Строительные нормы республики казахстан



Pdf көрінісі
бет23/61
Дата31.12.2021
өлшемі1,16 Mb.
#22318
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   61
Байланысты:
СН РК 3.04-02-2014 Проектирование бетонных и железобетонных конструкций гидротехнических сооружений

ҚР ҚН 3.04–02–2014 

 

11 


5.6.9  Элементтердің  есептік  қималарында  судың  қарсы  қысымының  шамасын 

пайдалану  кезеңінде  конструкция  жұмысының  шартын  ескере  отырып,  конструктивтік 

және технологиялық шараларды ескере отырып анықтау керек. 

Ауқымды  екпінді  және  суасты  гидротехникалық  құрылыстардың  бетон  және 

темірбетон  конструкцияларының  элементтерінде  судың  қарсы  қысымын  көлемдік  күш 

ретінде ескеру және ҚР ҚН 3.04-09 бойынша анықтау қажет. 

Шыбықты  және  плиталық  элементтерде  судың  қарсы  қысымын  қарастыратын 

есептік қимаға салынған созылатын күш ретінде ескеру керек, бұл жағдайда материалдың 

меншікті салмағы өлшеуді ескерусіз алынады.  

Судың  қарсы  қысымын  бетондау  жіктеріне  сәйкес  келетін  қималарды,  сонымен 

қатар тұтас құймалы қималарды есептеген кездегідей ескеру керек.  

5.6.10  Тегеурінді  шыбықты  және  плиталы  элементтердің    есептік  қималарындағы 

қарсы қысым күшін қарсы қысым әсерімен негізделген кернеу эпюрасы ауданына тең деп 

қабылдау керек. 

5.6.11 Көтергіш қабілетті және қалыпты пайдалануға жарамдылығын тексеру кезінде 

ішкі  күштер  (кернеулер)  және  жылжуларды  сызаттың  пайда  болуымен  және  бетон 

қозғалғыштығымен,  материалдардың  кернеулері  мен  деформациялары  арасындағы 

сызықты  емес  тәуелділікпен  негізделген  конструкцияның  серпімді  емес  әрекетін  ескере 

отырып,  сонымен  қатар  құрылыс  салу  және  жүктеу  реттілігін  ескере  отырып  анықтау 

керек. 


Элементтер  қималарындағы  күштерді  (кернеулерді)  конструкциялардың  серпімді 

емес  әрекетін  ескере  отырып,  конструкцияны  есептеу  әдістемесі  әзірленбеген  кезде 

немесе  есептеу  құрылысты  жобалаудың  аралық  кезеңінде  орындалған  жағдайда, 

конструкцияның серпімді жұмысын болжауда анықтауға жол беріледі.  

5.6.12  Статикалық  анықталатын  шыбық  жүйелерін,  жұқа  плиталарды  және 

аркаларды  бірінші  және  екінші  топтардың  шекті  жағдайы  бойынша  есептеген  кезде 

күштерді, жылжуларды және бұрылыс бұрыштарын материалдардың кедергі әдістерімен 

анықтау керек. 

Кернеулер  бойынша  элементтердің  беріктігін  және  сызаттарға  төзімділігін  бағалау 

кезінде (арқалықтар-қабырғалар, консоль қабырғалар, қалың арқалықтар, құбырлар және 

көлемді  элементтер)  соңғылары  серпімділік  теориясы  әдістерімен  немесе  тәжірибе 

жүзінде анықталады.  

5.6.13  Гидротехникалық  құрылыстардың  бетон  және  темірбетон  конструкциялары 

элементтерін  есептеген  кезде  құрылыс  кезеңінің  тұрақты  сипаттағы  қосымша 

байланыстарын  (эстакадалар,  кертікті  конструкциялар,  арқалықтар,  кран  астындағы 

жолдар, жұмыстар өндірісіне арналған қосымша арматура және т. б.) ескеру қажет.  

5.6.14  Гидротехникалық  құрылыстарды  жобалаған  кезде  осы  нормалармен 

регламенттелмейтін  есептеулерді  (алдын  ала  кернелген  конструкциялар  есептері,  жалпы 

жағдайдағы  қималарды  есептеу,  оның  ішінде  орталықтан  тыс  сығылу  қисығына  және 

қисық иілуге есептеу, қысқа консольдерді есептеу, майыстыру және  үзуге есептеу, қалау 

бөлшектерін есептеу және т. б.) қолданыстағы нормативтік құжаттарды көрсету арқылы, 

ал  порт  және  көлік  құрылыстарын  жобалаған  кезде  –  бетон  және  темірбетон 






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет