Совет–Хан Єаббасов



бет149/294
Дата08.10.2023
өлшемі3,2 Mb.
#113418
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   294
Байланысты:
treatise70934

ә) ЕКI ЖАСАРДЫҢ ТӘРБИЕСI

Бала тiлi – балдан тәттi”


МӘТЕЛ.
Тән саулығы. Екi жастағы баланың дене бiтiмi балғадай болып, өте ықшам да сергек күйге ауысқандығы әжеп-тәуiр байқалып тұрады. Ойлау қабiлеттерi де қуаттанып, айналасын тыным таппай түсiнуге өзiнше қатынас жасауға талпынады. Бұрынғыдай емес күндiзгi ұйқысы азайғандықтан, танымы мен түсiнуiне арнар уақыттары да көбейе түседi. Ол өзiнiң жасаған қимыл-әрекеттерiн еркiне қарай бағындыра алатын халге де жетедi. Мысалы, өзiн-өзi тежеп қозғалмауға, иә баспалдақтан жоғары-төмен өзi жүруге, тiптi аяқтарын алма-кезек ауыстыра секiрудi де тез үйренiп ықшам қимылға жаттыға бастағанын аңғару қиын емес. Бұл кезiнде балалар саусақтарын да кәдiмгiдей меңгерiп, өзiнше суреттер салуға да талпыныс жасайды. Сондықтан, олардың Тәнi мен Жанының үндесе жетiлуiне бағыт берiп, ойлап iстеуiне молырақ мүмкiншiлiктер туғызу шарт. Балбөбектiң қолындағы ойыншығы мен ойнау сәтiндегi тапқырлығын үнемi жетiлдiрумен қоса, оған талап қойып ұқыпты да жинақы болуын қадағалаған жөн.
Бөбектiң қозғалмалы қуаты артқан сайын, оның
Жан саулығы. ойлау қабiлетi де күшейе бередi. Күн өткен сайық қиялдары қанаттанып, iшкi түйсiктерi мен сезiну қасиеттерi тереңдейдi. Екi жасқа толған баланың миы әлдеқайда алғырлана түседi. Оның тiл үйренуге деген ынтасы артып, шамамен 200-ден 500-ге жуық сөздiк қоры қалыптасады. Олардың әлi айтуға тiлi келмегенмен, бiрақ ойындағы сөздерi мұнан да көп болатыны белгiлi. Әйтсе де, бұл жасында бала қат-қабат күрделi ойларды түсiне де қоймайтынын есте ұстанған жөн. Тiптi, олар жалпылама айтылған сөзге де көңiл бөле қоймайды. Тек, нақты қадап айтылуды қалайды. Мысалы, “балалар асқа отырыңдар” – деп жалпылама шақырылса, оған ешқайсысы да құлақ аспайды. Себебi, олардың саралап түсiнулерi әлi де қысқа ұғымдар мен нақты атын атап шақырудан аса қойған жоқ. Бұл шақта олар қиялы мен ойларына тек о й ы н арқылы анықтауға бар ынталарын салады. Далаға шықса аң-таң болып айналасына қарау мен ұстаудан жалықпайды. Олар үшiн көрiп-сезiнгендерiнiң бәрi де жаңалық?! Сондықтан да, олардың: - “бұл не?” “ол не?” – деген сұрақтары таусылмайды. Барынша жадында сақтап, үйге келгеннен соң ойын үстiнде сол естiген мен көргендерiн қайталап пысықтауға кiрiседi. Осы алған әсерлерiмен, олар ендiгi жерде барлық ойындарын қысқа-қысқа мазмұнға құруға тырысады. Бұл олар үшiн аса жауапты да, өте күрделi еңбек екенi белгiлi. Сондықтан, мұндай сәттерде аса көп қуат күштерiн жұмсап шаршаса да, бiрақ бiтiрген ойындарынан соншама мол ләззат та алады. Мiне, балбөбек кезеңiнiң осынау ерекшелiктерiн тәрбие тәсiлдерiне пайдаланып,олардың з е р д е с i мен з е й i н д е р i н жiтi дамытуға тырысу қажет. Әсiресе, осы шақта мидың филогенетикалық астыңғы қабаттарында жатқан ата-баба зердесiмен жалғастыруды, халық педагогикасы мен психологиясының тәрбие тәсiлдерi арқылы қолға алудың берерi мол. Халық тағылымындағы дәстүр-салт тәлiмдерiн бала п с и х и к а с ы н а лайықтап пайдалануды ұсынамыз:

  • балбөбек кезiнде балаға терең де түсiнiктi әсер ететiн ә у е н екенiн ескерiп, оларға халық күйлерiн тыңдатумен қоса, музыкаға қосылып билеудi де ұйымдастырғанның берерi мол. Мысалы, “Ақсақ құлан” немесе “Сары арқа” күйлерiнiң өзi қаншама ұлттық болмысын яки д i л i н оятуға көмектесер едi;

  • халқымыздың ою-өрнектерi мен атақты суретшiлерiмiздiң төл туындыларымен, жәй ғана ойнап тұрған ұлттық әуеннiң астарында көрсетiп елiктiрудiң әсерi ерекше;

ұлттық ойындар;
■ аса шебер орындаған жыраулық және термелiк мақамдарды тыңдату;
■ қысқа-қысқа ертегiлер айту.
Мiне, осындай нақты тәрбие тәсiлдерiмен, кезiнде бесiк жыры арқылы өзара үндестiрiлуге тырысқан – жүрек тәрбиесi мен ақыл тәрбиесi – ендi саналы түрде жоғарыдағыдай тәрбие тәсiлдерiмен тереңдей түседi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   294




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет