Строительные нормы республики казахстан



Pdf көрінісі
бет21/52
Дата10.01.2023
өлшемі1,01 Mb.
#60849
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   52
5.6.6 Медициналық ҥй-жайлар
5.6.6.1 Үй-жай құрамы қысқартылған лагерьлерден басқа, барлық типтегі 
лагерьлерде медициналық шағын топ құрамына медициналық пункт қарастырылуы тиіс. 
5.6.6.2 Медициналық пункт үй-жайларының ең тӛменгі жиынтығында – дәрігер 
кабинеті, ем жасау кабинеті, сонымен қатар изолятор палатасы қарастырылады.
5.6.6.3 Изолятор палаталары ӛтпелі болмауы тиіс.


ҚР ҚН 3.02-16-2014 
17 
5.6.6.4 Медициналық үй-жайларды ішкі әрлеу үшін қолданыстағы нормативтік 
құжаттар талаптарына сәйкес материалдар қолданылуы тиіс.
5.6.7 Лагерьдің профилі бойынша мамандандырылған қҧрылыстар мен 
алаңдар 
5.6.7.1 Барлық типтегі лагерьлерде спорт құрылыстары мен алаңдар қарастырылуы 
қажет.
5.6.7.2 Лагерьдің сыйымдылығына қарамастан, ондағы спорт кешенінің құрамында 
міндетті түрде футбол алаңы болуы тиіс. 
5.6.7.3 Спорт ойындарына (волейбол, баскетбол, бадминтон, үстел теннисі) арналған 
алаңдар саны лагерь сыйымдылығына байланысты есептеледі.
5.6.7.4 Спорт кешенін топтарға жинақтап, тұрғын үйлерден жасыл желектермен бӛлу 
арқылы жобалау қажет.
5.6.7.5 Лагерьдің жанында су қоймасы болған жағдайда, оларды жүзу және судағы 
ойындарды жүргізу негіздеріне үйрететіндей етіп жабдықтау қажет.
5.6.7.6 Сапқа тұру дайындығы ӛтетін алаңның үсті қатты жабынмен қапталып, ашық 
түсті белгілеулер сызылуға тиіс, кӛрнекілік оқу-құралдары және насихат құралдарымен 
жабдықталуы тиіс.
5.6.7.7 Қорғаныс-спорттық лагерь учаскесі кіретін кезінде бақылау-ӛткізу пункті бар 
қоршаумен қоршалуы тиіс.
5.6.7.8 «Жүзуге» немесе «судағы полоға» мамандануы кезінде міндетті түрде суы ас 
әзірлейтін блок қазандығынан жылытылатын жасанды жиналмалы бассейн жобалануы 
қажет.
5.6.7.9 Техникалық шығармашылықтың профильдік лагерьлерінде техникалық 
шығармашылық бойынша жұмыстар түріне арналған қажетті үй-жайлар мен үлгілерді 
сынауға арналған басқару алаңы бар кордодром болуы тиіс.
5.6.7.10 Кӛркемӛнер шығармашылығына маманданған лагерьлерде кӛрермендер 
залы бар клуб корпусы болуы тиіс.
5.6.7.11 Шығармашылық лагерьлерінің мамандандырылған аймақтарының құрамы 
оның негізінде осы лагерлер ұйымдастырылған мектептен тыс мекемелермен анықталады.
5.6.7.12 Сыйымдылығы аз лагерьлерге арналған мәдени орталық құрамына әмбебап 
пайдалану блогын енгізу қажет.
5.6.7.13 Сыйымдылығы жоғары лагерьлерде лагерьдің профилі бойынша сабақтарды 
жүргізуге арналған мамандандырылған блоктарды пайдалану қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет