Совет–Хан Єаббасов



бет144/294
Дата08.10.2023
өлшемі3,2 Mb.
#113418
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   294
Емізуді бастау өтем деушінің – аяғы сынбай, маңдайы тасқа тимей
мен мөлшері. қоймайды. Өйткені, халықтың ұрпағына қалдырған тағылымдары ­ өмір тәжірибелерінің қорытындылары болып саналады. Оны жалған ғылымның ұсынысы мен көшірме дәстүрлердің ықпалымен өзгертуге болмайды. Сондықтан анасының жағдайы жақсы болса, іңгәлап өмірге келген нәрестенің кіндігін кесіп, анасын жайлы орынға жатқызғаннан кейін-ақ, оны омырауға салу жасанды кедер-гілермен кідіртудің қажеті жоқ. Себебі, нәресте үшін, анасының алғашқы у ы з ы н ему, тек қорек үшін ғана емес, нәрестенің табиғи и м м у н о б и о л о г и я л ы қ ж ү й е с і н қалыптастыруына да қажет. Бала алғашқы айларында ұзақ ұйықтайтындықтан, анасы әрбір ү ш с а ғ а т сайын бесікте жатқан нәрестесін қозғамай-ақ, омырауын аузына салса жетіп жатыр. Асты құрғақ бала өзіне қажет қоректі емеді де қайыра ұйықтап қалады. Омыраудың иісін түйсігімен сезінетін ол, ұйқылы-ояу емгеніне еш қиналмайды. Мұндай сәттерде Анасы омырауын тек 15-20 минуттан артық бермегені жөн. Өйткені, бала осы мерзім аралығында өзіне қажет сүттің көлемін алып та үлгереді. Егер анасы нәрестесін өзінің омырау сүтімен жарытатын болса, 6-7 айлы-ғына дейін, еш қоспасыз емшек сүтімен қоректендіргені жөн. Одан кейінгі айларда қосымша тамақ беру міндетті түрде ескерілуге тиіс. Нәресте 1 жастан асқан соң дастархан басына да үйреніп, бірте-бірте омыраудан да шығып кетеді.
Жастан асқан бала көргендерін де, естіген мен ұққандарын
Тазалық да, қайталауға құмар-ақ. Енді ол бәрін де өзі істеп үйренуге
тағылымы. үйренуге ұмтылады. Ол осы өзі істемек болған талапынан
оның жаңа мінездері бой көрсетіп, кейде қарама-қайшы қылықтары да байқала бастайды. Міне, ата-ананың тәрбиеге икемділігі мен төзімділіктері де, осындай сәттерде қажет екенін ерекше айтқан жөн. Барлығын бұйрықпен жасатам деуден гөрі, қозғалмалы икемі мол тәрбие әдістерін пайдаланудың берері мол. Себебі, бұл жастағы баланың талпынып жасамақшы болған істерінің бәрі де жылдам да тез, ойдағыдай бола бермейтіндігі де белгілі. Оның үстіне Нәрестенің күнделікті киінуі, жуынуы, суға түсуі, қолаяғының тырнағын алу, танауы мен құлағының ішін тазалау тәрізді тағылымдар үнемі баланың қадеті мен қажеттілігіне айналуын қадағаламай болмайды.
Нәрестені суға түсіру, әжептеуір күрделі жұмыс. Оны оңайлатудың төте тәсілі, сол суға шомылдыруға нәрестенің өзін құмарландыру арқылы шешкен жөн. Ол үшін ең әуелі шомылатын ыдыстың ыңғайлылығы және судың мөлшері мен жылылығы да оны рахатқа бөлеп, жанына жайлы жақсы сезімдерге кенелтуі шарт. Әсіресе, сабынды пайдаланған кезде аса шебер ұқыптылықпен көзіне тигізіп алмай шомылдырса, оның суға деген ынтасы арта бермек.
Нәресте өзінің алғашқы айларында тіпті киіндіру мен шешіндіруді де онша жақтырмайды. Себебі, оның ішке тартар бұлшық еттерінің қуаты әлі де еркін жазылуына ыңғай бермейтіндіктен, қол-аяқтарын созып-жазғанда аз-кем ауырсынулар пайда болады. Бірақ бұл уақытша ғана құбылыс?! Құрсақта жатқан ыңғайынан қалған бұл әдетті, әсіресе анасы нәрестесін суға түсірген соң, оның балбырай бусанған денесін созып-тартып, бар ықыласымен сылап-сипау арқылы жылдам жойып жібере алады. Нәрестенің әрбір ө с у кезеңдері: шалқасынан немесе етпетінен жатуы, отыруы, еңбектеуі, қаз тұрып тәй-тәй басуы, ақырында оның жүре бастауы міне осының барлығы да, тәрбие-тәсілдерін қозғалмалы күймен жетілдіріп отыруды талап ететін сәттер. Халық даналығы айтатын, «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны алады» - дейтін ұғымның мәні осы сәттердегі тәрбиені меңзесе керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   294




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет