320
321
Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар
І бөлім. Дəстүрлі синтаксистік парадигмалар
тіпті сəлемдеспеу міндеті. Қағанағы қарқ, сағанағы сарқ бейқам жі-
гіт болып көріну міндеті. Сүбесі сере көп мəстектің ойын-шыны аралас
атқан оқтарын жұтып жіберу міндеті. Сонсоң түн, қандала, қайта-
дан пластинка – «Қосбасар» мен «Чакона» (О.Сүлейменов).
Басқаша мысал:
Амал қанша, сен суға кеттің. Сен өмірі өзіңнің балыққа айнала ал-
майтыныңды білдің бе екен. Сен еш уақытта Ыстықкөлге жүзіп барып,
ақ кемені қарсы алып: «Армысың, ақ кеме, бұл келген мен ғой», - деп айта
алмайтыныңды білдің бе екен (Ш.Айтматов).
Бұл мысалда анафора да, эпифора да бар. Дербес сөйлемдерді осы-
лайша шегендеу сөзге ерекше айшық беріп тұр.
Анафора мен эпифора стильдік санатқа жататындықтан, бұл айтар-
ман я жазарманның стильдік мақсатына, өрнегіне қатысты болып ке-
леді, яғни субъективтілік тəн. Сондықтан мұның түрлі көріністері мол
болады.
Достарыңызбен бөлісу: