Стандартты бағдарламалық қамтамасыз ету арқылы цифрлық білім беру ресурстарын әзірлеу Орындаған: Алжанбаева Н. Т. Тексерді: Жаримбетова. Г. К



бет5/6
Дата07.12.2022
өлшемі107,06 Kb.
#55678
1   2   3   4   5   6
ЦБР қойылатын жалпы талаптар:
1. Министрліктің бекіткен нормативтік құжаттарына, қолданыстағы бағдарламаларға және оқулықтың мазмұнына сәйкес болуы.
2. Оқытудың заманауи формаларына бейімделген болуы, оқытудың жоғарғы
интерактивтілігі мен мультимедиалылығын қамтамасыз ету.

Өз бетінше және топпен жұмыс істеуді пайдалануды қамтамасыз ету тиіс.


Білім беру үдерісінде ЦБР – ды қолданудың негізгі әдістері:
Бірінші: жаңа материалды түсіндіргенде немесе жаңа сабақты бекіткенде қолдану әдісі. Бұл жағдайда анимациялық, бейне үзінділер, дыбыстық файлдар, графикалық кескіндерді көрсету сияқты ЦБР – ды пайдаланған дұрыс
Екінші: өзіндік оқу іс – әрекетін ұйымдастырғанда. Бұл жағдайда оқу комплексінің барлық материалдары пайдалы болуы мүмкін.
Үшінші: ЦБР –ды әртүрлі бақылауларды (кіріс, ағымды, кесінді, қорытынды) ұйымдастырғанда. Мұнда бақылау және компьютерлік тестіленуі.
Төртінші: мультимедиялық құралдарды пайдалану арқылы ЦБР – ды нақты бір пән не бағыт бойынша топтастыруға мүмкіндік беретін әдіс.
Бесінші: ЦБР –ды лабораториялық жұмыстарды орындау кезінде.
Алтыншы: жаратылыстану ғылыми циклінің пндері мен информатика және АКТ үшін интерактивті ЦБР –ды жаттықтырушы ретінде қолдану дісін айтуға болады.
Жетінші: өздеріне ыңғайлы уақытта, өз темпінде теориялық материалдар мен танысу.
Сандық білім ресурсы мұғалімді алмастыра алмайды, бірақ мұғалімге қосымша материалдарды ұсынады, яғни сабақ мазмұнын ақпараттық коммуникациялық технологиялардың жаңа мультимедиялық мүмкіндіктерімен толықтыру. Оқушылардың назарын зерделенген көріністердің ерекшеліктеріне шоғырландыруға, оны көрнекі түрде көрсетуге, сабақтың мазмұнын қоғамда болып жатқан өзгерістермен, өмірлік тәжірибелермен, және пәнге деген қызығушылықтарымен және т.б. құбылыстармен байланыстыруын қамтамасыз етуге мүмкіндік беріледі.
ЦБР – ды дамыту жолындағы мақсаттарды жүзеге асыру білім беру үдірісінің барлық қатысушыларынан күш пен ресурстарды бір бағытқа шоғырландыруды талап етеді. Электрондық оқыту жүйесіндегі ақпараттық ресурстарға оқу теледидарының цифрланған материалдарды енгізіліп, арнайы жабдықтаушылардың инварианттық және вариативтық цифрлық білім ресурстары құрылатын болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет