен  баяндауыштың  байланысы  екендігі  белгілі,  ал  баста-
уыш пен баяндауышы бар бірліктің сөйлем болып шығатыны тіпті анық. 
Жанасудың сөз тіркесін жасай алмайтын себебі – ол сөйлем ішінде ғана 
көрінеді, ал сөз тіркесін межелегенде біз екі сыңарды ғана аламыз, сон-
дықтан да болар сөз тіркестерін жіктегенде бұл байланыс есепке алын-
байды. Демек, жанасу – дербес бірлік болып есептелетін сөз тіркесінің 
аясындағы емес, сөйлем ішіндегі байланыс.
6. Сөз тіркесін дербес бірлік қылуға ықпал ететін сипат – оның сыңар-
ларының сипаты. Сөз тіркестерінің сыңарлары бірі екіншісіне бағына 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   374




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет