Строительные нормы республики казахстан


 МАҚСАТЫ ЖӘНЕ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ ТАЛАПТАР



Pdf көрінісі
бет10/61
Дата31.12.2021
өлшемі1,16 Mb.
#22318
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   61
Байланысты:
СН РК 3.04-02-2014 Проектирование бетонных и железобетонных конструкций гидротехнических сооружений

 

4 МАҚСАТЫ ЖӘНЕ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ ТАЛАПТАР  

 

4.1 Нормативтік талаптардың мақсаты  

 

Нормативтік  талаптардың  мақсаты  –  адамдардың  өмірі  мен  денсаулығын,  мүлікті 

және  қоршаған  ортаны  қорғау,  кез-келген  сипаттағы  бұзушылықтарды  болдырмау, 

сондай-ақ  энергия  үнемдеуге  қол  жеткізу  мақсатында  гидротехникалық  құрылыстардың 

бетон және темірбетон құрылыс конструкцияларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету.  

 



ҚР ҚН 3.04–02–2014 

 



4.2 Функционалдық талаптар 



 

4.2.1  Бетон  және  темірбетон  конструкциялары  гидротехникалық  құрылыстардың 

зақымдануынсыз  және  бұзылуынсыз  жобада  қарастырылған  қауіпсіздікті,  ұзақ 

мерзімділікті,  пайдалану  жарамдылығын,  механикалық  және  технологиялық  әсерлердің 

барлық түріне қарсы тұру қабілетін қамтамасыз етуі тиіс.  

4.2.2  Бетон  және  темірбетон  конструкциялардың  қауіпсіздігі,  пайдалану 

жарамдылығы,  ұзақ  мерзімділігі  бетон  мен  арматураның  әртүрлі  түрінің  қасиеттеріне 

қойылатын талаптарды орындауды,  оларға жүктеме сипаты мен қоршаған ортаның әсерін 

қамтамасыз етуі тиіс.  

4.2.3 Гидротехникалық құрылыстардың бетон және темірбетон конструкцияларының 

пайдалануға  жарамдылығын  қамтамасыз  ету  үшін  әртүрлі  есептік  әсерлер  кезінде 

сызаттардың  пайда  болуы  немесе  шамадан  тыс  ашылуы  болмайтындай,  сондай-ақ 

қондырғының,  механизмдердің  қалыпты  жұмысы  бойынша  технологиялық  талаптардың, 

элементтердің  бірлескен  жұмысы  бойынша  конструктивтік  талаптардың  және  басқа  да 

белгіленген  жобалық  талаптардың  бұзушылығын  тудыратын  басқа  да  зақымдаулар 

туындамайтындай бастапқы сипаттамаларға ие болуы тиіс. 

4.2.4 Ұзақ мерзімділіктің жоғары талаптар қойылатын темірбетон конструкцияларға, 

сонымен  қатар  толығымен  созылған  қимада  агрессивтік  ортада  пайдаланылатын 

конструкцияларға қысым астындағы газдар немесе сұйықтыққа қарсы, радиация және т. б. 

әсерге қарсы өткізбеушілік қамтамасыз етілуі тиіс. 

4.2.5  Гидротехникалық  құрылыстар  конструкциялары  ұзақ  мерзімді,  жүктеменің 

ұзақ  әсері,  қолайсыз  климаттық,  технологиялық,  температуралық  және  ылғал  әсерлері, 

алма-кезек  мұздату  және  жібіту,  агрессивті  әсерлер  және  т.  б.  кезінде  қауіпсіздік  пен 

пайдалануға жарамдылықты қамтамасыз етуі тиіс. 

4.2.6  Жүктемелердің  ұзақ  мерзімді  әсерін  ескеру  арқылы  анықталатын  темірбетон 

конструкциялар  мен  олардың  элементтерінің  деформациялары  гидротехникалық 

құрылыстар  қондырғылары  мен  механизмдерін  қалыпты  пайдалану  талаптарынан 

шығатын жобада белгіленген шамалардан аспауы тиіс. 

4.2.7  Бетон  және  темірбетон  конструкцияларды  жобалау  кезінде  бетонға  және 

оларды  құраушыларға,  арматураға  қойылатын  талаптарды  орындау  кезінде  қоршаған 

ортаны қорғау, энергияны үнемдеу және табиғи ресурстарды тиімді қолдану қамтамасыз 

етілуі тиіс. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет