Специальность "6M075000-Метрология" 1,5 года


Сапа басқарудағы Тагути әдісі туралы не білесіз? Парето диаграммасын түсіндіріңіз



бет14/30
Дата13.12.2022
өлшемі0,55 Mb.
#56883
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   30
13.Сапа басқарудағы Тагути әдісі туралы не білесіз? Парето диаграммасын түсіндіріңіз
Генити Тагути 1924 жылы 1 қантарда Токомати қаласында дүниеге келген.
Тагути алғашында отбасылық кәсіпті жалғастырды, яғни Токомати қаласында текстиль өнімдерін, кимано шығарумен айналысты.
1942 жылы Екінші дүние жүзілік соғыс кезінде Тагути теңіз әскери флотына шақырылды.Соғыстан кейін 1948 жылы атақты статистик Матасабуро Масуямамен бірге жұмыс істеп, статистикаға деген қызығушылығы артады.Генити Тагути (Genichi Taguchi) – атақты жапондық статистик, сапа облысындаға ең жоғарғы марапаттардың лауреаты. Деминг сыйлығымен 4 рет марапатталған. Тагути әдістері бұл термин АҚШ-та пайда болды. Тагути өз концепцияларын “сапа инжинирингі” деп атайды. Тагути әдістері сапа төңірегіндегі мәселелерді шешуге жаңа жол ашады. Тагути идеялары Жапониядв соғыстан кейінгі жылдары белгілі бола бастады. 1951 жылдан Жапонияның "Тойота" фирмасымен тығыз байланысты. "Никеденсо" фирмасы автомобиль электр бөлшектері мен қосалғы бөлшектер өндірісіне Тагути әдісін қолдана бастады. Қазіргі кезде Тагути әдістері ұлттық өнім тиімді құрамды болып табылады. Тагути философиясының негізгі мақсаты бағыты - бір уақытта сапаны көтеріп, бағаны азайту. Статистикалық әдістерге сапа мен баға бөлек қарастырылатын, сондай-ақ бағыттың негізгісі болып сапа саналған. Бұдан Тагути әдістерінің айырмашылығы баға негізгі экономикалық фактор болып саналады.
Әдістің нұсқауы:
Өнімді жоспарлау және шығару үрдісінде қолданылады. Тагути әдісі – сапаны басқарудың әдістерінің бірі.
Әдіс мағынасы:
Тагути әдісі – өнімнің сапа көрсеткішін бағалауға көмектеседі және сапа шығынын анықтайды.
Әрекет ету жоспары:
Өнімнің сапасын және тиімділік жағдайын зерттеу.
Өндіріс орын сызбасын немесе объект моделінің жұмысқа қабілеттілік базалық концепциясын анықтау.
Әдістің ерекшелігі:
Өнімнің сапа көрсеткіштері өлшеніп, анықталмағанша өнімнің сапасы сапалы бола алмайды. Сапа мен бағаның өзара байланысы сапа шығын функциясы арқылы өрнектеледі. Тагутидің бұл формасы 20 ғасырдың басында номинал мен рұқсат ұғымдарын енгізген Тейлор функциясын дамытты.
Тагути концепциясы бойынша, заттың сапа параметрлері рұқсат шаршысының ішінде болса, онда ол номиналға жақындау шамасына тәуелді болады; егер параметр мәні номиналға сәйкес келсе, онда шығын тек тұтынушыға емес, бүкіл қоғам үшін нөлге тең болады. Тагутидің пайымдауынша, сапа неғұрлым жоғары болса, шығын соғұрлым аз болады. Жобалау барысында сапаның орташа мінездемесі анықталады, егер ол бекітілген шектеуден шықпаса, онда бұл мінездеме қабылданады.
Г.Тагутимен құрылған әдіс негізі:
Тәжірибелердің жоспарлануы
Сапаға жұмсалған шығындар негізіндегі үрдістерді басқару
Үрдістерді басқаруды жүзеге асыру және дамыту
Өнімді шығармастан бұрын сапасын тексеру
Сапалы өнімді, қызметті, үрдісті, жүйені қалыптастыру үшін Тагути философиясын қолдану


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет