164
16. Егер өзен ағысының жылдамдығы 4 км/сағ тең, қайықтың жылдамдығы
24 км/сағ, ал қозғалу уақыты 3 сағ болса, моторлы қайық өзен ағысына
қарсы қанша жолды жүріп өтеді?
17. Егер өтетін жолы 150 км тең, жылдамдығы 25 км/сағ, ал өзен ағысының
жылдамдығы 5 км/сағ тең болса, моторлы қайық өзен ағысы бойымен жолда
неше сағат болады? (2,3,4,5 сағат)
18. Катер өзен ағысымен 30 минут ішінде 45 м/мин жылдамдықпен шағын
ауылдан үлкен ауылға және үлкен ауылдан қалаға дейінгі арақашықтықты
жүріп өтгі. Өзен ағысының жылдамдығы 3 м/мин тең. Егер де үлкен
ауылдан қалаға дейінгі қашықтық белгілі болып, шағын ауылдан үлкен
ауылға дейінгі қашықтық 3 есе қысқа болса, шағын ауылдан үлкен ауылға
және үлкен ауылдан калаға дейінгі арақашықтық неге тең?
19. © А айлағынан ағыспен төмен қарай бір мезгілде катердегі Берік және
салдағы алғашқы қауым адамы жүзіп шықты. Егер де ағынсыз судағы
катердің жылдамдығы 12 км/сағ тең болып, ал ағыс жылдамдығы 3 км/сағ
болса, Берік 3 сағат ішінде таяғы бар алғашқы қауым адамынан қанша
қашықтыққа «қашып» кетеді?
20. © Берік түс көреді: түсінде оны айдаһар қуып жүр екен. Берік биік
жардан өзенге секіріп түсіп, ағысқа қарсы 50 м/мин жүзеді! Өзен ағысының
жылдамдығы 5 м/мин. Берік 3 минуттың ішінде, оны қанатты айдаһар су
бетіне көтергенше, қанша қашықтықты жүзіп өтіп үлгереді?
Достарыңызбен бөлісу: