Совет–Хан Єаббасов



бет82/294
Дата08.10.2023
өлшемі3,2 Mb.
#113418
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   294
3. ТҮЙІН

Жалпы ұрпақ тәрбиесі мен білім саласын реформалау мың толғанып, жүз ойланатын мәселе. Бұл тұжырымдасадағы – 2015 жылға дейін – деп шамалаған уақыт мөлшері дұрыс сияқты. Себебі, тұрақтала бастаған экономикамыз да, енді-енді бауырын көтеріп келе жатқан ауыл тұрмысы да, уақытты осылай таразылағанды құптайды. Тек, ең әуелі неден бастауды дәл анықтаған жөн. Міне бұл, көп болып кеңесе шешуді ьалап етеді.


Біздер, алдымен реформаның алғы шарттарын жасап, ұлттық мектептеріміздегі, әсіресе ауыл мектебіндегі бұрыннан қалыптасып қалған кемшіліктерді түзеуді ең басты мәселеге жатқызамыз. Сонда, ол қандай мәселе? Осы сауалға қысқа түрде тоқталып көрелік.

    1. Империя тұсынан өгейлік көріп келген, қазақ мектептерінің материалдық базасы аса ауыр екені ешкімге де құпия емес. Сондықтан, жүргізіліп жатқан ауыл жылдарында, бұл ақаудың орнын тотырып, заман талабына сай етіп мектептердің санын да, сапасын да жетілдіруіміз керек;

    2. қаладағы аралас мектептерді – қазақ тілінің қиянатшысы ретінде – тез арада ажыратпасақ, мемлекеттік тілдің жан төгісіз ауыр күйі жалғаса бермек. Ұрпағымызды қолдан мәңгүрттендіру саясатын үзілді-кесілді тоқтату қажет;

    3. әлі толық жазылып бітпеген қазақ тіліндегі оқу құралдарын халқ педагогикасымен негіздеп, жеткілікті түрде шығаруды тездету мен қоса, мазмұн сапасына ерекше талап қою міндеті тұр. Оқулық дайындауда, тағы да жалпақшешейлікке басып, Ресеймен бірігіп щығарамыз дейтін жолбикелерді, оқу-құрал саласынан мүлдем аластаған аластаған жөн;

    4. қазақ мектептерінде «Халық педагогикасының негіздері» атты оқулықты келер жылдан бастап 7,8,9 кластарға пән ретінде енгізу қажет.

    5. ауыл мектептерінде сабақ беретін мұғалімдердің білім сапасын көтеру мен жоғары білімді педагогтармен қамтамасыз етіп уақыт талабына сай жетілдіруді мемлекет өз міндетіне алғаны жөн;

    6. облыстарда педагогикалық университеттерді қайтадан ашып, білім министрлігі кезінде өздері жауып тастаған бес түрлі мәселені қайыра қалпына келтіру қажет.

Олар мыналар:
а) Мектеп күні – бұл қазір мүлдем жоқ.
ә) Тәрбие жұмысының әдістемесі – бұлда жоқ.
б) Педпрактика – бұрынғы 6-7 аптаның орнына, қазіргі 3 апта;
в) Педагогикадан мемлекеттік сынақ – қазір жо.
г) Мұғалімдік этика мен шеберліктің арнаулы курстары – жоқ.

Мінеки, осындай тәрбиенің талқаны шыққан жағдайда нағыз ұстаз дайындау мүмкін бе? Әрине – мүмкін емес! Ендеше, осы сорақылықтарды қалпына келтірмей, білім жүйесін реформалауға ауыз бармайды;



    1. соншама бай ұлттық тарихымызды жүйелеп оқытпасақ, ұрпағымыздың рухани кемтарлығы жалғаса бермек. Құстың қос қанаты тәрізді Ұлттық тарих пен Халықтық педагогика ұлттық санамызды ашып, ұрпағымыздың азаматтық тұлғасын жетілдірмек.

Қысқаша қорытындаласақ, осы айтылған кемшілікті түзетіп алғаннан кейін ғана, ұрпақ тәрбиесі мен білім берудің реформасын ойластыру жөн болмақ Әйтпесе, адам тәрбиесін саяси ойынға айналдырып, ұрпақ тәрбиесін эксперименттеуге ешкімнің де құқы жоқ. Сонымен қоса, бүгінгі таңда жүргізіліп жатқан қисапсыз көп факультатив сабақтарды дереу қысқарту керек. Бұл да ми физиологиясымен есептеудің бірден-бір көрінісі болып табылады. Әрнәрсені оқушыларға тықпалағаннан оның ақылмандығы асып жетілмейді. Қазіргі білім беру саласында бұдан басқа да кемшіоіктер жетіп жатыр. Ең әуелі осыларды реттеу, білім министрлігінің басты міндеті болса керек.

ТҮЙІНІ:


  1. Педагогика мен психологияның бірінші негізі (отбасын құру және ұрық тазалығы).

  2. Текті сақтау мен ұрық тазалығының мәнін түсіну.

  3. ата-баба дәстүрі, оның түрлері, халықтың тегін анықтау.

  4. І –ші негіздің этногеографиялық сипаттары – құда түсу түрлері, қыз ұзату тойы, үйлену тойы, шашу, жар-жар, бет ашар, бата.

  5. Теориялық және методологиялық жаңа көзқарастар, догма, инновациялық жетістіктер.

ТАПСЫРМА-СҰРАҚ.



  1. Жоғарыдағы тақырыптарды жіктеп, кең түрде жауап беру сұралады.

  2. І-ші негіздің өмірдегі көріністері; Психологема 1,2,3,4.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   294




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет