Синтаксистік парадигмалар


 МƏТІН – НЕГІЗГІ ҚАТЫСЫМДЫҚ БІРЛІК



Pdf көрінісі
бет342/374
Дата07.01.2022
өлшемі2,27 Mb.
#17280
түріМонография
1   ...   338   339   340   341   342   343   344   345   ...   374
Байланысты:
Paradigma2015-1

4 МƏТІН – НЕГІЗГІ ҚАТЫСЫМДЫҚ БІРЛІК 
4.1 Мəтін – коммуникативтік синтаксистің негізгі бірлігі
Мəтіннің зерттелуіне алып келген жай сөйлемдегі көптеген грамма-
тикалық құбылыстардың (мыс., сөздердің орын тəртібі, шақ құбылысы 
т.б.) мазмұны, қызметі жағынан толық сипатталып түсіндірілмеуі болды. 
Сөйлем  шеңберінде  түсіндіруге  келмейтін  грамматикалық  құбылысты 
түсіндіру үшін сөйлемнен тыс кеңістікке – мəтін кеңістігіне шығуға тура 
келеді. 
Мəтін  синтаксисі  синтаксистік  құбылыстарды  зерттеуде  біртұтас 
құрылымдық-мағыналық ұстанымға иек артады.
Екіншіден,  тілді  зерттеуге  коммуникативтік-функционалдық  тұрғы-
дан  келу  де  мəтінді  зерттеуге  алып  келді.  Бұл  көзқарас  бойынша  сөй-
лемді қызмет етуші тілдің сөйлеу актісі, коммуникативтік тұлғасы ретін-
де түсіндіреді.
Коммуникативтік аспектіде тілдің синтаксистік құрылымы оның қа-
тысымдық мақсаты тұрғысынан қарастырылады. Синтаксистік құралдар 
қолдану мақсатына бола өмір сүреді.
Тілді  атқаратын  қызметі  тұрғысынан  анықтап,  талдап-түсіндірудің
қажеттігін  ХІХ  ғасырдан  бергі  жерде  көптеген  тілшілер  мойындап  ке-
леді.  Коммуникативтік  синтаксис  немесе  сөйлемнің  актуалды  мүшеле-
ну теориясының пайда болғанына да бір ғасырдай уақыт өтті. Ол бұрын 
сөйлемнің  дəстүрлі  грамматикалық  теориясы  шеңберінде  дамып  келсе, 
кейінгі кезде синтаксисте орталық мəселе ретінде қарала бастады. 
Сөйтіп, біріншіден, грамматиканың өз ішінде дамуы, екіншіден, тілді 
коммуникативтік-функционалды  аспектіде  зерттеудің  нəтижесінде  ХХ 
ғасырдың 70 жылдары мəтін грамматикасы жəне мəтін теориясы пайда 
болды. ХХ ғасырдың 40 жылдары орыс тіл білімінде жарық көрген күр-
делі синтаксистік тұтастық туралы еңбектер (Н.С.Поспелов т.б.) «мəтін-
дік-грамматикалық» идеяның дамуының бір белесі болды. Ол нақтылы 
грамматикалық ізденістердің жаңа деңгейге көтерілуі еді. Оның əрі қарай 
дамуы мəтін грамматикасына алып келді.
Мəтін лингвистикасы тілші ғалымдардың мəтінге көзқарасының өз-
геруі  нəтижесінде  қалыптасты:  мəтін  бұрын  тілді  зерттеудегі  материал 


422
423
Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар
ІІ бөлім. Коммуникативтік парадигмалар
ретінде ғана пайдаланылса, енді ол зерттеудің нысаны, пəні ретінде қа-
ралды.
Тілшілер  мəтіндік  материалдағы  тілді  ғана  емес,  мəтіннің  өзін  де 
өзінің  əдіс-тəсіл,  құралдарын  пайдалана  отырып,  лингвистикалық  мақ-
сатта  зерттей  бастады.  Бұл  лингвистикалық  зерттеулердің  ауқымын 
кеңейтіп, байытты.
Кез келген мəтіннің негізгі қасиеті өзінде жаңа хабар-мəлімет сақтап, 
оны басқаға бере алуында жатыр. Хабар-мəліметтің маңыздылығы қазір-
гі ғылыми-техникалық жəне əлеуметтік ілгерілеу заманында, əсіресе, ар-
тып отыр. Сондықтан, басқа жағын былай қойғанда, мəтін адам-машина 
қарым-қатынасында  негізгі  өңдеу  нысаны  ретінде  маңызды  компонент 
қатарын құрайды (мысалы, автоматтандырылған хабар, машиналы аудар-
ма жүйелерінде).
Мəтіннің өзі тілдің тұлға-бірлігі болмаса да (ол сөздің, қарым-қаты-
нас жүйесінің тұлға-бірлігі), лингвистиканың толыққанды зерттеу ныса-
нына айналды. Мəтінде тілдің тұлға-бірліктері оны жарыққа шығарудың 
құралы ретінде қызмет етеді.
Мəтінді  əр  ғылым  əр  қырынан  тексереді.  Ал  мəтін  лингвистика-
сы үшін əсіресе көңіл бөлетін жағы – мəтін ішінде құрылатын ірі син-
таксистік  тұлға – бірліктер.  Мəтін  лингвистикасы  мəтінді  тілдік  ойлау 
үдерісінің дайын нəтижесі ретінде қарайды.
Мəтіндегі  (мəтінішілік)  құбылыстарды,  олардың  өзара  əсерлесуін, 
тығыз бірлігін мəтіннің ішкі мазмұндық мəнін, мəтін табиғатын анықтай-
тын жайлар деп түсіну керек.
Мəтін – тілдік,  сөздік  (речь),  интеллектуалдық  факторлардың  өзара 
байланыстағы, əсерлесудегі біртұтас кешені.
Мəтінді біртұтас тілдік ойлау жүйесінің тұлға-бірлігі ретінде анықтай-
тын белгілерді көрсетіп талдау керек. Мəтіннің негізгі сапаларының бірі 
– оның ішкі, сыртқы формаларының бірлігі.
Сыртқы  формасы – мазмұндық  жағымен  қоса  алғандағы  тілдік 
құралдар,  олардың  жиынтығы.  Бұл – мəтіннің  тікелей  қабылданатын, 
түсінілетін  жағы.  Ал  түсінілуге  тиіс  мазмұндық  жағы – мəтіннің  ішкі 
формасы.  Бұл – адам  интеллектісінде  қалыптасатын  ой  құрылымы,  ол 
сыртқы форманың əр элементімен емес, тілдік құралдардың барлығының 
жиынтығымен байланысты болады.
Мəтін  мəселесіне  көңіл  бөлу  тілдік  тұлға-бірліктердің  қызмет  етуі 
кезіндегі  жан-жақты  байланыстары  мен  өзара  əсеріне  көңіл  бөлуден 
туған деп айтуға болады.
Мəтінді  тұлға-бірлік  деп  есептейтін  болсақ,  басқа  тұлға-бірліктер 
сияқты, оның да шегін, шама-шарқын белгілейтін объективті меже-мөл-
шерлері  болады.  Онсыз  мəтіннің  белгілерін,  ерекшеліктерін  анықтау 
қиын.
Мəтіннің  негізгі  тұлға-бірлігі  ретінде  күрделі  синтаксистік  тұтас-
тық аталады.
Күрделі синтаксистік тұтастықтар мəтін ішінде бір-бірімен байланы-
сып, ол əртүрлі тəсілдер (құралдар): грамматикалық, лексикалық, инто-
нациялық арқылы жүзеге асады.
Сонымен, мəтін лингвистикасы мəтіннің негізгі тұлға-бірлігі ретінде 
күрделі синтаксистік тұтастықты қарастырады.
Алайда,  мəтінді  тұлға-бірлік  ретінде  ерекшелейтін  белгілерін  анық-
тау  тұтас  мəтін  деңгейінде  жүргізілуі  тиіс  (оның  бөліктері  көлемінде 
емес). 
Көптеген  авторлардың  пікірінше,  мəтіннің  мағыналық  белгілері
болмаса,  формалық  белгілерін  анықтау  қиын.  Мысалы,  Г.В.Колшан-
скийдің  пікірінше,  тек  сөйлем  ғана  құрылымдық  жағынан  аяқталған
тұлға-бірлік бола алады [1]. Ал мəтін ішіндегі сөйлемдердің кез келген 
бірлігі  құрылымдық  аяқталғандық  белгілеріне  ие  бола  алмайды.  Сон-
дықтан  ол  белгілерді  табу  үшін  мəтіннің  мағыналық  жағына  иек  арту 
керек.
Мəтінді  жəне  оның  тұтастай  алғандағы  негізгі  белгілерін  бөліп, 
анықтау  міндеті  мəселені  жаңа  арнаға  түсіреді.  Осыған  байланысты, 
мəтіннің негізгі белгілері ретінде көптеген еңбектерде тұтастық, бірік-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   338   339   340   341   342   343   344   345   ...   374




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет