«сырттай және кешкі, ҚашықТЫҚтан оқыту» факультеті


ортаңғы ми, аралық ми және екі ми сыңарларынан тұрады



Pdf көрінісі
бет12/75
Дата21.04.2023
өлшемі1,17 Mb.
#85147
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   75
ортаңғы ми, аралық ми және екі ми сыңарларынан тұрады. 
Жаңа туған сәбидің миының салмағы орта есеппен 360-390 гр.Жаңа туған ер 
баланың миының салмағы қыздардың миынан салмақтылау болады. Алғашқы 
жылы мидың салмағы екі есе, 3 жаста үш есе ұлғаяды. Бастауыш сынып 
оқушыларының миының салмағы 1250-1300 гр, ересек адамда 1400-1450 гр. 
Алғашқы 6-7 жылдың ішінде баланың миының салмағы ересек адамның миының 
салмағының 4/5 бөлігіндей болады. Мидың толық жетілуі 17-20 жаста байқалады. 
Адамның ақыл-ойы оның миының салмағымен тікелей байланысты емес. 
Дегенмен мидың физиологиялық қалыпты қызмет атқару қабілеті оның салмағы 
900 грамнан төмендегенда және 2100 грамнан асқанда бүзылады; 
Сопақша ми - жұлынның үстіңгі жағында орналасқан. Оның ұзындығы 2,5-3 
см, салмағы 7 г. Ол екі түрлі қызмет атқарады: рефлекторлық және өткізгіштік. 
Сопақша мида тыныс, қан айналыс, сору, шайнау, жұтыну, жөтел, түшкіру, 
сілекей шығару, қарын және қарын асты бездерінің сөлдерін шығаратын нерв 
орталықтары орналасқан және ІХ-ХІІ ми нервтерінің ядролары орналасқан. 
Вароли көпірі — сопақша мидың үстінде орналасқан. Оның ұзыңдығы 2,5 
см. Ол үстіңгі жағыңда ортаңғы мимен, бүйір жақтарында мишықпен шектеседі. 
Сопақша ми мен вароли көпірін артқы ми деп те атайды. Мұның қызметі де 
сопақша ми тәрізді: рефлекторлық және өткізгіштік қызметтерін атқарады. 
Көпірден 5-6 ми нервтері шығады және көпір мен сопақша мидың арасынан VII, 
VIII ми нервтері шығады. Жаңа туған нәрестенің сопақша миы мен көпірінің 
жалпы салмағы 8 гр. 7 жасқа келгенде артқы мидың дамуы аяқталуға 
жақындайды. 
Сопақша мидың арт жағында м и ш ы қ орналасқан. Мишық 3 бөлімнен 
тұрады: мишықтың сырты деп аталатын ортаңғы белім жене мишықтың екі жарты 
шарлары. Мишықтың жарты шарларының үстіңгі сыртқы қабаты сұр затты 
мишықтың қыртысынан тұрады, оның қалыңдығы 1-2,5 мм. Мишықтың қыртысы 
3 қабат болып орналасқан нейрондардан (нерв клеткаларынан) құралған: I - 
сыртқы, молекулярлық; II - ортаңғы, ганглиялық; III - ішкі, түйіршік қабаттары. 
Мишықтың жарты шарларының қалған жері ақ заттан құралған. Ақ затында сұр 
заттың түйірлері -тісті, тығын пішінді және шар тәрізді ядролар орналасқан. 
Мишықтың сыртында сұр заттан құралған екі ядро бар. Ересек адамның 
мишығының салмағы 150 г, оның негізгі қызметі - белгілі бір қозғалысқа 
қатысатын бұлшық еттердің жиырылуының жылдамдығын үйлестіру арқылы 
барлық қозғалыстарды реттеу, яғни қозғалыстар кезінде бұлшық еттердің 
тонусын сақтау. Қорытып айтсақ, мишық - тонустық рефлекстердің жоғары 
дәрежелі реттеушісі болып есептеледі. Бүған қоса, мишық тыныс алуды, жүректің 
соғуын қимылдың түріне байланысты лайықтап отырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет