Сөз есептер жинағы Мәтін есептермен жұмыс жасау енді тіптен оңай!


Есептерді теңдеудің көмегімен шешу



Pdf көрінісі
бет28/67
Дата06.10.2023
өлшемі1,41 Mb.
#112919
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   67
Есептерді теңдеудің көмегімен шешу
1. Сауытта жаңғақтар болды. Одан 5 жаңғақты алған кезде, онда 2 жаңғақ 
қалды. Сауытта қанша жаңғақ болды? 


86 
2. Сауытга 7 жаңғақ жатты. Одан бірнеше жаңғақты алған кезде, онда 2 
жаңғақ қалды. Сауыттан қанша жаңғақ алды? 
3. Мәликада 10 дәптер болды. Ол бірнеше дәптерді жазып бітіргенде, онда 
6 дәптер қалды. Мәлика қанша дәптер жазып бітірді? 
4. Тәрелкеде 9 шабдалы болды. Бірнеше шабдалыны жеп қойған кезде, 
тәрелкеде 3 шабдалы қалды. Қанша шабдалыны жеп қойды? 
5. Дүкен сөресінде 8 қуыршақ тұрды. Бірнеше қуыршақты сатқан кезде, 5 
қуыршақ қалды. Қанша қуыршақ сатылды? 
6. Жөндеуге 6 орам түсқағаз сатып алды. Бөлмені жабыстырып болғаннан 
кейін, 2 орам тұсқағаз қалды. Жөндеуге қанша орам тұсқағаз кетті? 
 
7. Сауытта 9 алма жатты. Одан бірнеше алма алған кезде, онда 1 алма қалды. 
Сауыттан қанша алма алды? 
8. Сәуленің күнделігінде 3 «бес» деген баға болды. Сәуле тағы бірнеше 
«бес» алғаннан кейін, олардың саны 5 болды. Сәуле тағы қанша «бес» алды? 
9. 6 орындық сырланған болатын. Тағы бірнеше орындықты сырлаған кезде, 
олардың саны 9 болды. Тағы қанша орындық сырланды? 
10. Қарбыз бен қауынның салмағы 12 кг. Қарбыздың салмағы 9 кг. 
Қауынның салмағы қаншаға тең? 
11. Сыныпта 25 оқушы бар. Бірнеше бала ауырып қалған кезде, мектепке 20 
оқушы келді. Қанша бала ауырып қалды? 
12. Әткеншекке 28 бала мінді. Бірнеше бала түсіп қалган кезде, әткеншекте 
21 адам қалды. Қанша бала түсіп қалды? 
13. Автобуста бірнеше адам келе жатты. Автобусқа 14 адам кірген кезде, 32 
адам болды. Автобуста қанша адам келе жатты? 
14. Автобуста 14 адам келе жатты. Аялдамадан бірнеше адам мінді, сонда 
автобуста 25 адай болды. Автобусқа қанша адам кірді? 
15. Мектеп жанында 20 терек өсіп тұрды. Күздігүні тағы бірнеше терек 
отыргызған кезде, олардың саны 43-ке жетті. Күздігүні қанша терек 
отырғызылды? 


87 
16. Бөшкеде 40 литр су болды. Одан суаруға| бірнеше шелек алған кезде, 
онда 31 шелек су қалды. Бөшкеден қанша шелек су алынды? 
17. Спортзалда 18 адам шұғылданды. Залға тағы бірнеше адам келген кезде, 
онда 32 адам болды. Спортзалға қанша адам келді? 
18. Лаура жерге түскен бірнеше жапырақты кептіріп, 15 жапырақты 
құрбысына сыйлады. Осыдан кейін онда 27 жапырақ қалды. Лаура қанша 
жапырақ кептірді? 
19. Тікұшақтан 12 адам шыққан кезде, онда 3 адам қалды. Тікұшақта қанша 
адам болды? 
20. 36 кг қиярды сатқаннан кейін, сатуға 17 кг қалды. Сатушыда қанша 
килограмм қияр болды? 
21. Монтер жөндеуге 43 метр сым жұмсады. Оның әлі 17 метр сымы калды. 
Монтерде қанша метр сым болды? 
22. Гараждан 19 машина шығып кеткеннен кейін, онда 24 машина қалды. 
Гаражда қанша машина болды? 
23. Екі сыныпта 71 адам. Бір сыныпта 32 оқушы. Басқа сыныпта қанша 
оқушы? 
24. Екі сөреде 45 кітап. Оның біреуінде 20 кітап. Екінші сөреде қанша кітап 
тұр? 
25. Бір сыныпта 37 бала оқиды. Олардың 18-і қыз бала. Сыныпта қанша ұл 
бала оқиды? 
26. Сатушыда 40 шар болды. Оның 25 шары - қызыл, ал қалғандары - ақ 
түсті. Сатушыда қанша ақ түсті шар бар?
27. Трамваймен 30 адам келе жатты. Аялдамадан бірнеше адам түсіп қалған 
кезде, трамвайда 23 адам қалды. Қанша адам шығып кетті? 
28. Бір қайық 6 адам таси алады. 24 адамды тасу үшін қанша қайық керек? 


88 
29. Әскери аэродромда 34 ұшақ бар. Әскерй тапсырмаға бірнеше ұшақ 
ұшып кеткенде аэродромда 18 ұшақ қалды. Тапсырмаға қанша ұшақ ұшып 
шықты? (28,62,16,22) 
30. Тыстау шеберханасына 25 кітап әкелді. Бірнеше кітапты тыстаған соң, 
8 кітаптан 2 бума кітап қалды. Қанша кітап тысталды? (9,41,16,17), 
31. Пішенде 140 кг шөп болды. Әрбір сиырға 3 кг шөптен берген кезде, 20 
кг қалды. Барлығы
қанша сиыр болды? (40, 53,360,60) 
 
32. Мектеп аумағында 30 оқушы жұмыс істеп жүрді. Сабаққа бірнеше 
оқушы кетіп қалғаннан кейін, аумақта 20 оқушы қалды. Сабаққа қанша 
оқушы кетіп қалды? (40,10, 50,60 оқушы) 
 
33. Бала досына 6 марка сыйлағаннан кейін, онда 54 марка қалды. Баланың 
барлығы қанша маркасы болды? (48, 58, 54,60 марка) 
34. Айжан бір сан ойлады. Егер одан 10-ды алып тастаса, 40 болады. Айжан 
қандай сан ойлады? (30, 50,20, 60) 
35. !Молдағали, Сәкен, Болат, Төлеген және Қуат мұражайдың ашылуына 
дейін келіп, кезекке тұрды. Егер Молдағали кезектің ортасында тұрса, ол 
Сәкен мен Қуатгың арасында тұрушы еді, ал егер Молдағали кезектің 
соңында тұрса, онда оның жанында Болат тұрар еді. Бірақ Молдағали өзінің 
достарының алдына тұрды. Егер Қуат Сәкеннен кейін тұрғаны белгілі 
болса, кім кімнен кейін тұрды? 
36. !Руслан балық аулап жүрді. Ол өзенге жаяу жүріп барды, ал қайтарда 
велосипедпен келді. Барлық жолға ол 55 минут жұмсады. Келесіде ол өзенге 
дейін жэне қайтар жолды велосипедпен жүруге 30 минут уақыт жұмсады. 
Екі жаққа да жаяу жүруге Русланға қанша уақыт қажет болады? 
37. !Егер әрбір қайыққа 3 адамнан алса, онда жағада 6 адам қалады. Ал егер 
4 адамнан алса, онда жағада 3 адам болады. Қанша қайық және адам болды? 
38. Бірнеше бақылдауық пен 5 шиқылдақ кездесті. Олардың барлығы 27 
болды. Қанша бақылдауық болды? 
39. © Аяз ата мен Ақшақар балаларға 150 сыйлық апара жатты. Орманда 
оларға қасқыр жолығып. бірнеше сыйлықтарын алып қойды. Аязатаның 
қолында бар-жоғы 2 сыйлық қалды, ал Ақшақарда тек қасқырдың артынан 
қуған ағасының таяғы ғана болды. Қасқыр қанша сыйлықты арқалап 
қашты? Ақшақар оны қуып жете алды ма? 


89 
40. © Айым - жылауық қыз. Оның бірнеше көз жасы болды. Таңертең ол 
жылап, 5 көз жасын жұмсады, сонда онда тағы 21 көз жасы қалды! Айым 
бір күнге қанша көз жасын дайындады? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет