ҚР ҚН 3.04–02–2014
IV
КІРІСПЕ
Осы құжат Қазақстан Республикасының құрылыс саласындағы нормативтік базаны
реформалау шегінде әзірленді.
Осы құрылыс нормасында:
- нормативтік талаптар мақсаты;
- функционалдық талаптар;
- жұмыс сипаттамаларына қойылатын талаптар бар.
Осы құрылыс нормалары ҚР ҚН «Гидротехникалық имараттардың бетон және
темірбетон конструкцияларын жобалау» «Ғимараттар мен құрылыстардың, құрылыс
материалдары мен бұйымдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық
регламентінің дәлелдемелік базасына кіретін нормативтік құжаттардың бірі болып
табылады және құрылыс саласындағы техникалық кедергілерді жоюға бағытталған.
Осы құрылыс нормалары Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын
құрылыстағы нормативтік құқықтық актілер талаптарына сәйкес әзірленді.
Осы құрылыс нормаларының талаптарын орындаудың қолайлы шешімдері мен
параметрлері ҚР ЕЖ 3.04-102-2014 «Гидротехникалық имараттардың бетон және
темірбетон конструкцияларын жобалау» келтірілген.
|