61
68. Бір жүйектен 18 кг, ал екіншісінен 54 кг сәбіз жиналды. Барлық сәбізді
әр себетке 8 килограмнан бөліп салды. Сонда қанша себет болды?
(72,4,576,9).
69. © Үшінші сыныпта 30 оқушы бар. Күніне оларда 5 сабақ болады. Егер
әрбір окушы әр сабақта бір бағадан алса, онда мұғалімдерге күнделікке
қанша баға қоюга тура келеді?
70. © Мектепте 800 окушы бар. Егер әр оқушы сыныпта салмағы 100 грамм
қажет емес шимай дәптер қалдырса, онда 6 оқу күнінде түрлі жарамсыз
қағаздардың салмағы қандай болады?
71. © Маршруттық автобуста 12 отыратын орын бар. Бірақ 3-сыныптың
оқушылары баратын болса, онда орындар 3 есе көп болады. Үшінші
сыныптың оқушылары жүретін кезде маршруттық автобуста қанша орын
болады?
72. Оңтүстік Америкадағы анаконданың ұзындығы 10 м 50 см-ге дейін
жетеді. Егер анаконданың бір оралымы 2 м 10 см болса, ол неше рет
шиыршықталып оралады?
73.
Е
Ң
жуан ағаш - баобаб; оның құлаштағы жуандығы 25,5 м. Егер адамның
құлашы орташа алғанда 150 см екені белгілі болса, баобабты құлаштап алу
үшін неше адам қажет?
Достарыңызбен бөлісу: