түседі. Бір мүшесі қатты ауырып отырған адамның ауырмайтын сау мүшесіне қол
тиіп кетсе, оның ауру мүшесі одан сайын қатты ауырады. Бұл да басымдылыққа
мысал бола алады. Балаларда басымдылық оңай және жеңіл пайда болады.
Сондықтан да балалардың зейіні тұрақсыз: жаңа тітіркендіргіштер оның миында
басқа орталықтың басымдылығын тудырады. Педагогикада кездесетін
балалардың белсенді зейінін ми сыңарларында басым орталық және шетте
индукциялы тежелудің пайда болуымен түсіндіріледі. Балаларда белсенді зейіннің
ұзақтығы жасына қарай әртүрлі. Кішкентай балаларда белсенді зейін нашар
қалыптасады: тек 7 жасқа таман ол ұзара бастайды, 7 жасар балада - 15 мин, 10
жаста - 20 мин, 12 жаста 25 минутке созылады, 13-15 жас арасында жарты
сағаттай, 16 жаста 40 минутей, ересек адамда 1 сағатқа жуық. Еске алар жай: егер
бала ұзақ уақыт жүмыстың бір ғана түрімен шүғылданса, оның басым орталығы
шаршап, белсенді зейіні төмендейді. Мұндай жағдайда басым нерв орталығы 3
кезеңді өткізеді:
1) басымды орталықтың маңайыңда индукциялық тежелу пайда болып, бала
мазасызданады;
2) басым орталықтың қозуы төмендейді де, шартты нервтік байланыстардың
пайда болуы баяулайды. Бала сабақты түсінбейді, есіңде сақтамайды;
3) басым нерв орталығында шектен тыс тежелу пайда болады, белсенді зейін
жойылады, бала мүлде сабақ тындамайды, тіпті мұғалімнің айтқанын естімейді.
Сондықтан мұғалімдер балалардың сабаққа зейініне көңіл бөлуі шарт. Егер
олар тыңдамай бара жатса, онда еңбектің түрін ауыстыра қою керек. Мысалы,
сабақ түсіндіруді тоқтатып, методикалық картамен жұмыс істету сияқты әдістерді
пайдалануы керек.
Нервтік орталық байланыстың молдылығынан бір нерв клеткасына жүйке
жүйесінің бірнеше жерінен нерв импульстері келуі мүмкін. Әртүрлі талшықтар
арқылы келген қозулардың ұшырасуын к о н в е р г е н ц и я (лат.
конвергенс -
түйісу) деп атайды. Айталық, дыбыс, көру, тері рецепторларынан келген қозулар
бір нейронда түйісуі мүмкін. Жалпы алғанда балалардың жасына қарай ұшырайтын
үйлесімділіктің кейбір кемшіліктері жасы ұлғайған сайын бәсеңдеп, 18-20 жаста
толық жойылады да, үйлестіру қабілеті толық қалыптасады.
Нерв жүйесінің қызметінің негізі - рефлекс. Р е ф л е к с деп сыртқы ортаның
тітіркендіргіштерінің әсеріне нерв жүйесінің қатысуымен организмнің берген
жауабын айтады. Рефлекстің пайда болуына қажетті уақытты р е ф л е к с
у а қ ы т ы немесе рефлекстің л а т е н т т і к е з е ң і деп атайды. Жүйке жүйесінің
рефлекстік қызметіне байланысты организм сыртқы және ішкі ортаның әсерлеріне
тез жауап береді. Барлық рефлекстер дененің бір жеріне - р е ф л е к с а
й м а ғ ы н а - тітіркендіргіш әсер еткенде пайда болады. Рефлекс аймағында
тітіркендіргіштің әсерін сезетін сезгіш рецепторлар орналасады. Рефлекстің
болмысына байланысты рефлекстер қорғаныс, ас қорыту, тамақтану, зәр шығару,
жыныс, тыныс, жүрек-қан тамырлар рефлекстері т.б. болып бөлінеді.
Қозудың орталық жүйке жүйесі арқылы өтетін жолына байланысты жұлын,
қыртыс, мишық, сопақша ми, таламустық, гипоталамустық болып бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: