Сурет, сөз ойыны Жарайсыңдар!


Көру қабілеті зақымдалған балалар



бет3/15
Дата07.11.2022
өлшемі21,71 Mb.
#48286
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
2. Көру қабілеті зақымдалған балалар
Қазіргі заманғы педагогикалық тәжірибеде, көптеген елдерде адамдардың көру қызметінің бұзылуына орай, көру қабілеті зақымдалған адамдарды көрмейтіндер,кейіннен көрмей қалғандар және нашар көретіндер деп бөледі.
«Көру қызметінің зақымдану дәрежесі, көз өткірлігінің төмендеу деңгейімен, яғни жақын арақашықтықтан екі жарық нүктені көру мүмкіндігімен анықталады. Қалыпты көру қабілеті – 1,0 диоптрий (д) болып саналады, ол адам 5 м қашықтықта тұрған арнаулы кестедегі әріптер мен белгілердің оныншы жолын анық көре алады. Алдыңғы және одан кейінгі жолдардағы әріптер мен белгілерді көру қабілеті 0,1 д болып есептеледі. Жоғарыда бірінші жолдағы ірі белгілерді ажырата алатын адамның көру қабілеті – 0,1 д, төртінші жолды оқи алса, 0,4 д т.б. 0,1 д төмен көру қабілетін анықтау үшін, саусақтарды санау әдісі пайдаланылады. Саусақтарды санау қабілеті былай анықталады: 5 м – 0,09 д; 2 м – 0,04 д; 0,5 м – 0,01 д; 30 см – 0,005 д.
Жарық пен қараңғылықты ажырату қабілетін, жарықты сезіну деңгейімен анықтайды. Егер адам жарықты мүлде сезінбесе, көру мүмкіндігі – 0 д болып есептеледі. Педагогикалық үдерісте көзілдіріктің көмегімен, балалардың көру анализаторын қолдану мүмкіндігіне қарай, оларды бірнеше топтарға бөлуге болады.
Көру қабілеті зақымдалған балаларды келесі топтарға бөліп қарастырады:
Мүлдем көрмейтіндер – көру сезімі мүлдем жоқ балалар.
Жартылай немесе парциалды көрмейтіндер – олар жарықты сезінеді, пішіндерді ажырата алады, көру мүмкіндігі 0,005 д – 0,04 д.
Нашар көретіндер – бұлардың көру мүмкіндігі 0,05 д – 0,2 д. Бұл балалар ақпаратты осы көру анализаторы арқылы қабылдайды. Оқу, жазу үдерістерінде осыған сүйенеді.
Кемістіктің пайда болу уақытына қарай, балалар екі категорияға бөлінеді:
І. Туа біткен көрмеушілік. Бұл тумысынан көрмейтіндер немесе 3 жасқа дейін көз жанарын жоғалтқандар. Бұлардың көру арқылы бұрынғы алған мағлұматтары жоқ. Сондықтан, барлық психикалық үдерістер басқа органдардың негізінде жүзеге асады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет