Синтаксистік парадигмалар


Тұрлаусыз  мүшелер  арқылы  жайылмаланудың



Pdf көрінісі
бет116/374
Дата07.01.2022
өлшемі2,27 Mb.
#17280
түріМонография
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   374
Тұрлаусыз  мүшелер  арқылы  жайылмаланудың  өзі  екі  түрде  көрі-
неді: 1) сөйлемнің  кіші  құрылымы  болып  табылатын  бас  мүшелермен 
немесе өзара сөз тіркесімділік ыңғайда тікелей құрылымдық та, мағына-
лық та байланысқа түсу арқылы сөйлемнің синтаксистік құрылымы мен 
жалпы  мағыналық  құрылымын  бірдей  жайылмаландыратын  «əмбебап» 
тұрлаусыз мүшелер арқылы жайылмалану;
 2) сөйлемнің бас мүшелерімен немесе өзара əлсіз тіркесімдік қатынас-
та, яғни «еркін» байланыста болып, сөйлемді жалпы мағыналық-мазмұн-
дық тұрғыда ғана жайылмаландыруға қатысатын «детерминант» тұрлау-
сыз мүшелер арқылы. 
Өткен ғасырдың орта тұсынан орыс тіл білімінде сөйлем мүшелерін 
дəстүрлі тұрғыда «тұрлаулы» жəне «тұрлаусыз» мүше ретінде бір-бірі-
не  қарама-қарсы  екі  топқа  жіктеп  мүшелеудің  кейбір  түсініксіз,  осал 
тұстары  бар  деген  ойлар  пайда  болды.  Орыс  ғалымдарының  пікірін-
ше,  сөйлемді  жайылмаландыруға  қатысатын  мүшелердің  өзі  құрамы 
мен  құрылысы  жағынан  түрлі-түрлі  болып  келеді:  кейбір  тұрлаусыз 
мүшелердің  қызметі  тұрлаулы  мүшелерден  кем  түспей,  хабар  мазмұ-
ны  үшін  олардың  қажеттілігі  айқын  аңғарылып  тұрса,  кей  жағдайда 
олардың  сөйлем  мүшелерімен  байланысы  бəсең  болып,  олардың  қыз-
меті бір жақты, яғни нақты бір сөйлем мүшесіне тəуелді болмай, сөй-
лем мағынасын кеңейту қызметін ғана атқарады (Ф.Б.Буслаев, А.В.По-
пов,  Д.Н.Овсянико-Куликовский,  А.М.Пешковский,  И.И.Мещанинов, 
В.В.Виноградов т.б.). 
«Детерминант»  терминін 1964 жылы  орыс  ғалымы  Н.Ю.Шведова 
«Детерминирующий  объект  и  детерминирующее  обстоятельство  как 
самостоятельные  рапространители  предложения»  деген  мақаласында 
алғаш рет қолданды. Міне, осы кезеңнен бастап лингвистикалық сөздік-
терде, академиялық орыс грамматикалырында осы терминге анықтама-
лар беріліп, зерттеу нысанына айнала бастады. (Бұл жөнінде мына əде-
биеттерді қарау керек: «Русская грамматика». Гл. ред. Н.Ю.Шведова, ІІ 
т. – М., 1982. С.149; «Лингвистический энциклопедический словарь». Гл. 
ред. В.Н.Ярцева. – М., 1990. С. 131 т.б.). 
Соңғы  кездерге  дейін  түркі  тілдерінде  сөйлемді  жайылмаланды-
рушы  детерминанттық  мүшелер  арнайы  зерттеу  нысаны  болған  емес. 
Тек,  белгілі  татар  ғалымы  М.З.Закиевтің  авторлығымен 1995 жылы 
шыққан «Татарская грамматика. Синтаксис.» еңбегінде ғалым жоғары-
дағы орыс ғалымдарының дерминанттар жөніндегі пікірлеріне талдау 
жасай келіп, семантикалық тұрғыдан алғанда, детерминант сөйлемнің 
темасы  бола  отырып,  предикативтік  топтан  тұратын  қалған  бөлігіне 
(ремаға)  немесе  өзінің  предикативтік  тобындағы  мүшелерге  қатысты 
болады. Ал синтаксистік құрылым тұрғысынан татар тілінде детерми-
нант қалайда белгілі бір сөйлем мүшесіне грамматикалық құралдардың 
көмегі арқылы бағынышты болады. Осындай ой қорытындысы нəтиже-
сінде М.З.Закиев детерминантқа мынадай анықтама береді: „Детерми-
нант – это дополнение или обстоятельство, выражающее тему, поэтому 
семантически относящееся к оставшейся предиакативной части пред-
ложения в целом, но синтаксически связанное с каким-нибудь отдель-
ным его членом” [17, 342 б.]. 
Ғалымның  бұл  анықтамасы  қазақ  тілі  үшін  де  қолдануға  тұрарлық. 
Детерминант – қазақ тіл білімінде арнайы зерттелуін күтіп тұрған мəсе-
ле.  Дегенмен,  осы  құбылысты  жоғарыдағы  анықтаманы  басшылыққа 
алып түсіндіруге болады. Мысалы, «Сол күннен бастап ол Кутузов де-
геннің кім екенін білмекке құштар болды» сөйлемі синтаксистік құрылы-
мы  жағынан  мынадай  мүшелерден  тұрады:  пысықтауыш  (сол  күннен
бастап),  бастауыш  (ол),  толықтауыш  (Кутузов  дегеннің  кім  екенін  біл-
мекке)  құштар  болды.  Ал  коммуникативтік  құрылымы  жағынан  тема 
–  сол  күннен  бастап  ол,  рема – Кутузов  дегеннің  кім  екенін  білмекке 
құштар болды. Сөйлемнің осы екі бөлігінде екі тұрлаусыз мүше – пы-
сықтауыш  жəне  жанама  толықтауыш  бар.  М.З.Закиевтің  анықтамасы 
бойынша, осы тема құрамындағы пысықтауыш (сол күннен бастап) – де-
терминант мүше. Енді, дəл осы мүшенің детерминант екенін қалай білуге 
болады? Ол үшін орыс ғалымдарының хабардың негізгі өзегін құрайтын 
предикативтік  қатынасқа  негізделген  кіші  құрылымдық  үлгісін  бас-
шылыққа алу туралы тұжырымдарын да ескеру қажет. Сонда осы сөйлем
білдіретін хабар мазмұны (семантикасы) субъектінің белгілі бір объекті 
жөнінде мəлімет білуге құштарлығын (сезім əрекетін) білдіру болса, бұл 
«Ол Кутузов дегеннің кім екенін білуге құштар болды» сөйлемі арқылы 
беріліп тұр. Бұл сөйлемді қай құрылымдық жағынан алсақ та, жетімсіз 
сөйлем деуге келмейді. Сонда «сол күннен бастап» деген пысықтауыш-
сыз-ақ сөйлем хабар білдіру, қатынас құралы болу қызметін толығымен 
атқарып тұр. Оған сөйлемнің толықтауыш арқылы жайылмалануы да өз 
септігін тигізген. Ал сөйлеу барысында баяншы хабарын мезгіл жағынан 
толықтыра, нақтылай түсу мақсатын көздеп, негізгі сөйлемді пысықта-
уыш мүшемен қосалқы түрде жайылмаландырады. Міне, осы қосылған 
мүше детерминант мүше болады. Сонда бұл мүшені сөйлемге енгізбей 
қойса да, сөйлемнің мазмұндық құрылымына пəлендей нұқсан келе қой-


130
131
Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар
І бөлім. Дəстүрлі синтаксистік парадигмалар
майтыны аңғарылады. Детерминант мүшені əдеттегі мүшелерден айыра 
қарауда осы ерекшелік ескеріледі. 
Тұрлаусыз  мүшелер  ішінен  сөйлемнің  формалдық  (грамматикалық) 
құрылымын  жайылмаландыруда,  сол  арқылы  оның  жалпы  семантика-
сын (мағынасын) кеңейтуде, алдыңғы орында толықтауыш тұрады. Бұл 
сөйлем мүшесі туралы ой-пікірлер А.Байтұрсынов [1, 279 б.] анықтама-
сынан бастап қазірге дейінгі барлық грамматикаларда бір-бірінен алшақ 
кете қоймайды (Салыстырып қарау қажет). 
Сөйлемді  жайылмаландыруда  толықтауыштардың  ішінде,  əсіресе 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   374




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет