Сұлтан екеуміздің қайта табысып, татуласуымыз, Қарасудан балық аулауымыз сөз болады



бет2/29
Дата30.01.2023
өлшемі169,81 Kb.
#63792
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29
Байланысты:
Mienin\' atym K\'ozha - Bierdibiek Sok\'pak\'baiev

Жазушы туралы








СОҚПАҚБАЕВ БЕРДІБЕК
(1924–1991)



15 қазанда Алматы облысының Нарынқол ауылында туған. Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын, кейіннен Мәскеуде Жоғары әдеби курсты бітірген. Біраз жыл ауыл мектебінде бала оқытқан. «Қазақ әдебиеті» газетінде, «Балдырған» журналында, Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында істеген. Қазақстан Жазушылар одағында балалар әдебиеті жөніндегі әдеби кеңесші болған.
Шығармашылық жолын өлеңмен бастап, 1950 жылы «Бұлақ» атты жыр жинағын шығарған. Кейін балалар мен жасөспірімдерге арналған 20-дан астам әңгіме, повесть, роман кітаптарын ұсынды. «Менің атым Қожа», «Балалық шаққа саяхат», «Бозтөбеде бір қыз бар», «Өлгендер қайтып келмейді» және «Қайдасың, Гауһар» секілді туындылары КСРО халықтарының және шетелдердің көптеген тілдеріне аударылып, сахналық, экрандық нұсқаға айналған. 1967 жылы Балалар мен жасөспірімдерге арналған фильмдердің Канн қаласында (Франция) өткен халықаралық фестивалінде «Менің атым Қожа» фильмі (Б.Соқпақбаевтың сценарийі) арнаулы жүлдеге ие болды.
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен марапатталған.



Дерек көзі: http://writers.kz


Кіріспе орнына


Оллаһи, мақтанғаным емес, достарым, шындықты айтып отырмын – әттең жазушы болсам деген арман менің көкейіме ерте ұялады. Үшінші, төртінші кластарда оқып жүргеннің өзінде-ақ ақындық даңқым мектептен асып, бүкіл ауылға жайылды, «ақын бала» атана бастадым.


Бұл сөз бастапқы кезде менің жаныма тікендей қада­лушы еді. Сосын мен мынандай ойға келдім. Талант деген адамға туа бітетін нәрсе. Мен оны ешкімнен сұрап немесе ұрлап алған жоқпын ғой. Олай болса, тағдыр басқа салған соң көнбеске амалым қанша.
Жалпы, үлкен ақындар өлеңді тек шабыты келгенде ғана жазатын көрінеді ғой. Ал менің шабытым қа­шанда қаламымның ұшында жүретін секілді. Тек уақыт тауып отырсам болды, көсілтіп жазып тастаймын. Ол ол ма, кейде тіпті жаңа бастаған дәптерді тез толтыруға асық болып, бүгін пәлен шумақ өлең жазамын деп, жос­­парлап алып та жазамын.
Адам деген өседі ғой. Мен көпе-көрнеу шарықтап өсе бастадым. Өлеңдерім класс, мектеп қабырға газет­терінде тоқтаусыз жарияланатын болып алды. Тіпті мен өзім ұсынғанды қойып, олар өздері жалынып сұрайтын­ дә­режеге жеттім. «Май туралы бір өлең жазып бере қой­шы», – дейді. «Неше шумақ болсын?» «Төрт шумақ», «Жа­райды». Сабақ үстінде отырып-ақ жазып тастаймын. «Тәр­тіп жөнінде бір өлең жазып бере қойшы». «Клас­­та қалғып­ отыратындар жөнінде бір сықақ өлең сүй­кеп жібермес пе екенсің? Бірақ бастан-аяқ жа­ғым­сыз­ болып жүрмесін. Әуелі қалғымай сергек отыратын бір ба­ланы сыпаттап ал. Мінеки, осы секілді заказдар отряд,­ класс қабырға газеттерінен қарша борап түсетін болды.­
Бұның бәрі бір кезде мен үшін зор қуаныш, дәреже­ еді. Бірақ бертін келе үйреншікті нәрсеге айналды да, қанағат болудан қалды. Өлеңдерім неғұрлым көп жа­рия­ланған сайын соғұрлым назар аудармайтын, селт етпейтін болып алдым.
Адамды, меніңше, арман жетелейді алға қарай. Мен енді өлеңдерімнің типография әрпімен теріліп, жұрт ақша төлеп, сатып алып оқитын нағыз шын баспасөзде­ жария­лануын аңсай бастадым. Шіркін, қандай тамаша болар еді. Айталық, мектепке «Пионер» журналының жаңа номері келе қалды. Балаларға жаратып беріп жатыр.­­ Сол кезде журнал бетін бұрынырақ, ашқан біреу: «Ау, мынаны қараңдар. Қожаның өлеңі басылыпты!» – деп айғайлап жіберді... Иә, менің өлеңім. «Қожа Қа­дыров» деп, тайға таңба басқандай айқын жазылған.­
Шіркін-ай, дәл осындай жағдай бола қалса, Жанар қайтер еді? Менің талантыма, өскенде әйгілі ақын-жазушының бірі болатындығыма оның көзі жетер еді-ау. Сосын ол маған, мүмкін, басқаша қарар еді.
Жантас оңбаған қайтер еді? Көре алмай жарылып ке­­тер ме еді? Ол пәле қарап қалар деймісің, «бұл мен біл­­сем, басқа Қожа Қадыров шығар» деуден де тайынбас.­
Күндердің бір күнінде тәуір деген бір топ өлеңімді жотадан басып жүріп, таңдап алдым да, тәуекел деп, Алматыға, «Пионер» журналына айдадым. Менің астананы өлеңмен бомбалауым осылай басталды.
Бірақ, неге екенін білмеймін, сол өлеңдерімнің бір­де-бірі жарияланбады.
– Енді мен тағы бір қулыққа бастым. Әлгі «Пионер­ге» жіберген өлеңдерімді қайта көшірдім де, «Қазақстан­ пионері» газетіне айдадым. Мүмкін соларға ұнап қалар. Жоқ, бұл әдісімнен де түк шықпады. Жіберген өлең­дерімді олар да жаратпады.
Бұған жасыған мен жоқпын, қайта ширыға түстім. Бір-екеуіне ғана жіберіп, өзгелерін құр тастасам, өкпе­лей­тіндей-ақ, енді өлеңдерімді көп дана етіп көшіріп, өзіме аты мәлім газет-журналдарға түгел жібере бастадым (Сондағы қарау ойым: бірі баспаса, бірі басар). Әлгідей етқызу үстінде бір топ өлеңім «Үгітші блокнотына» кетіп қалған екен, соңынан редакция өлеңді қайда ұсынуды білмейтін адамнан қандай ақындық шық­пақшы деп, өзімді бәлем, келемеждеп жауап жазғанда, ұялғаннан жерге кіріп кете жаздадым.
Менің бір риза болатыным – өлең жіберген жердің қай­-қайсысынан да жауап келеді. «Жалпы алғанда, ақын­дық қабілетің бар көрінеді. Бірақ әлі де болса көп ізденіп, көп оқып, үйренуің керек»... деген тәрізді үміт ұш­қынын тастай жазған жылы жауап алсам, төбем көк­ке екі елі жетпей қалады. Шекесіне редакция маркасы қондырылған мұндай хаттарды балалардың бәріне мақтанып көрсетем. Білсін менің кімдермен байланысым бар екенін.
Ал кей хаттардың сөзі қаталдау да, аяусыз боп келе­ді. Аты мәлім ақынның бірі өткен күзде «Саған өлеңмен­ бас қатыруға әлі ерте сияқты. Өлеңдеріңнен өзіндік еш­теңе таба алмадым», – деп жазыпты. Бұл мен үшін төбем­нен тас құлағанмен тең болды. Осы секілді ұнам­сыз жауап алсам, оны өзгелерге көрсетпек түгіл, мек­теп­тегі ақындық даңқыма нұқсан келтірер деп, табанда­ жоямын.
Ақыры редакциялардың қай-қайсынан да көңілім қалып болды. Соларға өлең жіберем деп, конверт, марка­ сатып алып, қанша ақшам қарап болды десеңші. Одан да соның бәрін жиып, конфет алып жесем ғой, мықтап бір жырғамас па едім.
Мейлі, баспаса баспай-ақ қойсын. Оған бола мен арман еткен нысанамнан, сірә да, жалтармаспын. Солардың ызасынан енді міне өлеңді қойып, соқталдай повесть жазғалы отырмын. Бәрі кітаптағыдай болу үшін оқиғаларды тарау-тарауға бөлемін де, әр тарауға ат қоямын. Өтірік ештеңе қоспаймын.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет