Синтаксистік парадигмалар



Pdf көрінісі
бет201/374
Дата07.01.2022
өлшемі2,27 Mb.
#17280
түріМонография
1   ...   197   198   199   200   201   202   203   204   ...   374
Байланысты:
Paradigma2015-1

Аз  уақыт  ішінде  біраз  өзгешеліктер  болған – Қандай  өзгешеліктер 
болған? (түсіндірмелі).
Сондай оқиға біздің басымызда да болды – Қандай оқиға? (ыңғайлас).
Асқар түс көріпті – Қандай түс көріпті? (түсіндірмелі).


230
231
Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар
І бөлім. Дəстүрлі синтаксистік парадигмалар
Ғажап оқиға болды – Қандай оқиға?(түсіндірмелі) 
Қазақ  халқының  шақырмасаң  да  баратын,  қусаң  да  кетпейтін  екі 
жиналысы бар – Қандай жиналыс? (түсіндірмелі).
Өмірдің өз заңы бар екен – Қандай заң? (ыңғайлас).
Егер осы сөйлемдердің екінші компонентін басқаша құрсақ, сөз жоқ, 
компоненттер арасындағы грамматикалық байланыс та өзгереді.
Аз уақыт ішінде біраз өзгешеліктер болған, бір-бірімізбен таласа ай-
тып жатырмыз (ыңғайлас). Сондай оқиға біздің басымызда да болды, 
алайда тез ұмытып қалыппыз (қарсылықты). Асқар түс көріпті, оны-
сын бəріміз естіп алғанбыз (ыңғайлас).
Қазақ  халқының  шақырмасаң  да  баратын,  қусаң  да  кетпейтін  екі 
жиналысы бар, оған баруға міндеттісің (ыңғайлас). Ғажап оқиға бол-
ды, кейіпкерінің біреуі менмін (ыңғайлас). Өмірдің өз заңы бар екен, өйт-
кені жүре келе көріп келеміз (себеп).
Бұдан шығатын қорытынды: компоненттер арасындағы грамматика-
лық  қатынасты  айқындауда  екінші  компоненттің  құрылымының  айтар-
лықтай үлесі бар. Етістік не құрама баяндауышты алғашқы компоненттің 
субъект не нысаны екінші компонентте сын-сапа тұрғысынан айқында-
лады.
  Нысандық  қатынастағы  құрмалас  сөйлемдер.  Нысандық  қаты-
настағы құрмалас сөйлемдердің ішінде салалас түрі қазақ тіл білімінде 
айтылып  жүр.  Профессор  Р.Əмір  салалас  құрмаластың  аталған  түрінің 
құрылысына назар аударады. Бұларда құрмалас сөйлемнің екінші бөлігі 
алғашқысында нысан болып табылатын қатынастың қимылын, əрекетін 
білдіреді. Ғалым нысанды білдіретін компонент постпозициялық күйде 
болатындығына назар аударады.
Мысалы:  Бастарын  көтеріп  алғанда  көрді:  оң  жақтан  шалдың 
қойы  құлап  келеді  екен  (А.Нұрманов).  Əсет  енді  ғана  байқады:  сонау 
бұрышта  тығылып  қана  Бəзікен  отыр  екен  (С.Мұратбеков).  Əлгінде 
ет қызулықпен сезбепті: үскіріктің ащы зəрі күшейіп, кешкілікке қарай 
сары шұнақ аяздың құтырына түскен түрі бар (С.Мұратбеков).
Бірінші сөйлемде қабылдау, сөйлеуді білдіретін (есітті, көрді, айт-
ты жəне тағы басқа) сабақты етістіктер қолданылады. Сабақты етістік-
терден жасалған баяндауыштардың мазмұны құрмалас сөйлемнің екінші 
бөлігінің нысандық қатынасына негіз болады. Бұл компоненттердің шы-
лаусыз байланыстарын айқындайды.
Постпозициялық  нысандық  құрамдас  бөлігі  бар  салалас  құрмалас 
сөйлем  компоненттерді  кері  орналастыру  үлгісіндегі  салалас  құрмалас 
сөйлемнің  стильдік  нұсқасы  болып  табылады.  Бұл  жерде  заңды  сұрақ 
туындайды:  компоненттер  орнын  ауыстырудың  сыңарлар  арасындағы 
грамматикалық  жəне  семантикалық  қатынастарға  тигізер  ықпалы  қан-
дай? Салыстырыңыз:
Мысалы: (1а) Басын көтеріп көрді: оң жақтан шалдың қойы құлап 
келеді екен
(1ə) Оң жақтан шалдың қойы құлап келеді екен, оны басын көтеріп 
алғанда көрді.
(2а)  Əсет  енді  ғана  байқады:  сонау  бұрышта  тығылып  қана  Бəзікен 
отыр екен.
(2ə) Сонау бұрышта тығылып қана Бəзікен отыр екен, оны Əсет енді 
ғана байқады. 
(3а)  Əлгінде  ет  қызулықпен  сезбепті:  үскіріктің  ащы  зəрі  күшейіп, 
кешкілікке қарай сары шұнақ аяздың құтырына түскен түрі бар.
(3ə) Үскіріктің ащы зəрі күшейіп, кешкілікке қарай сары шұнақ аяз-
дың құтырына түскен түрі бар, оны əлгінде ет қызулықпен сезбепті. 
1, 2, 3-сөйлемнің (а) нұсқалары нысандық қатынастағы жалғаулықсыз 
түсіндірмелі салалас сөйлем болса, ал осы сөйлемдердің (ə) нұсқасында 
сол нысандық қатынас сақталып қалған, бұл жағдайда да алғашқы ком-
понент «- Нені  басын  көтеріп  алғанда  көрді?  Нені  Əсет  енді  ғана  бай-
қады? Нені ет қызулықпен сезбепті?» деген сұрақтардың жауабы болып 
тұр. Сондықтан мұндай сөйлемдерді препозициялық нысандық құрмалас 
сөйлемдер деп тануға негіз бар. Бірақ мағыналық қатынаста өзгеріс бо-
лады, (ə) нұсқасында түсіндірмелік мəннен гөрі мезгілдік, ыңғайластық 
мəн басым сипат алады.
Постпозициялық  нысандық  құрамдас  бөлігі  бар  салалас  құрмалас 
сөйлем айрықша көрсету, бөліп айту үшін жəне кейде жалпы сөйлемнің 
экспрессивті болып шығуы үшін қолданылады.
Соңғы  жағдайда  алдыңғы  сөйлемнің  баяндауышы  ерекше  дауыс 
ырғағымен айтылады. Есітемін: ол сөзден тайыпты. Байқаймын: жол 
шет қалған сияқты.
Нысандық қатынастағы құрмалас сөйлемдердің тағы бір жолы – бір 
компонентінің сұраулы сөйлем формасында келуі. Мысалы: 
Көрер едің, Шаламын ба, отпын ба? Білер едің, Ақынмын ба, жоқпын 
ба?...  (М.Мақатаев).  Балалық  өтті,  білдің  бе?  Жігіттікке  келдің  бе? 
Жігіттік өтті, көрдің бе? Кəрілікке көндің бе? (Абай).
Ең  бастысы,  түсіндірмелі  жəне  нысандық  қатынастағы  сөйлемдерді 
бөлуде  екі  түрлі  ұстаным  негіз  болатындығын  ескерген  жөн:  бірі  (ны-
сандық қатынас) компоненттер арасындағы грамматикалық қатынастың 
нəтижесі болса, екіншісі (түсіндірмелі құрылымдар) семантикалық ұста-
нымға негізделеді. Сонда түсіндірмелі мəндегі сөйлемдер нысандық қа-
тынастағы сөйлемдердің бір түрі ғана. 
Академик  М.Серғалиев  нысандық  қатынастың  тек  салаластар  емес, 
сабақтастарға да тəн екендігін нақты мысалдармен дəлелдей келіп, ком-
поненттер арасында жанама нысандық қатынастың да көрініс табатынын 
ескертеді: «Объектілік  қатынастың  əрқашан  тура  болып  келмей,  кейде 


232
233
Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар
І бөлім. Дəстүрлі синтаксистік парадигмалар
жанама объектілік қатынас болатыны да бар. Сөйлемдердің ішіндегі объ-
ектілік қатынастар туралы да осыны айтуға болар еді, яғни құрмаластың 
құрамындағы  бөліктердің  арасында  жанама  объектілік  қатынастардың 
болатынын жоққа шығару ретсіз» [61, 218 б.]. 
Ғалым одан əрі аталған құрылымдардың нысандық қатынастағы сөй-
лем екендігінің дəлелі ретінде сабақтастардың салалас жəне жай сөйлем-
мен келетін синонимін ұсынады:
Мені табанына салып, қолына не түссе, сонымен жосылтып сабап, 
соққыға жықты (С.О.).; Шынында тіршілік дүниесі неге үйренсе, соған 
дағдыланады ғой (З.Қ.).
Салалас сөйлемдер:
...Қолына не түсті, сонымен жосылтып сабап...; Шынында тіршілік 
дүниесі неге үйренген еді, соған дағдыланады ғой.
Жай сөйлемдер:
...қолына түскенімен жосылтып сабап...; Шынында тіршілік дүниесі 
үйренгеніне дағдыланады ғой» [61, 218 б.].
Мысалға келтірілген сөйлемдер парадигмасы тура жəне жанама ны-
сандық қатынастың құрмалас сөйлем компоненттеріне де жат еместігін 
нақтылайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   197   198   199   200   201   202   203   204   ...   374




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет