Сөж тақырыбы: Топырақ коллоидтар мен топырақтың сіңіру қабілеті. Орындаған


Топырақтың сіңіру сиымдылығы жəне түрлері



бет4/6
Дата15.05.2022
өлшемі32,95 Kb.
#34454
1   2   3   4   5   6
2.Топырақтың сіңіру сиымдылығы жəне түрлері. Коллоидтердің диффузиялы қабатындағы иондар көбінесе алмаспалы реакциялар арқылы топырақ ерітіндісінен ұсталады. Ал коллоидтер көбінесе теріс зарядты болғандықтан, олар негізінен катиондарды сіңіреді. Сіңірілген катиондар коллоидті бөлшектердің сыртында үлкен энергиямен берік ұсталып тұрады да, тек басқа катиондармен ығыстырылады. Сондықтан топырақтың иондар сіңіруі

негізінен катиондар алмасу процесі болып саналады. Мысалы, қара топырақты ас тұзының ерітіндісімен араластырсақ, оның натрий катиондары топырақтағы кальций катиондарын ерітіндіге ығыстырып шығарады:



К. Гедройц жəне басқа зерттеушілердің тəжірибесіне қарағанда, топырақта алмасуы эквиваленттік тең мөлшерде өтеді: ығыстырылған бір еківалентті кальций катионы орнына 2 бір валентті натрий сіңіріледі.

Топырақтың ерітіндідегі тұздар катиондарын сіңіріп, алмаспалы ерітіндігекатиондар ығыстыруын физика-химиялық алмаспалы сіңіру дейді. Бұл топырақтың сіңіру сиымдылығының басты түрі. Оның негізінде біріншіден физикалық сырт энергия арқылы сіңіру (адсорбция) бар да, екіншіден, өзара алмаспалы химиялық реакциялар жатыр. Сіңірілген катионды басқа катион қайтадан ерітіндіге ығыстыра алады. Сондықтан топырақта сіңірілген катиондарды алмаспалы негіздер дейді.Алмаспалы сіңіру сиымдылығы топырақтың тек тым уақ коллоидті бөлшектеріне тан.

Топырақтың майда, бытыранды катиондар алмастыра алатын бөлігін тпырақтың сіңіргіштік кешені дейді. Топырақтың бұл коллоидты бөлігі, органикалық қарашірінді жəне минералдық (шаң, тозан), химиялық қосындылардан құралады. Сондықтан, оны кешенді (жинақты) деп атайды. Ал сіңіргіш деп коллоидті бөлшектердің сыртқы энергиясымен ерітіндіден иондарды сіңіре алатын қабілетін айтады. Топырақтардың сіңіргіштігі əр мөлшерлі: топырақ неғұрлым балшықты, құмбалшықты жəне онда қарашіріндісі көп болса, сəл ғұрлым оның сіңіру қабілеті жоғары, ал карашіріндісі аз құм топырақтың сіңіру кабілеті төмен болады. Топырақтың сіңіре алатын жалпы катиондар жиынтығын сіңіру сыйымы дейді. Оның

мөлшерін кальций катионының милиэквивалентімен (мың рет кішірейтілген санмен) бейнелейді. Алмаспалы сіңірілген негіздерге Са, Мg, Na, Н, К жəне NН4, Fе, АІ катиондары жатады. Құрамында сіңірілген металл катиондары (Na, 61Мg, Са, Fе) бар топырақтарды негіздерге қанық (бай), ал құрамында Н жəне АІ катиондары бар топырақтарды негіздерге тапшы топырақтар дейді.Сіңірілген катиондар топырақ касиеттеріне тікелей əсер етеді. Кальций катионы қара топырақтарда жақсы су, ауа жəне қорек режимін алыптастырады, берік түйіртпектілік, бейтарап (рН-7) орта жасайды. Сіңіру кешенінде Н катионы басым күлгін топырақтар түйіртпексіз болады, оларға нашар су, ауа жəне қорек режимі (құбылым) мен қышқыл орта реакциясы тəн.Ал сіңірілген натрий катионы басым (сортаң, кебір) топырақтардың су, ауа жəне қорек режимі өте нашар, олар түйіртпексіз болады, сондықтан су тисесоңғысы батпаққа айналады, кепсе тас болып қатады да, өндеуге жарамайды,топырақ ерітіндісінің ортасы өте сілтілі болады (рН-8-9). Топырақтың физика-химиялық немесе алмаспалы сіңіру қабілетінің зормаңызы бар. Сол арқылы топырақтарда өсімдіктердін қоректік заттары (элементтер) берік ұсталады. Екіншіден, минералдық тыңайтқыштарды қолдану топырақтың алмаспалы қабілетіне негізделген. К. Гедройц топырақтың алмаспалы сіңіру (физика-химиялық) қабілетінен басқа механикалық,физикалық, химиялық жəне биологиялық сіңіру қабілеттерін бөлген.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет