«сырттай және кешкі, ҚашықТЫҚтан оқыту» факультеті


Қанның пішінді элементтері



Pdf көрінісі
бет50/75
Дата21.04.2023
өлшемі1,17 Mb.
#85147
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   75
3. Қанның пішінді элементтері. Эритроциттер. Қанның пішінді 
элементтеріне эритроциттер, лейкоциттер және тромбоциттер жатады. 
Бұлардың ішіндегі ең көбі э р и т р о ц и т т е р , яғни қанның қызыл клеткалары. 
Олардың саны адамның жынысына байланысты: ер адамда 1 мкл қанда 4,5-5 млн., 
әйелде 4-4,5 млн Қанның қызыл клеткалары ядросыз, диаметрі 7-8 мкм, ал 
қалындығы 2 мкм. Эритроциттердің пішіні екі жағы ойыңқы келетін линза іспетті 
болады." Мұндай пішін клетканың бетінің ауданын үлкейтіп, тасымалдау 
қызметін атқаруын жеңілдетеді, әсіресе оттегін өкпеден дененің күллі 
клеткаларына және ұлпаларына тасуға ыңғайлы етеді. Бұл қызметі 
эритроциттердің құрамындағы белок заты гемоглобиннің қатысуымен 
орындалады. Г е м о г л о б и н курделі зат. Ол г е м деп аталатын, құрамында екі 
валентті темірі бар бояулы заттан және 
г л о б и н белогынан тұрады. Гемоглобин өкпе қуысында оттегімен оңай 
қосылып, о к с и г е м о г л о б и н г е айналады. Оксигемоглобин организмнің 
ұлпаларына қанмен тасылады да, ұлпаларға келгенде оңай ыдырайды, 
нәтижесінде глобин мен оттегі пайда болады. Босаған оттегі ұлпалардың 
клеткаларының тотығуына қатысады, ал глобин белогы ұлпаларда зат алмасуынан 
пайда болған көмір қышқылын қосып алып к а р б о к с и - г е м о г л о б и н г е
айналады. Бұл да жеңіл ыдырайтын қосынды, қанмен өкпеге барып, көмірқышыл 
газын босатады, глобинге қайтадан оттегі қосылады. Сойтіп гемоглобин өкпеден 
ұлпаларға оттегін, ұлпалардан өкпе қуысына көмір қышқыл газын тасиды. Көмір 
қышқьш газы деммен бірге сыртқа шығады. Оттегі мен көмірсутегін қосып алу екі 
валентті темірдің қасиетіне байланысты. Кейбір жағдайда (жыланның уымен 
немесе "иіс газымен" уланғанда) гемоглобиннің құрамындағы екі валентті темір 


үш валентті темірге айналып, ол С0
2
к а р б о г л о б и н деп аталатын берік 
қосылысқа айналады, содан барып уланған адамның денесіндегі тотығуға оттегі 
жетіспей, гемоглобиннің көп мөлшері карбоглобинге айналғаңда бала өліп қалады. 
Мұндай жағдайда уланған адамды жылдам оттегі мол жерге шығару қажет, сонда 
гемоглобин екі валентті темірі бар дұрыс қалпына келіп, адам тірі қалады. 
Эритроциттер қан плазмасының осмостық қысымының өзгерісіне аса 
сезімтал болады. Осмостық қысымның төмендеуі эритроциттерді бұзып, оның 
құрамындағы гемоглобин қан азмасына шығады. Соның нәтижесінде 
эритроциттер өзінің басты міндеті — оттегін тасымалдау қабілетінен айырылады. 
Гемоглобиннің қан аз шамасына шығуын г е м о л и з деп атайды. Гемолиздің 
әсерінен қанның тұтқырлығы айтарлықтай күшейеді де, қан жүрісін қиындатады. 
Егер қанды алып, пробирканың ішіне біраз уақыт қойса, оның құрамындағы 
эритроциттер тұна бастайды да, бетіне қанның сары суы шығады. 
Эритроциттердің т ұ н у ж ы л д а м д ы ғ ы ( ЭТЖ; емханада орысша РОЭ немесе 
СОЭ дейді) қалыпты жағдайда ер адамда 3-9 мм/сағ, әйелде 7-12 мм/сағ 
шамасында 
болады. 
Эритроциттердің 
тұну 
жылдамдығы 
аурудың 
диагностикасында аса маңызды көрсеткіш. 
5-6 жаста 4-5 мм/сағ, қыздарда 7-11 жаста, ер балаларда 7-13 жаста 3-9 
мм/сағ болып, ересек адамдардың эритроциттерінің түну жылдамдығына (7-12 
мм/сағ) жақындайды. 
Адам денесіндегі эритроциттердің өмір ұзақтығы 90-120 күндей, бірақ олар 
үнемі жаңарып отырады: ескілері бауырда жөне басқа мүшелерде ыдырап, жаңа 
жас эритроциттер сүйек кемігінде өндіріліп, қан айналымына қосылады. Алғашқы 
аптадағы эритроциттер ыдырағанда босайтын темір иондары сәбидің терісінде 
қор ретінде жиналады да, тотығып баланың терісі сарғыш тартады. Мұны сәбидің 
"сары ауруы" деп атайды, бірақ ол жұқпалы Боткиннің сары ауруына байланысты 
емес, қордағы темірдің тотығуынан болған. Кейіннен терідегі темір иондары жаңа 
қан клеткаларын түзуге пайдаланылады да, терінің түсі дұрыс қалпына келеді. 
Лейкоциттер. Лейкоциттер - ядросы бар қан клеткалары. Ересек адамның 1 мкл 
қанында 6-8 мың лейкоциттер болады. Баланың иммундық қабілеті (ауруға қарсы 
тұру, қорғану қабілеті) лейкоциттерге байланысты. Лейкоциттер бала 
организмінің жұқпалы, яғни инфекциялық ауруларға қарсы түруын қамтамасыз 
етеді. Қан клеткаларының бүл маңызды қызметін Нобель сыйлығының лауреаты 
орыс ғалымы И. И. Мечников ашқан. Лейкоциттердің бірнеше түрлері бар: а) 
дәңді лейкоциттер немесе гранулоциттер; ә) дәнсіз лейкоциттер, яғни 
агранулоциттер; б) моноциттер. 
Гранулоциттердің 3 түрі бар: нейтрофилдер, эозинофилдер және базофилдер. 
Ал агранулоциттерге лимфоциттер жатады. Қанның құрамындағы лейкоциттердің 
түрлері адамның жасына лайықты мөлшерде шамамен тұрақты болады . Бұл 
тұрақтылықты л е й к о ц и т а р лық ф о р м у л а деп атайды. 
Лейкоциттердің саны мен бір-біріне қатынасы, яғни лейкоцитарлық формула 
түрлі әсерлерге (ауру, ауыр дене жұмысы, ас қабылдау, ұйқы ) байланысты 
өзгеріп отырады. Лейкоциттерді соғысқа кірейін деп тұрған майданнан кейін 
неше адам қалары белгісіз әскерлер тобымен салыстыруға болады. 
Лейкоциттердің саны да сыртқы және ішкі әсерлердің ықпалынан үнемі өзгеріп 


түрады. Сондықтан оның саны мен лейкоцитарлық формуласы тек шамамен 
айтылып, жазылады. Мысалы, егер баланың бір түнгі ұйқысы бұзылса, дереу 
лейкоциттердің жалпы саны мен лейкоцит арлық формуласы өзгереді. Ұйқысы 
жөнделгеннен кейін шамамен қалыпты мөлшеріне жетеді. Сондада болса 
лейкоцитарлық формуланың өзгерісі арқылы кейбір ауруларды анықтауға болады. 
Мысалы, баланың ас қорыту жүйесінде ішек құрттары пайда болса, 
эозинофилдердің пайыздық мөлшері күрт көбейеді. Сондықтан дәрігерлер 
баланың ауруын лейкоцитарлық формула арқылы шамамен анықтап алып, кейін 
оны тереңірек зерттеп, емдейді.Лейкоциттердің жалпы саны жаңа туған нәрестеде 
10-20 мың шамасында болғанмен, өмірінің алғашқы сағаттарында оның саны күрт 
көбейеді. Айталық, туған сәтте 19500 болса, 6 сағатта 22000, 24 сағатта 28000 
дейін кобейеді де екінші тәулікте азая бастайды: 48 сағатта 19500 болады. Ал 5-ші 
тәулікте баланың лейкоциттері күрт төмендейді де, 7-ші тәулікте 8000-11000 
шегіне жетіп, шамамен ересек адамның жоғары деңгейіне шамалас Мезгілінен 
ерте туған сәбилердің лейкоциттерінің саны 3600-36000 шамасында өзгереді. 
Қыздардың қанындағы 10-12 жаста лейкоциттердің саны 6000-8000, яғнй ересек 
адамдай болады. Дегенмен айта кетерлік жай: 1 жастан кейін нейтрофилдердің 
жалпы саны кебейіп, лимфоциттердің жөне лейкоциттердің жалпы саны азаяды. 
Нейтройилдердің санының лимфоциттерден басым болуы әр зерттеушінің 
еңбегінде әртүрлі жазылған. Кейбіреулер 3 жастан, кейбіреулер 5 жастан деп 
жазыпты. Бұл айырмашылық әр баланың жеке басының даму ерекшеліктерінің 
нәтижесіне байланысты болса керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет