Суды аз мөлшерде қабылдау организмдегі клеткааралық алмасуды бұзады,
терінің түрі мен көзге көрінетін кілегейлі қабықшалардың түсін өзгертеді, баланы
тез шаршатып, шөліркетеді.Су алмасу гипоталамус (аралық ми), эндокринді
бездер (гипофиз, бүйрек үсті безі) және түтікше капиллярлар жүйесі арқылы
реттеледі, олардың жұмысын ми қабығының үлкен жарты шаралары үйлестіріп
отырады.
Организмдердегі тұздардың мөлшері, олардың түзілуі және шығарылуы
тамақпен бірге пайдалануға ғана емес, сондай-ақ олардың судағы құрамына да
байланысты. Организмдегі минералды тұздардың тепе-теңдігіне балалардың жасы
мен жеке баcының жылдың әр мезгіліндегі ерекшеліктері де әсер етеді.Организм
үшін химиялық элементтердің (фосфор, күкірт, хлор, калий, натрий, магний),
микроэлементтердің кобальт, йод, бром, фтор, никель, марганец және басқалар),
сондай-ақ организмге аспен бірге енетін витаминдердің де маңызы аса зор.
Достарыңызбен бөлісу: