Совет–Хан Єаббасов



бет115/294
Дата08.10.2023
өлшемі3,2 Mb.
#113418
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   294
Нәресте тым тұмса аналар алғашында баласын ұстаудан да суға
әлжуаз да емес түсіруден де, тіпті оны орап бөлеуден де қорқатын
сәттері болады. Олай ойлаудың, тіпті де қажеті жоқ! Өйткені, қандай қозғалыстар жасасаңыз да, нәресте оған бейімделмей иә-ә ыңғайланбай, бейтарап күйінде қала алмайды. Ол да сол қозғалыстарға ыңғай танытады. Тек, не істесең де жайымен бір қалыпты қозғалуды қамтамасыз етсең болды. Байқамай басын сылқ еткізіп алсаң, оған соншама қатты мазаланудың қажеті жоқ. Оны тым орағыштай берудің де керегі шамалы, өйткені нәресте күн өткен сайын өз денесінің қызуын меңгере бастайды. Кейде бірер тәуліктен соң, нәрестенің денесі сарғыштануы да мүмкін, бұл да табиғи құбылыс, бірер аптадан кейін өзінен-өзі жоғалып кетеді. Ендеше, жаңа туған баланы тым әлжуаздыққа баламаған жөн. Еркін де епті қимылдаса жетіп жатыр.

Халқымыздың дәстүрі бойынша, жас ,босанған


Уыздың ананы жаны қалмай күтіп, оның тез көтеріліп сергуіне барлық
мәні жағдайлар жасалынады. Сол күні жақын-тумалары жиналып,
босанған ананы дәмді тағам жас сорпамен қалжаландырады. Дүниеге жаңа келген нәрестенің кіндігін кесіп орап-қымтап алғаннан кейін, көп кідіртпей анасының омырауына салады. Омыраудың не екенін түйсігімен түсінген ол, онан кейінгі шаруаны өзі-ақ біліп іске кірісіп кетеді. Нәресте үшін, бұл бір теңдессіз сәт?! Анасының у ы з ы н а тойған баланың денсаулығы да, асқа деген тәбеті де, тіпті ұйқысы тыныш мінезі байсалды болып жетіле береді. Ал бұрынғы Кеңес дәуіріндегі нәрестені 2-3 тәуліктен кейін ғана, омырауға салатын әдеттің қателігін былай қойғанда, оның қауіптілігі тіпті жаман болатын. Мұндай түсініксіз әрекеттің кімге керек болғаны белгісіз?! Өйткені, бұл – анаға да, әсіресе балаға жасалынған аса үлкен қиянат еді. Тіпті, нәрестенің туғаннан кейін омырауға салмай 4-5 сағат ұстаудың өзі кеш. Алғашқы у ы з ғ а мейірі қанып тоймаған нәрестелер қашан да дімкәс, аурушаң болып келеді. Әсіресе, неше алуан аллергиялық дерттер мен диатездің түрлері, есекжемі, құрқұлақ, құлақтан бұлақ ағу – тәрізді көптеген бала ауруларының белең алуын, нәрестені ешқандай негізсіз у ы з ы н а жарытпаудың зардабы болатын.
Алғашқы у ы з д ы ң құрамында нәрестенің бүкіл иммунобиологиялық жүйесін қалыптастыратын, оны сергек те сезімтал етіп шыңдайтын, әзірше қасиеттері ашылмаған сан алуан белоктың түрлері көп болады. Мұндай заттар, тек у ы з сүттің құрамында ғана кездесетіні белгілі. Ғасырлар бойы қалыптасқан қайыры мол қағидаларды көзсіз еліктеумен мансұқтау, Абайдың сөзімен айтсақ,

Көп айтса көнді,


Жұрт айтса болды-
Әдеті надан адамның –
Бойда қайрат, ойда көз
Болмаған соң, айтпа сөз”
– деп күңіренумен өтті ғой.
Қазақ халқын ұрпағының өз д і л і мен т а ғ ы л ы м ы н а қайтадан бауыр бастырмаса, көрер күні бұдан да сорақы болмақ. Өзінің т і л і мен д і л і н сыйламайтын елді, ешкім де құрмет тұтпақ емес. Бұл – табиғи заңдылық екенін естен шығармаған жөн.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   294




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет