"Стоматологиялық аурулардың алдын-алу,терапиялық стоматология(тіс жегісі және тістің қатты тіндерінің,пульпа және периодонт аурулары)хирургиялық стоматология"



бет2/62
Дата09.01.2023
өлшемі436,89 Kb.
#60694
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   62
Қағып тексеру - перкуссия

  • Айнаның, зондтың, пинцеттің сабымен жүргізіледі

  • Вертикальды перкуссия.

  • Горизонтальды перкуссия.

Сау тістен бастайды (салыстырмалы перкуссия)
Пальпация -сипап тексеру.

  • Ауру сезімін, ісінгенін, домбыққанын, тығыздалғанын, кілегей қабығының қозғалғыштығын, инфильтратын, флюктуацияны (абсцесс пайда болуын) және т. б. анықтау үшін

  • Сипап тексергенде сау жерден бастайды, ақырын зақымдалған (қабынған) жерге жақындап екі саусақпен жүргізуге болады. Тістің түбір ұшы маңайын сипап тексеру.

Қосалқы әдістер:

  • температуралық диагностика;

  • электроодонтодиагностика (ЭОД);

  • рентгенологиялық зерттеу;

  • апекслокация;

  • трансиллюминация;

  • витальды бояу әдіс.

Электроодонтодиагностика

  • Тіс ұлпасының электр қозғыштығын анықтау

  • Арнайы аппарат көмегімен жүргізіледі.

  • Электроодонтодиагностика

  • Тіс ұлпасының электр қозғыштығын анықтау

  • Арнайы аппарат көмегімен жүргізіледі.

  • Сау тістің ұлпасы 2 -6 мк. А шамасындағы токқа тітіркеніп ауыру сезім береді.

  • Ұлпаның қабынуы кезінде бул көрсеткіш әртүрлі деңгейге төмендейді (20 мк. А–ден бастап 60 мк. А –ге дейін)

  • ЭОД 60 мк. А-ден жоғары болса – сауыт ұлпасы өлі еттенгенн.

  • ЭОД 100 мк. А-ден асып кетсе – түбір ұлпасы олі еттенген.

Рентгенологиялық зерттеу
Стоматологиялық клиникада көбінесе қолданады:
Ауызішілік жақынфокусты түйіскен (контактная) рентгенография;
ортопантомография.
Рентгенографияның мүмкіндіктері:

  • Жасырын (скрытые) тісжегі қуыстарды анықтау;

  • Түбір өзектерінің өткізгіштігін анықтау;

  • Түбір өзегінің жұмыс ұзындығын анықтау;

  • Түбір өзектерінің обтурациялау сапасын бақылау;

  • Түбір ұшы маңайындағы тіндерінің жағдайын бағалау;

  • Жақтың сүйек тінінің жағдайын бағалау.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет