Сот сараптамасы бойынша есептер



бет34/76
Дата15.04.2023
өлшемі1,44 Mb.
#82767
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   76
Байланысты:
Сот сараптамасы бойынша есептер

Есептер.
Төменде көрсетілген есептер бойынша студенттер қаулы немесе ұйғарым толтырыңыздар. Бірнеше есепті алдын-ала ауызша шығарыңыз. Фабуланы қарастыру кезінде соттың, прокурордың және тергеушінің қандай болжауларын тексеру мақсатында қолжазбатану сараптамасын тағайындау қажет, қандай сұрақтарды қаулы немесе ұйғарымда көрсету керек және қандай материалдарды сараптамаға жіберу қажет, қандай қосымша материалдар мен ақпараттар керек, кешенді сараптама жүргізу қажет па және қандай сарапшылардың қатысуымен берілген сұрақтар шешіледі.


1 Есеп.
Жүргізуші О.Е.Алимов өзінің «Тайота Камри» А583 КВВ, көлігімен Сейфуллина көшесімен келе жатып, оңтүстік бағытқа қарай жүріп бара жатқанда, қысқа мерзімге тоқталып «Қазақстан» кинотеатрынан төмен жол жүру ережесінің 8.1,10.1 б. бұзып, оңтүстікке қарай жүре бергенде «зебрамен» келе жатқан Г.Балгожин азаматын қағып кетті.

  1. Қандай мән-жайларды анықтау үшін сараптама тағайындау қажет ?

  2. Сараптаманы тағайындау кезінде, қандай заттай дәлелдемелер және материалдар қажет ?

  3. Сарапшының алдына қандай сұрақтар қою керек ?



2 Есеп.
24 қазанда 20.. ж. 19 сағ. жүргізуші Н.Сатин В946 ННГ«Фольксваген-пассат» маркілі көлікті Маметова көшесінің бойымен айдап келе жатып, Абылай-хан мен Панфилова қиылысында 29/41 үйдің қарама қарсы жағында Маметова көшесін оңтүстік бағытта өтіп келе жатқан Л.Бекмагамбетованы басып кетті.
Оқиға болған жерді қарау кезіндеү келесі мән-жайлар анықталды:

      1. Маметова көшесінің жүру жолының ара қашықтығы 6 м., асфальті жалпақ.

      2. «Фольксваген-пассат» көлігінің техникалық жағдайы жарамды. 2 жолаушының салмағын көтереді. Көліктің тежеуіш жолы қағып кеткен адаммен 40 см. құрайды, қағып кеткеннен кейін, толық тоқтағанға дейін 1,7 м құрайды, көлік Маметова көшесінің сол жағында орналасқан. Алдыңғы осьтан Маметова көшесінің оңтүстігіне қарай - 4,0 м. құрайды, артқы осьтан сол жерге дейін - 4,0 м. құрайды, тежеуіш жолы 5,7 м. Тежеуіш іздің басынан Л.Бекмагамбетованы қағып кеткен жерге дейін 5,0 м. қағып кеткен жерден Маметова көшесінің оңтүстік жиекке дейін -4,4 м. тежеу жолынын басынан көшенің оң жақ жиекке дейін – 4,0 м.

      3. Л.Бекмагамбетова 54 жастағы әйел, сол жақтан 4,5 км/сағ келе жатқан. Жаяу жүрушінің бөлу сызығына дейін -1,6 м.

      4. Көрудің шолуы шектелмеген.

        1. Қандай мән-жайларды анықтау үшін сараптама тағайындау қажет ?

        2. Сараптаманы тағайындау кезінде, қандай заттай дәлелдемелер және материалдар қажет ?

        3. Сарапшының алдына қандай сұрақтар қою керек ?



3 Есеп.
24.10.200. ж. 2 сағ. А 123 NMM «Фольксваген-пассат» маркілі көліктің жүргізушісі жүргізуші Мишин Гагарин көшесінің солтүстік бойымен жүріп келе жатып, 124 үйдің қарама қарсы жағында көлікті басқара алмай шығыс бағытында орналасқан үш талды қағып ЖКО тудырды. Нәтижесінде, көлік жанып, артта отырған жолаушы Н.Крылов орнында қайтыс болды. Оқиға болған жерді қарау кезінде, алдыңғы оң жақта орналасқан дөңгелек жұлынып кетті.Жүргізушінің айтуы бойынша, көлікті оң жаққа тарта бастады, соның нәтижесінде, ол көлікпен басқара алмай ЖКО ұшырады, көлік тез арада жаңып артқы есік ашылмай, Н.Крылов сол жерде қайтыс болғаның айқындады.

  1. Қандай мән-жайларды анықтау үшін сараптама тағайындау қажет ?

  2. Сараптаманы тағайындау кезінде, қандай заттай дәлелдемелер және материалдар қажет ?

  3. Сарапшының алдына қандай сұрақтар қою керек ?



4 Есеп.
21.06.20.. ж. 22 сағ. шамасында м/н В452 ZNN «Мерседес-Бенц» көліктің жүргізушісі М.Шамиев Навой көшесінің бойымен солтүстікке қарай бағытталып, №21 үйдің қарама қарсы жағында қарсы сызықтағы (встречная полоса) жолға шығып ВАЗ-21213 м/нА582 ТММ көлігімен қақтығысып ЖКО ұшырады. ВАЗ-21213 м/нА582 ТММ көлігінің жүргізушісі Ч.Муратов сол көшенің бойында, оңтүстік бағытқа қарай жүріп келе жатты. «Мерседес-Бенц» көлігі соқтығыстың нәтижесінде аударылып, «Фольксваген-Пассат» м/н А783 ХТТ солтүстік бағытта келе жатқан көлігінің үстіне құлады.
Соқтығыстың нәтижесінде, ВАЗ-21213 көлігінің жүргізушісі Ч.Муратов қайтыс болды, ал көліктегі үш жолаушы ауыруханаға түсті.
Жүргізуші М.Шамиевтің айтуынша, ЖКО болдырмау үшін тормозға басып, сол жаққа қарай бағыттады, бірақ көлік тік жүріп тоқталған жоқ. Көлікті қарау кезінде, алдыңғы сол жақта орналасқан дөңгелек герматизацияланбаған (разгерметизировано).

  1. Қандай мән-жайларды анықтау үшін сараптама тағайындау қажет ?

  2. Сараптаманы тағайындау кезінде, қандай заттай дәлелдемелер және материалдар қажет ?

  3. Сарапшының алдына қандай сұрақтар қою керек ?



5 Есеп.
8.12.20.. ж. «Тайота Марк2» м/н А135 ММТ көлігінің жүргізушісі А.Абдешов Розыбакиева көшесінің солтүстік бойымен келе жатып, 02.сағ.30 мин. шамасында Сатпаева бойының қиылысында жұмыс істемейтін бағдаршам және «Жол беріңіз» деген белгіге қарамастан өтіп кетіп, «Мицубиси-Паджеро» м/н А123 ВНН көлігімен соқтығысып, көліктің жүргізушісі И.Исхановтың денесіне ауыр жарақаттар келтірді.

      1. Қандай мән-жайларды анықтау үшін сараптама тағайындау қажет ?

      2. Сараптаманы тағайындау кезінде, қандай заттай дәлелдемелер және материалдар қажет ?

      3. Сарапшының алдына қандай сұрақтар қою керек ?



6 Есеп.
17.11.20.. ж. қатты мас күйінде «Мицубиси-Паджеро» м/н А378 STN көлігінің жүргізушісі К.Мясников Марков көшесінің бойымен оңтүстік бағытқа келе жатып, 02.30 мин. уақытының шамасында оңға қарай бұрылып, Тимирязева көшесін оңтүстікке қарай жолды өтіп бара жатқан М.Новратиловті қағып, оқиға болған жерден жасырынып, жәбірленушіге орта дәрежедегі зақым келтірді.

  1. Қандай мән-жайларды анықтау үшін сараптама тағайындау қажет ?

  2. Сараптаманы тағайындау кезінде, қандай заттай дәлелдемелер және материалдар қажет ?

  3. Сарапшының алдына қандай сұрақтар қою керек ?





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет