2)Ақуыз молекулаларында қандай байланыс түрлері бар. Иондық және сутегі байланыстары қалай қалыптасады? Белок молекуласындағы амин қышқылдары түзетін байланыс түрлеріне пептидтік, дисульфидтік, сутектік, иондық, гидрофобтық әрекеттесу жатады.Табиғи белоктардың құрамына кіретін амин қышқылдарының көптігіне қарамастан, белок молекуласындағы амин қышқылдарының байланысу тәсілдері көп емес.Амин қышқылдарының арасындағы байланыстар екі түрлі болады: 1) ковалентті, берік байланыс; 2) ковалентті емес, әлсіз байланыс.
Ковалентті байланыстар.Белок молекуласындағы амин қышқылдарының арасындағы негізгі байланыс - пептидтік байланыс.Пептидтік байланыс бір амин қышқылының карбоксил тобы екінші амин қышқылының α-амин тобымен әрекеттескенде түзіледі. Егер пептидтік байланыс арқылы екі аминқышқылы байланысса дипетид, үш амин қышқылы – трипептид, көп амин қышқылдары әрекеттессе – полипептид түзіледі.Арнайы қабылданған жүйе бойынша пептидтерді атауда бос амин тобы бар аминқышқылы сол жағында, ал бос карбоксил тобы бар амин қышқылы оң жағында жазылады. Сондықтан пептидтің молекуласындағы амин қышқылының реті N-басынан C-соңына қарай белгіленеді.
Дисульфидті байланыс, ол бір немесе екі полипептид тізбектерінің әр түрлі аймақтарында орналасқан екі цистеиндегі тио , сульфгидрил топтарының күкірт атомдарының арасындағы байланыс, бұл байланыс нәтижесінде цистин түзіледі. – S – S –.Бұл байланыс белок молекуласындағы әр түрлі екі полипептидті жалғастырады, немесе бір полипептидтің екі бөлігін жалғастырып, цистин қалдығын түзеді.
Сутектік байланыс. Егер теріс электр зарядты екі атомның біреуі сутегінің атомымен байланысқан болса, сол екі атомның арасында сутектік байланыс қалыптасады. Мысалы, сутегінің атомы оттегінің немесе азоттың атомымен байланысқан болса, онда оттегі атомының теріс электр зарядының күштілігі салдарынан байланыс электрондары оттегі атомына немесе азот атомына ығысады. Осыған байланысты сутегі атомында біршама оң заряд, электр терістілігі басым атомда біршама теріс заряд пайда болады. Оң зарядталған сутегі атомы теріс зарядталған басқа атомға тартылады. Осылайша химиялық емес байланыс – сутектік байланыс – қалыптасады. Бұл байланыс коваленттік байланыспен салыстырғанда әлсіздеу, бірақ ол белгілі белок құрылымын қалыптастыруда үлкен қызмет атқарады.