Су-Жердегі ең таралған және өзінің қасиеттері бойынша ерекше химиялық қосылыстардың бірі. Сусыз өмірдің өзі болуы мүмкін емес



бет9/9
Дата06.06.2022
өлшемі51,88 Kb.
#36406
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Қорытынды

Су ресурстарын экономикалық бағалау: су тұтынушы өндіріс күштерін тиімді орналастыру, суды қорғауға үнемді пайдалануға, экономикалық ынталандыру және оны ұлттық байлық құрамына есептеу үшін қажет болады. Жалпы планетарлық деңгейде су сарқылмайтын ресурстарға жатады. Өйткені оның жалпы планетадағы мөлшері мұхит, атмосфера және құрылықта үнемі жүріп отыратын су айналымы нәтижесінде толықтырылып отырады.Су - тіршілік көзі деп бекер айтылмаған. Себебі алғашқы тіршілік суда басталады. Жердегі ең көп таралған заттың бірі су. Мұхит, теңіз, көл, өзендерден басқа су барлық тірі ағзаның құрамында кездеседі. Мысалға адам ағзасындағы қанның немесе шырынның негізгі құрамы судан тұрады. Кәдімгі құрғақ өсімдік дәнінде де белгілі бір мөлшерде су болады. Кейбір теңіз жәндіктері, мысалыға медузаның 97-98% - ы судан тұрады. Судың құрамында еріген оттегі болғандықтан жануарлар және өсімдіктер тіршілік ете береді. Су көптеген жануарлар мен өсімдіктер үшін тіршілік ортасы болып саналады. Оның құрамындағы жануарлар мен өсімдіктерді құрлықтан кездестіре бермейміз.


Су-Жердегі ең таралған және өзінің қасиеттері бойынша ерекше химиялық қосылыстардың бірі. Сусыз өмірдің өзі болуы мүмкін емес. Механикалық және жылу энергиясын тасымалдаушы су-геосферлер мен жердің географиялық аудандары арасындағы зат пен энергия алмасуда маңызды рөл атқарады.Қорыта айтқанда, су - өмірдің нәрі, ол - өмірдің өзі, сондықтан да оны аялау, оны көзіміздің қарашығындай сақтау – бәріміздің табиғат алдындағы азаматтық борышымыз. Табиғат тепе-теңдігі табиғаттың міндетті заңдылығы, оны оқып-үйрену, танып білу әрбір адамның жоғары саналы, экологиялық мәдениеті қалыптасқан тұлға екендігінің белгісі.

Пайдаланған әдебиет тізімі


  • «Дүние» кітабы.Астана 2005

  • Мамыров Н.Қ ,Тонкопий, Упишов Е.М. «табиғатты пайдалану экономикасы» Алматы 2005

  • «Дүние кітабы».Астана2004

  • Үпішов Е.М, Мұқаұлы С. «Табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғау» 2006


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет